"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 о.ж. тәрбие жұмысының 2 жартыжылдық есебі

Көктерек негізгі мектебінің тәрбие жұмысының  2- жартыжылдық есебі

    Көктерек негізгі мектебінде қыркүйектің екінші жұлдызы білім күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Жиынға мектеп оқушыларымен қатар, ұлағатты ұстаздар да атсалысты. Ата – аналар қауымы сөз сөйлеп, өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп жатты.

          

 

Интербелсенді тақтадан слайд көрсетілді. Оқушылардың білімге деген дүниетанымын одан әрі ашуға тырыстық. Осымен жиынымыз өз мәресіне жетті.

    Сонымен қатар, қыркүйек айында мектеп оқушыларымен бірге ұстаздар қауымы бірігіп, көгалдандыру ісіне атсалыстық. Жас көшеттерде отырғызылып, оларға су құйылды

.      

 

    Қазан айының 1 жұлдызында қарттар күніне орай, мерекелік іс – шара жүргізіліп өтті. Іс – шараға барлық оқушылар өте жақсы деңгейде қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ауыл қарттарының барлығы дерлік іс – шараға шақырылып, көңіл – күйлері бір көтерілді. Оқушылардың концертінен басқа, ауданнан әкімнің жұмысын уақытша орындаушы мырза келіп сөз сөйлеп, қарттарымызды мерекесімен құттықтап, өзімен бірге келген жас өнерпаздардың өнерін ортаға салғызды.

  

 

   Салтаннатты жиынымыздың соңында қарттарымыз өздерінің алғыстарын білдіріп, тілектерін айтты.  

    Мектебімізде сынып сағаттары қызықты тақырыпта жүргізіліп тұрады. 6 – сынып жетекшісі Ратай Айнұр мектеп оқушыларыменен  адалдық тақырыбында интербелсенді тақта арқылы ақпараттармен бөлісті.

   

   Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Накупов Адай оқушылармен түстен кейінгі уақытта қызықты эстафеталық ойын түрлерін жүргізіп отырады. Ойын барысында қаппен секіру, ұзындыққа жүгіру т.с.с  болды. Ұлағатты ұстаздардың мерекесіне орай, мектебімізде іс –шара ұйымдастырылып, оқушылар концерттік нөмірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, өз қолдарымен плакат жасап, оған өздерінің сүйікті ұстаздарына ізгі тілектерін жазды. Би биленіп, ән айтылып,барлығы шат – шадыман күйге енді. Көпжылдық ұстаз, қазіргі таңда пенсияға шыққан Майра Тәжімұратқызы шақырылып, ұстаздарға тілегін айтып, сөз соңында марапатталды.  

      

         

  Алтын күз мерекесі де өз деңгейінде жақсы аталып өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп сайысып, күздің ханшайымы мен ханзадасы анықталды. Көптеген қызықты ойындар ойналып, күзгі көкөністерден қолдан салаттар жасалып, әртүрлі бейнедегі мүсіндер құрастырылды. Бала – бақшаның бүлдіршіндері де өнерлерін ортаға салып, ата – аналарының құрметіне ойындар ойнап, түрлі көкөністер болып тақпақ айтып, мәз – мейрам болды.

        

        

Күз тақырыбына байланысты жұмбақтар жасырып, жаңылтпаштар айтып, бір ой сергітіп алды.

 

Осылайша оқушылар күз мерекесін тамаша көңіл – күймен аяқтады.

 Семей полигонының жабылуына атсалысқан Олжас Сүлейменовтың шығармашылығын ауылдарға паш етіп жүрген Уалихан ағамыздың шағын шығармашылық кешіне куә болдық. Айтқан әндерін бірге қосылып айтып, оқушылар би билеп қуанып жатты.   Оқушылармен ойында жүргізілді.

       

 

     Ас атасы – нан демекші, мектебімізде нан күніне орай, оқушылар өздері және ата – аналарының көмегімен қолдан ұн өнімдерінен неше түрлі тәтті тағамдар жасап, оны көрмеге қойып, бір – бірімен жасалу жолдарымен бөлісіп, таң – тамаша болды.

        

Нанның қадірін біліп жүрсін деген мақсатта оқушылармен сынып сағаты да ұйымдастырылды.

 

    Суға кету апатынан сақтау мақсатында  алдын алу шараларын өтікізіп, интербелсенді тақтадан слайдттар көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерімен оқушыларды толықтаныстырып шықтық.

     

Сонымен қатар, мектебімізде қызықты іс – шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Солардың бірін оқу тәжірибесінен өтіп жүрген студент Қанжан Айғазы болашақ ағылшын пәнінің мұғалімі оқушылармен логикалық ойын өткізді.

        

 

      Оқушылар ойын ережесін мұқият тыңдап, асқан қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап шықты.

   Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мектебімізде маска тағу режимі іске асты. Ауруларды жұқтырмау шаралары жайлы сөз қозғалып, жеке бас гигиенасын  қатаң сақтау туралы ережемен оқушылар жете таныс болды.

        

 

  Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты сап түзеумен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оқушылардың барлығы өте жақсы атсалысты. Мектеп директоры Маннанова Қарлығаш Нұрмұханбетовна сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.  Тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Әнұран орындалып, ҚР мемлекеттік туы енгізілді. Оқушылардың тарапынан ән шырқалып, көрініс қойылып, би биленді.

   

        

9 – сынып оқушысы Жолдангарова Алина Аудандық теннис турниріне қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Мектеп директоры Маннанова Қ.Н құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау қағазы мен медальін табыс етті.

      

    Көптен күткен жаңа жыл мерекесі де жақсы деңгейде аталып өтті. Мектебіміздің шағын орталығынан бастап, даярлық тобымен, бастауыш, жоғары сынып оқушыларына дейін мерекеге ерекше атсалысып, бар бойындағы өнерлерін ортаға салды. Көрермендерге Жаңа жылдық көңіл – күй сыйлап, Аяз ата мен Ақшақарды тамашалап, басқа да кейіпкерлерді жақсы сомдап шықты. Осылайша оқушылар ескі 2019 жылды шығарып, Жаңа жылымыз  2020 қарсы алды.

Жаңартылған күні: 27.01.2020 03:03
Құрылған күні: 09.10.2020 16:06

Текст