"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктерек негізгі мектебінің 2019-2020 жылдың II- жартыжылдықтың оқу-тәрбие жұмысының талдауы

Көктерек негізгі мектебінің 2019-2020 жылдың

II- жартыжылдықтың оқу-тәрбие жұмысының талдауы

Мектептің өзекті мәселесі:

«Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық сана сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу»

Мақсаты

  1. Оқу және тәрбие үрдісінде білім алушыларды білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.
  2. Білім алуға деген жеке тұлғаның сұраныстарын қанағаттандыру, функционалдық сауаттылықты жетілдіру.
  3. Мектеп өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының интеллектуалды, рухани және дене бітімінің дамуының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызу.
  4. Мәңгілік ел қазақ халқының ұлттық идеясының құндылықтарын енгізу, рухани жаңғыру аясында бағыт беру.

Оқу-тәрбие жұмысының міндеттері:

  • Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
  • Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімджерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
  • Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
  • Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар ұйымдастыру;
  • Басқа білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның , мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
  • Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, шығармашылық топтардағы ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.
  • Мектепішілік бақылауды күшейту
  • Оқушыларға азаматтық және патриоттық даму мен саясаттық мәдениетін қалыптастыру
  • Салауатты өмір сүру қажеттілігін дамыту және қалыптастыру.

2019-2020 оқу жылының екінші жартыжылдығында Көктерек  негізгі мектебінің оқу тәрбие жұмысы жалпы мектеп жоспарына, талапқа сайкес құрастырылған негізгі қалаушы құжатқа, ҚР білім ұйымының реттеу жұмысына сәйкес жүргізіледі.

-Заң білім бойынша

- Әдістемелік -нұсқаулық  білім стандарты

-Оқу бағдарламалары соның ішінде Қазақстан республикасының  орта білім мазмұның жаңарту оқу бағдармалары

 

 

Мұғалімдердің сапалық құрамы жайлы мәліметтер.

 

р/с

Мұғалімдердің білім сапасы

Біліктілігі

 

Барлығы 

Жоғары

Арнаулы орта

Жоғары

І

ІІ

Разряд

Педагог -модератор

1

8

6

2

0

2

2

2

 

2

 

 

 

            Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында барлық ұстаздар жаңаша оқыту бағдарламасы бойынша  курс өтті. Олар :

  1. Маннанова К.Н.-  мектеп директоры және психолог пәнінің мұғалімі
  2. Молдахметова Б.Т. –  бастауыш сынып мұғалімі және директордың оқу ісінің орынбасары
  3. Касеинова А.З. – орыс тілі пәнінің мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  4. Қуаныш М.Қ.– қазақ тілі пәнінің мұғалімі
  5. Накупова А.М.-бастауыш сынып мұғалімі
  6. Ратай Айнур-кітапханашы
  7. Ергалиева Г.К.-тәрбиеші шағын орталық
  8. Накупов А.С.-дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Көктерек негізгі мектебінің мұғалімдері  Накупов А.С. Қуаныш М.Қ. педагог-модератор  атағына ие болды.

 

 

Мектебімізде 1 жас мұғалім жұмыс істейді:

 

 

Мұғалімнің аты, тегі

Диплом бойынша мамандығы

Сабақ беретін пәні

Өтілі

1

Накупова Айгерім Мұхамедрахымқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тізімі

2019-2020 оқу жылдағы бірінші жартыжылдықта оқушылар саны-24 .

Оның ішінде :

Бастауыш мектеп -6 оқушы

Негізгі мектеп- 18 оқушы

Даярлық тобы-6оқушы

 

2019 -2020 оқу жылындағы оқушылар қозғалысы

Сыныптар

Жыл басында

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

IV тоқсан

Жыл соңында

2-4

6

6

6

     

5-9

17

17

18

     

Барлығы

23

23

24

     
 

            Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы талабын орындау мақсатында тамыз есебі жүргізіліп, жас бойынша балалар тізімі алынды. Тоқсан көлемінде оқушылар қозғалысы қадағаланып, келген –кеткен оқушылар есепке тіркелді. Оқушылардың жеке іс қағаздары жүргізіліп, мақтау қағаздары, табельдері тіркеліп отырылды.

                                     Әр сынып бойынша  мониторингісі

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылының оқушылардың сапалық құрамы

Барлық оқушылар саны   - 24

Үздіктер- 2

Екпінділер – 17

Білім сапасы – 79%

                    2- 4 сынып қорытындысы

Барлық оқушылар саны   - 6

 

Үздіктер- 2

Екпінділер – 3

Білім сапасы – 83%

5 – 9 сынып қорытындысы

Барлық оқушылар саны   - 19

Үздіктер- 0

Екпінділер – 13

Білім сапасы –68 %

 Мектептің 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдыққа арналған оқу – тәрбие жоспарында көрсетілген жұмыстар орындалды. Тоқсан сайын білім сапасы мониторингі жасалып, талдау - сараптау жүргізу, нәтижесін педагогикалық кеңестерде талқылау іске асырылды.

    Мектепшілік іс – шаралар мен іс - әрекеттердің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған.

  Мектепте екі пән бірлестігі жұмыс жасайды. Оларға мұғалімдер пәндерге сәйкес біріктірілген. Пәндер әдістемелік бірлестігінің жұмыстары, оның жыл басында бекітілген жоспарының орындалуы қадағаланып келді. Оларда қаралған мәселелердің өзектілігі мен мектеп үшін тиімділігі басты назарда ұсталып, құжаттары жинақталды.

                    Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Осы бағытта мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру жұмысына ерекше мән беріледі.

Мектепте екі әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.

 

 

ӘБ бастауыш сынып мұғалімдері

 

 

ӘБ гуманитарлық цикл мұғалімдері

Жетекшісі:

    Ратай Айнур

  1. Молдахметова Б.Т.
  2. Накупова А.М.

Жетекшісі:

Қуаныш М.Қ.

1. Касеинова А.З.

2. Сызкен Ж.М

3. Накупов А.С.

 

         Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту».

Мақсаты:

1. Оқыту үрдісіндегі жаңа иновациялық технологияларды оқушылардың білім сапасын арттыруда қолдану.

2. Әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, оқу тәрбие – үрдісінің сапасы мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейін арттыру.

3. Озық педагогикалық тәжірибелерінің зерттелік,жинақталып және өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жетілдіріп отыру.

4. Дарынды оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Мемлекеттік стандарт талабын сақтау.

2. Оқу үрдісінде жаңа технологияларын сабақта кенінен қолдану.

3. Мектепішілік озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау, қолдану.

4. Ғылыми жобаларды жазуды жолға қою ,жас мамандарға көмек қөрсету.

5. Мектепішілік, аудандық олимпиадаларға, семинарларға,педагогикалық оқуларға қатысу.

 Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін,ізденушілігін дамытып,қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру –ең негізгі мақсат болып айқындалады. Биылғы оқу жылында  әдістемелік бірлестіктің жұмысын негізінен  жаңа технологияларды  меңгеруге бағыттадық.

    Мектепшілік іс – шаралар мен іс - әрекеттердің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған.

  Мектеп-жас ұрпаққа білім, саналы тәрбие беретін ордасы. Егеменді  еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу қазіргі заманның сұранысына сай ой-өрісі кең, өзіндік көзқарасы бар,тұлға тәрбиелеу бүгінгі мектептің басты міндеті. Көктерек негізгі білім беру мектебі 1975жылдан бастап жұмыс істейді. Мектеп ғимараты 60 орындық. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Сабақ кестесі негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастылды.
 Мектеп қызметінің оқу – тәрбиелік үрдістің негізгі мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым өз қызметтерін нормативтік құжаттардың талаптарына сай жүргізіп, сонымен қатар мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Мектеп қазақ тілінде білім беретін мекеме болғандықтан оқу-тәрбие жұмысы мен іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жоғары ұйымдарға есептер мен мәліметтер қазақ тілінде тапсырылады. Статистикалық есептер, қаржылық құжаттамалар тиісті мекемелердің жұмыс істеу тілі - ресми тілде жүргізіледі. Мектеп қызметкерлерінің, басқа азаматтардың, ата-аналардың, оқушылардың т.б. өтініштері ана тілдерінде жазылып, жазылған тілде қабылданады. Барлық кәсіпорындармен және мекемелермен хат жазысу, қатынас қағаздары мектеп тарапынан ұдайы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сонымен бірге мектеп ішін безендіру, ақпараттық көрнекілік мәліметтер мемлекеттік тілде жазылады.
 Кадрлармен жұмыс жасау мәселесі әкімшіліктің бақылауында. Әкімшілік өз қызметі барысында кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста. Ұжымдағы моралдік – психологиялық жағдай қанағаттанарлық.


  ҚР Президентінің «Тілдер туралы» Заңын іске асыру мақсатында, мектепте қазақ тілін әдеби тілінде үйрету; ұстаздардың, оқушылардың тіл тазалығын, тіл мәдениетін, тіл орамдылығын, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі жүзеге асырылды. ҚР Президентінің «Үш тұғырлы тіл» ұстанымы бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдер апталықтары, әдеби кештер, ашық сабақтар жоспар бойынша өткізілді. Мектептің іс-құжаттары толық қазақ тілінде жүргізіледі.
Мектебімізде барлық мұғалімдер тренерлік курсты бітірген,арнайы сертификаттары бар.

   Бүгінгі күннің талабы-әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап,алған білім-білік дағдыларын  күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу,сапасын арттырып,саналы да тәрбиелі азамат қалыптастыру.

 Осы мақсатқа жету жолында ұстаздар ұжымы оқу жылының басынан жоспарлы түрде,үлкен ізденіспен жұмыла жұмыс атқарып келеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,нәтиже де жаман емес.
 Осы орайда 2019– 2020 оқу жылында   мектеп ұжымы ҚР-ның «Білім туралы» заңын бұлжытпай орындай отыра  өй –өрісі жоғары , жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымдығы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан –жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу мақсатын алға қоя отырып жұмыс жүргізуде. Мұғалімнің кәсіби  даярлығы жеткілікті болып, алған біліміне сай жаңа технологияны  сабақта  шебер қолдана алатын болса, алдына  қойған  мақсаты айқын, шәкірттеріне қажетті білімді таңдай алуға үйрете білсе ғана тиімді нәтиже болады. Оған жалпы инновациялық педагогикалық технологияны игеру арқылы қол жеткізеді.    

 мазмұнды  онкүндіктер оқушыларды шығармашылыққа тарту,  пәнге Бірлестіктер жыл сайын жоспар  құрып , әр жылғы жетістік пен кемшіліктерді ескере отырып жұмыс жасайды. Жыл сайын пән апталықтары  тақырыпты түрде деген қызығушылықтарын арттыруды көздеп заман талабына сай, қазіргі өмірмен байланыстыра, өткізіледі. Формаларын түрлендіре жасайды.

Мектепте гуманитарлық ,жаратылыстану, бастауыш сынып және сынып жетекшілер бірлестігі жұмыс істейді.

 Қыркүйек айында Тілдер күні  мерекесіне орай өткізілетін онкүндік іс-шаралары жоспарланып өте жоғары дәрежеде болып өтті.

1 жартыжылдықта бастауыш сыныптар апталығы болып өтті,апталық барысында көрме ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жариялайды,  апталықтың ашылуы түрлі  мысалы: «Қайырлы таң, Қазақстан», »Театрландырылған қойылым,Сиқырлы елге саяхат,тағы басқа әдістермен ашылып,бағдарламалармен таныстырылады. Математика,әдебиеттік оқу сабақтарынан ашық сабақтар және ата-аналар қатысуымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Әр апталық соңында отырыс өткізіліп , кеткен кемшіліктермен жетістіктері қорытындыланып ,есептер беріліп, оқушылар марапаталады.

2010-2011 оқу жылынан бері «Балдәурен» шағын орталығы жұмыс істейді.          Сәбилер саны 10,  қуанарлық жай жыл сайын сәбилер   толымдылығы өсуде.  Жыл басындағы бекітілген  жоспар бойынша сабақ өткізіледі .Тәрбиешісі  Ерғалиева Г.Қ.  арнаулы орта білімі бар. Топтағы балалар  әр түрлі жастағы болғандықтан , сабақ кезінде қиындықтар туады , зейіндері тұрақты емес . Сабаққа отыру  кезінде   жылма-жыл   тәрбиешінің төселіп келе жатқандығы байқалады . Сабақта көрнекілік қолданылады, ойнау, сергіту сәті  орынды  пайданылады,  Сәбилерді тарта біледі ,ол мерекелік кештерді өткізген кезде  байқалады. Семинарларға барып , білімін толықтырып отырады.

Сабақ жоспары толымды жазылып отырылады.

Бүлдіршіндердің тілін дамытуға, логикалық ойлау қабілетіне көбірек көңіл бөлу керектігі байқалады. Жыл сайын даярлық тобына бүлдіршіндерді дайындап шығарады.  Бастауыш сынып мұғалімі Есентаева Б.Т. әр сабағы көрнекілікпен, тартымды өтіледі: Балалардың қол машығы қалыптасып келеді, зейіндері жақсы. Әдістемелік отырыста жетістігі ,қиындығы талданып отырылады. 

 Оқушылардың білім – тәрбие саласындағы нәтижелері және олардың интелектуалдық дамуы, мұғалімдердің кәсіби құзырлылығы, олардың сапалық құрамы ,білім деңгейлері, өтілі, даярлық және біліктіліктеріне байланысты .

  Мектепте түрлі сыныптан тыс жұмыстар жүргізіліп отырады.Атап айтсақ, «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Мың бір мақал-жүз бір жұмбақ», 1жартыжылдықта мұғалімдер аудандық  семинарларға, ашық сабақтарға, шығармашылық  топтарға  қатысты. Білім сапасы – мұғалімдер жұмысының  айнасы.Әрине, бұл олимпиада, түрлі интеллектуалдық жарыстардан көрініс табады. Мектепте  оқушылардың пәнге қызығушылық  қабілеті артып келеді. Мұғалімдердің еңбегінің нәтижесінде мектеп оқушылары пән олимпиадарына, сайыстарда, жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз бар.  Аудандық олимпиадаға 9 сыныптан 1 оқушы қатысты: Жолдангарова Алина 2 турға өтті.

  Тоқсан сайын 2,4,5,6,7,8 ,9 сыныптарда:күнделікті қалыптастырушы бағалау, бөлім бойынша жиындық бағалау және тоқсан бойынша жиындық бағалау алынып, қорытындысы шыарылды, рубрика жазылып, ата- аналармен таныстырылды. Пәндер бойынша оқу- тәрбие, әдістемелік, тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында семинарлар, апталықтар, ашық сабақтар  жоспар бойынша өтіп отырады.

Әр әдістемелік бірлестік жұмыс жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Әдістемелік кеңестерде, бірлестік отырыстарында жаңа технологияларды, озат тәжірибелерді игерудің жолдары талданып, тәжірибеге енгізу жолға  қойылған.

Әр әдістемелік кеңесте озық педагогикалық тәжірибелерді таратып, оны сабақ үрдісінде пайдалану, жаңа бағдарламаларды тәжірибелерден өткізу, оқу пәндерінің берілу сапасы, тақырыптық, күнтізбелік жоспарларды талдау, біліктілік санаттарын, құжаттарды  әзірлеу кәсіптік деңгейін көтеруге байланысты курстарға қатысу, жас мамандармен жұмыс, оқу әдістемелік кешенімен қаматамасыз етілуі қарастырылды. Жас мамандарға арналған ,, Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері,, атты семинар өткізілді.  Тәжірибелі ұстаздар  Сақтағанова Н.Н.  және Есентаева Б.Т. ұйымдастыруымен ,, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау- тұлғаның дамуына бағытталған оқыту,,  атты семинар өткізілді. Қаңтар айында кәсіптік іс- әрекетінде қиындық көретін мұғалімдермен практиклық семинар өткізілді.

Сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы қазіргі қоғам талабына сай шығармашылыққа бейім жеке тұлға қалыптастыру мақсатында төмендегідей міндеттерді орындады.:

 Оқытудың жаңа технологияларын, тиімді әдістерді, тәжірибелерді пайдалана отырып білім сапасын көтеру.

  • Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға жағдай жасау;
  • Пәндік сапаны көтеруге байланысты жұмысты жандандыру;
  • Озат тәжірибені оқып үйрену;
  • Зерттеу, тәжірибеге енгізу;
  • Жас мамандарға көмек жұмыстарын ұйымдастыру;

 

  • Әдістемелік апталық, семинарлар өткізу арқылы озат тәжірибелерді насихаттау.

Осы мақсаттарға жету мен міндеттерді орындау үшін төмендегі жұмыстар атқарылды.

 Пән бірлестіктерінің мақсаттары, жұмыс тақырыптары анықталып, жұмыс жоспарлары жасалды.

 Тәлімгерлер тағайындалды., тәлімгерлер жұмысы жоспарланды.

Пән апталықтарының, семинарлардың  кестесі құрылды.

Қазан айында ,, Озат тәжірибе көпке ортақ,, атты семинар өткізілді. Осы айда ,, Келесі оқу сатысына көшудегі сабақтастықты анықтау,, 5 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдермен педконсилиум өткізілді.

  Қаңтар айында мектепішілік ғылыми- әдістемелік конференция өткізілді.  Нәтижесінде мектебіміздің 3 оқушысы аймақтық  мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жоспар бойынша  жас мамандарға арналған семинарлар өтіп отырады.

 « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»жобасы  бойынша  жыл бойына 5 мұғалім жұмыс жасады.

Бастауыш сыныптар бірлестігі бойынша  Есентаева Б  4- сыныпта ашық сабақ берді

А. Касеинова   5-сыныпта ашық сабақ берді.

Ратай Айнур  « Оқушының ынтасы мен шығармашылығының жан- жақты дамыту» атты тақырыбында баяндама оқыды.

 

 

 

 

Көктерек негізгі мектебінің тәрбие жұмысының  I- жартыжылдық есебі

    Көктерек негізгі мектебінде қыркүйектің екінші жұлдызы білім күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Жиынға мектеп оқушыларымен қатар, ұлағатты ұстаздар да атсалысты. Ата – аналар қауымы сөз сөйлеп, өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп жатты.

          

 

Интербелсенді тақтадан слайд көрсетілді. Оқушылардың білімге деген дүниетанымын одан әрі ашуға тырыстық. Осымен жиынымыз өз мәресіне жетті.

    Сонымен қатар, қыркүйек айында мектеп оқушыларымен бірге ұстаздар қауымы бірігіп, көгалдандыру ісіне атсалыстық. Жас көшеттерде отырғызылып, оларға су құйылды

.      

 

    Қазан айының 1 жұлдызында қарттар күніне орай, мерекелік іс – шара жүргізіліп өтті. Іс – шараға барлық оқушылар өте жақсы деңгейде қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ауыл қарттарының барлығы дерлік іс – шараға шақырылып, көңіл – күйлері бір көтерілді. Оқушылардың концертінен басқа, ауданнан әкімнің жұмысын уақытша орындаушы мырза келіп сөз сөйлеп, қарттарымызды мерекесімен құттықтап, өзімен бірге келген жас өнерпаздардың өнерін ортаға салғызды.

  

 

   Салтаннатты жиынымыздың соңында қарттарымыз өздерінің алғыстарын білдіріп, тілектерін айтты. 

    Мектебімізде сынып сағаттары қызықты тақырыпта жүргізіліп тұрады. 6 – сынып жетекшісі Ратай Айнұр мектеп оқушыларыменен  адалдық тақырыбында интербелсенді тақта арқылы ақпараттармен бөлісті.

   

   Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Накупов Адай оқушылармен түстен кейінгі уақытта қызықты эстафеталық ойын түрлерін жүргізіп отырады. Ойын барысында қаппен секіру, ұзындыққа жүгіру т.с.с  болды. Ұлағатты ұстаздардың мерекесіне орай, мектебімізде іс –шара ұйымдастырылып, оқушылар концерттік нөмірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, өз қолдарымен плакат жасап, оған өздерінің сүйікті ұстаздарына ізгі тілектерін жазды. Би биленіп, ән айтылып,барлығы шат – шадыман күйге енді. Көпжылдық ұстаз, қазіргі таңда пенсияға шыққан Майра Тәжімұратқызы шақырылып, ұстаздарға тілегін айтып, сөз соңында марапатталды. 

      

         

  Алтын күз мерекесі де өз деңгейінде жақсы аталып өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп сайысып, күздің ханшайымы мен ханзадасы анықталды. Көптеген қызықты ойындар ойналып, күзгі көкөністерден қолдан салаттар жасалып, әртүрлі бейнедегі мүсіндер құрастырылды. Бала – бақшаның бүлдіршіндері де өнерлерін ортаға салып, ата – аналарының құрметіне ойындар ойнап, түрлі көкөністер болып тақпақ айтып, мәз – мейрам болды.

        

        

Күз тақырыбына байланысты жұмбақтар жасырып, жаңылтпаштар айтып, бір ой сергітіп алды.

 

Осылайша оқушылар күз мерекесін тамаша көңіл – күймен аяқтады.

 Семей полигонының жабылуына атсалысқан Олжас Сүлейменовтың шығармашылығын ауылдарға паш етіп жүрген Уалихан ағамыздың шағын шығармашылық кешіне куә болдық. Айтқан әндерін бірге қосылып айтып, оқушылар би билеп қуанып жатты.   Оқушылармен ойында жүргізілді.

       

 

     Ас атасы – нан демекші, мектебімізде нан күніне орай, оқушылар өздері және ата – аналарының көмегімен қолдан ұн өнімдерінен неше түрлі тәтті тағамдар жасап, оны көрмеге қойып, бір – бірімен жасалу жолдарымен бөлісіп, таң – тамаша болды.

        

Нанның қадірін біліп жүрсін деген мақсатта оқушылармен сынып сағаты да ұйымдастырылды.

 

    Суға кету апатынан сақтау мақсатында  алдын алу шараларын өтікізіп, интербелсенді тақтадан слайдттар көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерімен оқушыларды толықтаныстырып шықтық.

     

Сонымен қатар, мектебімізде қызықты іс – шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Солардың бірін оқу тәжірибесінен өтіп жүрген студент Қанжан Айғазы болашақ ағылшын пәнінің мұғалімі оқушылармен логикалық ойын өткізді.

        

 

      Оқушылар ойын ережесін мұқият тыңдап, асқан қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап шықты.

   Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мектебімізде маска тағу режимі іске асты. Ауруларды жұқтырмау шаралары жайлы сөз қозғалып, жеке бас гигиенасын  қатаң сақтау туралы ережемен оқушылар жете таныс болды.

        

 

  Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты сап түзеумен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оқушылардың барлығы өте жақсы атсалысты. Мектеп директоры Маннанова Қарлығаш Нұрмұханбетовна сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.  Тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Әнұран орындалып, ҚР мемлекеттік туы енгізілді. Оқушылардың тарапынан ән шырқалып, көрініс қойылып, би биленді.

   

        

9 – сынып оқушысы Жолдангарова Алина Аудандық теннис турниріне қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Мектеп директоры Маннанова Қ.Н құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау қағазы мен медальін табыс етті.

      

    Көптен күткен жаңа жыл мерекесі де жақсы деңгейде аталып өтті. Мектебіміздің шағын орталығынан бастап, даярлық тобымен, бастауыш, жоғары сынып оқушыларына дейін мерекеге ерекше атсалысып, бар бойындағы өнерлерін ортаға салды. Көрермендерге Жаңа жылдық көңіл – күй сыйлап, Аяз ата мен Ақшақарды тамашалап, басқа да кейіпкерлерді жақсы сомдап шықты. Осылайша оқушылар ескі 2019 жылды шығарып, Жаңа жылымыз  2020 қарсы алды.

Жаңартылған күні: 27.01.2020 10:11
Құрылған күні: 06.03.2021 18:51

Текст