"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні

  Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

Мақсаты:    Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну  білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:     Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер

 

   Барысы:

 

1- жүргізуші:     Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар. Арайлы жаздың үш  айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя  мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

 

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

 

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! 

 

Жүргізуші:   

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын!

– деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған

 1-сынып бүлдіршіндеріне  арналады.

 

 Жүргізуші:           

Біраз жылын осында өткізген,

Ұстаздар – ізгі пәк жандар.

Қуана шәкірт қабылдап,

Білімнің көшін жалғаңдар.

Алғашқы әріп үйретер,

 

Молдахметова Бибинур Темирбековнаны шәкірттерімен

қарсы алыңыздар!

 

(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

 

Жүргізуші:

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды енгіземіз.

Назар аударыңыз!  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.

 

Жүргізуші:

Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!

 

(әнұран ойналады)

 

Жүргізуші: Жаңа оқу жылымен сіздерді мектебіміздің меңгерушісі  Маннанова Қарлығаш Нурмухамбетовна құттықтайды.

 

2023-2024  оқу жылына арналған мектеп басшысының бұйрығын таныстыру.

 

 Жүргізуші:          

 Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

Білім көзін ашатынын біледі, —  деп балаларын мектепке   алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға   нұр бітсін демекпіз.

 

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндерді шақырамыз.

Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

 

       /Нуриман 1-сынып/    

Биыл мен де мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер,қаламым.

 

 

 

      /Дильнура 1-сынып/

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

 

Би 1-сынып

 

Жүргізуші:

Отанның біз ұл-қызы,

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын-жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын.

 

Ән:Нуриман

Ал енді  шағын орталық пен 3-4 сынып оқушыларының сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.

/Ару /

Қиындықтан өтуге

Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге

 /Әліби 3-сынып/

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз!

 

/Нурислам 4-сынып/

Бірінші қыркүйек күнімен.

Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем,қарсы алар мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

 

 

   /Ерсұлтан 4-сынып/

Сәлем,саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу,білім,тәрбие

Ой санама еккенің.

 

Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтарына сөз береміз.

 

 

 

 

Ән «Ұстаз»Өміртай Ерсұлтан 4-сынып

 

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі

Алғашқы қоңырау соғылады

 

 

 Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.

 

Жүргізуші:  

 

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне»

арналған  мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

 

(Музыкамен мектепке кіреді)

 

Жаңартылған күні: 11.10.2023 21:28
Құрылған күні: 11.10.2023 21:28

Текст