"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал ұрпақ" клубының 2020-2021 оқу жылына арналған жоспары

 

«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 Көктерек негізгі мектебі бойынша

«Адал ұрпақ» ерікті

мектеп клубының жұмыс жоспары

2020-2021 оқу жылы

Жалпы ережелер

1.         Осы Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) Тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін белгілейді.

Тәрбие жұмыстың мақсаты және міндеттері

2.Осы Бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.

3.Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:

•          рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;

•          оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;

•          оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;

•          оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.

4.Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:

•          адамгершілік тәрбиелеу мораль дық-этикалық қағидаларын

қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;

•          әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;

•          эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.

           

        «Көктерек негізгі мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы туралы Ережесі

 

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының анты:

«Адал Ұрпақ» еріктілер қатарына қабылдана отырып:

Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Өз отанымды, тілімді қастерлеуге;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге құштар болуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Абройлы, адал, әділетті болуға;

Өз бойымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстануға және оны өз достарымнан талап етуге, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға. Отаныма шексіз қызмет етуге өз үлесімді қосуға салтанатты түрде ант етемін.

 

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерінің құрамы болуы шарт:

Клуб жетекшісі;

Клуб басшысы;

Клуб мүшелері секция жетекшілері-

1.         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясының жетекшісі

2.         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясының жетекшісі

3.         Мәдени көпшілік іс-шаралар секциясының жетекшісі болуы тиіс.

 

 

                                                                  

 

 

 

                                                                                            «Бекітемін»:

                                                                                                        Мектеп директоры:

Маннанова Қ.Н._______

«Көктерек негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020-2021 оқу жылына арналған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының іс-шаралары

Жоспары

Іс-шараның атауы

Мерзімі

Өтілу форматы

Жауаптылар

1

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін ұйымдастыру

қыркүйек

Жиын

Мектеп әкімшілігі

2

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарын бекіту

қыркүйек

Отырыс

Маннанова Қ.Н.

3

Үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышын жасау

Жыл бойы

Стенд

Аға - тәлімгер

4

«Жемқорлыққа жол жоқ!»

қыркүйек

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

5

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу баршамызға ортақ міндет»

қыркүйек

Сынып сағаты

1-3-сынып жетекшілері

6

«Қылмыс пен жаза»

Қыркүйек

Сынып сағаты

5-8-сынып жетекшілері

7

«Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» ата-аналар жиналысын өткізу

 

қыркүйек

Жиналыс

9-сынып жетекшісі

8

«Жемқорлықсыз қоғамға қадам»

қыркүйек

Дебат

Аға-тәлімгер

9

«Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алу» педагогикалық ұжыммен кездесу

Қазан

Кездесу

Мектеп әкімшілігі

10

Еліміздің сайлау қағидаттарына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік-рөлдік ойыны

Қараша

Ойын

Аға-тәлімгер

Клуб мүшелері

11

«Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілермен кездесу

Желтоқсан

Кездесу

Мектеп әкімшілігі

12

«Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет» дөңгелек үстелі

Қаңтар

Дөңгелек үстел

Аға-тәлімгер

13

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы

Ақпан

Байқау

Сынып жетекшілері

14

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу

Наурыз

Әңгіме

Сынып жетекшілері

15

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны

Сәуір

Дебат

Аға-тәлімгер

Клуб мүшелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                    

Жаңартылған күні: 27.01.2020 10:05
Құрылған күні: 09.10.2020 08:42

Текст