"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы жартыжылдық есеп

 

               Көктерек негізгі мектебінің тәрбие жұмысының  I- жартыжылдық есебі

    Көктерек негізгі мектебінде қыркүйектің бірінші жұлдызы білім күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Жиынға мектеп оқушыларымен қатар, ұлағатты ұстаздар да атсалысты. Елімізіде болып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты әр сыныпта сынып сағаты болып өтті. Тақырыбы Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және Әбу Насыр әль-Фарабидің 1114 жылдығына арналды. Сынып сағатында әр сынып жетекшілер аталған тақырыптарды баяндама оқып, қосымша ақпараттармен таныстырды. Интербелсенді тақтадан слайд көрсетілді. Оқушылардың білімге деген дүниетанымын одан әрі ашуға тырыстық. Осымен жиынымыз өз мәресіне жетті.     

        

Сонымен қатар, қыркүйек айында мектеп оқушыларымен бірге ұстаздар қауымы бірігіп, көгалдандыру ісіне атсалыстық. Жас көшеттер отырғызылып, оларға су құйылды.                                                                                                            Қыркүйек айында Тілдер күні  мерекесіне орай өткізілетін онкүндік іс-шаралары жоспарланып өте жоғары дәрежеде болып өтті. «Тілдер мерекесі» онкүндігі аясында аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде мектепішілік жоспар құрылып, жоспарға сай іс-шаралар өтті. Атап айтатын болсақ,  «Абай-дана, Абай- дара қазақта» тақырыбында эссе жазу, «Латын графикасына көшу-заман талабы» тақырыбында эссе, «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты кітап көрмесі, «арадагерлерге құрмет» диктант жазу сынды іс –шаралар өткізілді.

 

 

 

 

 

 

Қазан айының 1 жұлдызында қарттар күніне орай мектепішілік жоспар құрылып, жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Карантиндік шектеулерге байланысты оқушыларымыз әлеуметтік желілер арқылы қарттарға жылы лебіздерін білдіріп тілектерін айтып, ашық хат жолдады. Сонымен бірге «Мен және менің ата-әжем» тақырыбында фотоколлаж жасалды, сонымен бірге жас тимуршылар командасы қарттардың үйіне барып ауласында, үйінде көмек көрсетті. Мұның барлығында санитарлық нормалар сақталды.                                  

                                   

 Қазан айында мұғалімдер мерекесі де аталып өтті. Мереке қарсаңында мектепішілік жоспарға сай оқушылар сынып жетекшілеріне арнап қабырға газетін жасап, тілектерін жаудырды. Сонымен бірге бір күн өзін-өзі басқару күні болып өтті.

               

   Алтын күз мерекесі де өз деңгейінде жақсы аталып өтті. Оқушыларымыз әр сынып өз қолдарынан «Күз сыйлықтары» тақырыбында дәнді-дақыл, жеміс-жидектерден түрлі бұйымдар жасап, көрме ұйымдастырды. Соынмен бірге бастауыш буын тақпақтар арнап, әлеумметтік желіде жарияланды.

    

Күзгі каникулды тиімді де қызықты өткізу үшін мектепішілік жоспар құрылып, ұсынылды.  Жоспар бойынша ««Асар» челленджі – балаларға, отбасына, туыстары мен достарына, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру мақсатында өтсе, «Шахмат стратегиясы» отбасылық шахмат ойыны баланың отбасымен бос уақытын тиімді өткізуге жәрдемдеседі. «Кітаптар әлемінде» ертегілер және романдар оқу, «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» отбасымен бірге таңғы жаттығу, «Қазақстан – менің Отаным» балалар суреттерінің онлайн көрмесі мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды. Осындай түрлі іс –шаралар ұйымдастырылды.

                    

   Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Накупов Адай оқушылармен түстен кейінгі уақытта қызықты эстафеталық ойын түрлерін жүргізіп отырады. Ойын барысында қаппен секіру, ұзындыққа жүгіру т.с.с  болды. Күзгі каникул уақытында облыстық «Спорттық демалыс» онлайн байқауына оқуышларымыз қатысып, солардың ішінен Сагадиева Данель, Рахымбек Әмірхан, Бағдат Диана, Жодаңғар Амир, Бағдат Әнел жүлделі 1-ші орындарға ие болды.

                                 

 

    Ас атасы – нан демекші, мектебімізде нан күніне орай, оқушылар өздері және ата – аналарының көмегімен қолдан ұн өнімдерінен неше түрлі тәтті тағамдар жасап, оны көрмеге қойып, бір – бірімен жасалу жолдарымен бөлісіп, таң – тамаша болды.Нанның қадірін біліп жүрсін деген мақсатта оқушылармен сынып сағаты ұйымдастырылды.                                                                                                                                                           

   Сонымен бірге Дүниежүзілік баларады қорғау күніне орай әр сыныпта сынып сағттары болып өтті. Және қысқы мезгілдегі  суға кету апатынан сақтану мақсатында алдын алу шаралары жүргізіліп, интербелсенді тақтадан слайдттар көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерімен оқушыларды толықтаныстырып шықтық.  Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мектебімізде маска тағу режимі қолға алынған. Ауру  жұқтырмау шаралары жайлы сөз қозғалып, жеке бас гигиенасын және санитарлық нормаларды сақтау, мектепішінде ауыз су режимін сақтау   туралы ережемен оқушылар жете таныс болды.                                                                                                                                                               Мектебімізде әр сынып жетекшісінің жоспарына және аудандық білім бөлімінен жіберілген ұсыныс хаттар негізінде апта сайын түрлі тақырыптарда сынып сағаттары жүргізіліп тұрады. Атап Айта кететін болсақ, 7-8 – сынып жетекшісі Ратай Айнұр мектеп оқушыларыменен  адалдық тақырыбында интербелсенді тақта арқылы ақпараттармен бөлісті. Және Тұңғыш Президент күні қарсаңында айлық жоспар негізінде «Тәуелсіздіктің 7 қыры. Жаңғыру жолы.», « Сын сағат», т.б. сол сияқты Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильмдер көрсетілді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында кітапханашының ұйымдастыруымен «Ғасырдың ғажап адамы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты сап түзеумен мерекелік концерт ұйымдастырылды.  Оқушылардың барлығы өте жақсы атсалысты. Мектеп директоры Маннанова Қарлығаш Нұрмұханбетовна сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.  Тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Әнұран орындалып, ҚР мемлекеттік туы енгізілді. Оқушылардың тарапынан ән шырқалып, көрініс қойылып, би биленді. Салтанатты жиын барысында дәстүр бойынша «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Ұйым қатарына «Жас Қыран» ұйымына 1-ші сыныптан 5 оқушы қабылданса, «Жас Ұлан» қатарына 5-ші сыныптан 1 оқушы қабылданды. Жиын барысында оқушыларымыз санитарлық нормаларды сақтай отыра сап түзеп, «Жас Ұлан» ұйымының әнұраны орындалды.  Әлеуметтік желіде ұйымдастырылған «Тіл Тәуелсіздік тірегі» атты челленджге мектебіміздің 3 сынып оқушылары Аятолла Ертуған мен Молдахмет Әбілқайыр және мектепалды даярлық тобы оқушылары да қатысып, өлең жолдарын арнады. 1ші сынып оқушылары да тәуелсіздік күніне орай сурет көрмесін ұйымдастырды.

                                

               

      

Мектепішілік шаралармен бірге оқушыларымыз аудандық, республикалық іс-шараларға белсене қатысып отырады. Атап өтетін болсақ, 9 – сынып оқушысы Сабитова Жаннұр аудандық «Топжарған» сайысына қатысып, жүлделі II- шi орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.  Аудандық теннис турниріне қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Мектеп директоры Маннанова Қ.Н құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау қағазы мен медальін табыс етті. Оқушыларымыз аудандық  онлайн спорт жарыстарына да белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды. Олар: Сәбитова Жаннұр, Рахымбек Темірхан, Жолдаңғар Амир аудандық тоғызқұмалақ жарысынан жүлделі 2-ші орынды иеленсе, шахмат жарысынан Ахметзакиев Дильхан, Бағдат Жанерке жүлделі 2-ші орынға ие болды, молдахмет Мухамедали тоғызқұмалақтан 3-ші орынға ие болды.  Сонымен бірге аудандық балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен өткен «Жемқорлыққа жол жоқ» сурет байқауына мектебіміздің 9 сынып оқушысы Мутагаров Ильнар мен 7 сынып оқушысы Бақытбек Ұнар қатысып, мадақтамамен марапатталды. Оқушыларымыз осымен шектелмей республикалық онлайн сайыстарға да белсене қатысып тұарды. Айтып өтсек, «Ақ Бота» интеллектуалды марафонына барлық жоғары сынып оқушылары қатысты, «Жас өркен» дамыту ортылығының ұйымдастыруымен өткен «Поэзия әлемі» атты шығармашылық байқауына 3 сынып оқушылары Молдахмет Әбілқайыр мен Аятолла Ертуған қатысып,  жүлделі 1-ші, 2-ші орындарға ие болды.  

                           

 

                   

 

            

 

     Көптен күткен жаңа жыл мерекесі де жақсы деңгейде аталып өтті. Мектебіміздің шағын орталығынан бастап, даярлық тобымен, бастауыш, жоғары сынып оқушыларына дейін мерекеге ерекше атсалысып, бар бойындағы өнерлерін ортаға салды. Жаңа жыл қарсаңында әр сынып карантиндік шектеу шараларына байланысты өз сыныптарында атап өтті, сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ән-биден шашу шашты.  Әр сынып қабырға газетін жасап, жаңа жылдық тілектерін білдірді. Жаңа жыл қарсаңында ауылымыздың атқа мінер азаматы өз қаражатынан оқушыларымызға жаңа жылдық тәттілерден дорба сыйға тарту етті.

                        

 

  Алдағы уақытта да оқушыларымыз осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараларға белсене қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалана білуді үйрене бермек.

Жазғы демалыс уақытында мектепішілік жоспарға сай мектеп жанынан жазғы лагерь құрылып, оқушылар лагерь жоспарына сай жұмыстар атқарып, жазғы демалыстарын тиімді өткізетін болады. Лагерьде оқушылар түрлі ойын-сауық, интеллектуалды ойындарға  қатысып, түрлі жаңаша қырынан танылатын болады.

Жаңартылған күні: 12.04.2021 11:53
Құрылған күні: 12.04.2021 11:53

Текст