"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар

Баяндама

Тақырып: «Білім берудің бірінші сатысында кәсіптік бағдар беру мақсаттарын іске асыру»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген.

 Жалпы білімнің басты үш міндеті бар олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.

Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Бұл жүйенің негізгі объектісі бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушылардың тұлғасы болып табылады. Кәсіптік бағдар бұл – бір – бірімен тығыз әрекеттесетін қоғамдық және жеке тұлғалық жоспарда жүзеге асатын күрделі динамикалық жүйе. Оқушыда 14 – 18 жас өзін – өзі анықтау жасы. Кім болам? Қандай болу керек? Мен не нәрсеге қабілеттімін? Мен қай жерге керекпін?

Міне жоғары сынып оқушыларының алдында осы сұрақ тұрады. Қызықтыратын мыңдаған мамандық бар – олар қандай? Еңбектің түрі адамнан түрлі қасиеттерді талап етеді. Бір жағдай адамнан қарым – қатынас, басқалардан бағынуды талап етсе, басқа кезде қозғалыстың мәдениетін, зейіннің өткірлігін талап етеді. Сүйікті мамандыққа сай қасиеттерді меңгермесе не істеу керек? Осындай көптеген сұрақтар жоғары сынып оқушысына көп ойлануды қажет етеді. Мектептегі кәсіптік бағыт -бағдарды айқындауға ықпал етуші нысандарға:

hello_html_631c7f96.jpg

Қазіргі кезде мектептерде жоғарғы оқу орнына түсу үшін үгіт-насихат жүріп отыр. Осы арқылы оқушы өзі қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар және қалаған мамандық туралы мәлімет жинап алуға болады.

Мектеп оқушыларына осындай бағыт – бағдар мектеп қабырғасында екі кезеңде іске асыруы қажет: біріншісі 5 – 9 сыныптарда кәсіпке бағдарлау болса, екіншісі 10 – 11 сыныпта кәсіпке оқыту болмақ. Әрбір пән мұғалімі өзі оқытатын пәннің бағдарламасы, оқулығы талаптарына сай білім мен тәрбие береді. Оқушының өзі қалаған пәндері бойынша оқытуды күшейтеді.

Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.

Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.

Кәсіптік ақпарат — орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі — өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірікккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.

Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз — мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңа араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.

Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:

— мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау;

— мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу;

Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды. Ал әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен

және технологиялық процестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізулері керек.

   

Қортынды: 

Ұрпақ тәрбиесі — болашақ қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, кәсіпке икемді, ақыл-парасты мол, мәдени ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Жаңартылған күні: 11.01.2021 15:57
Құрылған күні: 11.01.2021 15:57

Текст