"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеке бейімділіктерін анықтау тесті

Жеке бейімділіктерін анықтау тестілері

 (Холланд)

Холланд бойынша тест материалдары тұлғаның мінез ерекшеліктері, сүйікті ісі мен қолынан келетін білігін зерттеу негізінде жеке бейімділіктерін  анықтауды көздейді. Тест материалдарында мінездің алты типі берілген: реалистік; зерттеушілік; әртістік; әлеуметтік; іскерлік; дәстүрлі.  

Нұсқаулығы. Сіздің көзқарасыңызға сәйкес келетін сипаттаманың тұсын дөңгелекшемен белгілеңіз. Барлық сұрақтарға жауап беріп болған соң, әр баған бойынша белгіленген дөңгелекшелердің санын есептеп кестенің жоғары бөлігіндегі кодтық әріп тұсына жазып қойыңыз. Жалпы тест материалдары үш бөлімде («Менің мінезімнің типі»; «Менің сүйікті ісім»;   «Менің білігім») ұсынылған. 

 

Кілті:

Барлық бөлім бойынша тест материалдарына жауап беріп болған соң ұпай сандарын есептеу тест кілті бойынша жүргізіледі. Әр бөлім бойынша жинаған дөңгелекшелердің саны санықталып, үш баған бойынша қорытынды ұпайы шығарылады.  Қорытынды ұпайы бойынша бейімділіктің қандай типі басымдылығы анықталады.  Әр бейімділік типінің сипаты 6-кестеде берілген.

 

Бейімділік типтері

«Менің мінезімнің типі»

«Менің сүйікті ісім»

 

«Менің білігім»

 

Қорытынды  ұпай 

Реалистік (машина, құрылыс, дене еңбегі) R

 

 

 

 

Зерттеушілік (талдау, зерттеу, іздену) I

 

 

 

 

Әртістік  (мәдениет, өнер, шығармашы-лық) A

 

 

 

 

Әлеуметтік  (білім, қызмет, ерікті) S

 

 

 

 

Іскерлік  (бизнес, саясат, беделді орын) E

 

 

 

 

Дәстүрлі  (кеңсе қызметкері, мәлімет өңдеуші, ұйымдастырушылық іс) C

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Менің мінезімнің типі»

 

R (   )

 

S (   )

  1.  

Тыныштықта отырғанда мен өзімді жайсыз сезінемін немесе ұйқыға кетемін.

  1.  

Мен өз қызығушылықтарыма зиян келтірсем де басқаларға пайдамды тигізуге тырысамын

  1.  

Мелодрамаға қарағанда  атыс-шабыс жанрындағы немесе спорттық көрсетілімдерді ұнатамын

  1.  

Басқа адамдармен бірге іс-шараларға қатысқанды ұнатамын

  1.  

Бөлме ішінде отырғанға қарағанда мен таза ауада спортпен айналысқанды немесе белсенді ойындарды ойнағанды ұнатамын 

  1.  

Менің жақын достарым әрқашанда менің жанымда

 

  1.  

Жиналыстарда үнсіз отырғанды жақсы көремін

  1.  

Мен басқа адамдармен диалог барысында олардың өз сезімдерімді түсінуіне оңай жол табамын

  1.  

Менің әңгімелесу әдебім эмоциялық жағынан жағымсыз көрінуі мүмкін

  1.  

Мен бауырмал адам болғым келеді

 

  1.  

Мен қауіпті спорттық ойындардан бас тартпаймын және онымен айналысқанды жақсы көремін

  1.  

Мен басқаларға көмектескенді ұнатамын

 

  1.  

Мен алдымен жасаймын, содан кейін ғана сол туралы айтамын

  1.  

Мен мейірімді және сыпайы адаммын

 

  1.  

Мен қисынды және дәйекті сөйлемеймін 

  1.  

Мен жаңа адамдармен танысуды және әңгімелесуді ұнатамын

  1.  

Мен мінезім жағынан қонақжай емеспін әрі тұйықпын

  1.  

Басқалармен салыстырған мен мейірімді әрі бауырмалмын

  1.  

Маған қисынды аргументтелген заңдылық бойынша жүргізілетін пікірталастарды бақылау қызық емес

  1.  

Қиын жағдайдағы адамды кездестіргенде қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын

 

I (   )

 

E (   )

  1.  

Мен байсалдымын және ойшылмын

 

  1.  

Мен басқа адамдарға қарағанда біршама өршіл және ұрыншақтаумын (авантюрист)

  1.  

Мен ғылыми және тарихи әдебиеттерді оқығанды жақсы көремін

  1.  

Мен басқа адамдармен бірге компанияда болуды жақсы көремін

  1.  

Маған ғылыми сипаттағы жаңа деректерді білу мен оқу ұнайды 

  1.  

Мен өзім жетік білмейтін саладағы бір нәрсемен айналысуды қаламаймын

  1.  

Мен мектеп берген жүйелі білімдер негізінде өз пікірімді дәлелдеуді  ұнатамын

  1.  

Басқа адамдар мені жігерлі және эмоционалды деп ойлайды

  1.  

Маған әртістер мен суретшілерге қарағанда ғалымдар көбірек ұнайды 

  1.  

Мені жарасымды әзілім мен басқалардың көңілін көтере алатын қабілетім үшін жақсы көреді

  1.  

Маған жаңа нәрселерді білу қызықты

 

  1.  

Болашақта мен көптеген адамдардың көшбасшысы болғым келеді

  1.  

Менің бойымда кез келген затқа мұқият қарайтын әдетім бар 

  1.  

Мен бұқаралық шараларды жоспарлағанды және адамдар ұжымына жетекшілік еткенді ұнатамын

  1.  

Мен басқа балаларға қарағанда кең танымға және мәнді ақыл-ойға иемін 

  1.  

Менің бойымда қайшылық рухы бар және маған өз наным сенімдерімнен бас тарту қиын

  1.  

Мен бала күнімнен көп оқыдым

 

  1.  

Мен жігерлі және өз наным-сенімдеріме берік адаммын

  1.  

Егер маған бір нәрсе туралы білу қызық болса онда мен оның жауабын кітаптан іздеймін немесе өзім эксперимент жасап көремін 

  1.  

Мен соңына дейін күресемін және  жеңісімді қолдан бермеймін

 

А (   )

 

С (   )

  1.  

Менің қиялым бай

 

  1.  

Мен немен айналыссамда тәртіп болғанын жақсы көремін 

  1.  

Мен сезімталмын және міншілмін

 

  1.  

Мен әрбір бөлікке, тіпті ұсақ-түйегіне де аса  мән беремін

  1.  

Мен әрқашанда  жағымды және жағымсыз бағаға тиянақтымын

  1.  

Мен не ойлаймын соны айтамын және әзіл мен қалжыңдауға бейімім жоқ 

  1.  

Егер маған ұнамаса ,онда мен ол іспен кім айтса да айналыспаймын 

  1.  

Жайбарақат болуым үшін кез келген істі алдын ала құрылған жоспарға сәйкес жасауым қажет  

  1.  

Менің  басқалардан айырмашылығым мен жиі ойланамын және өзгеше, тосын әрекет етуге тырысамын  

  1.  

Мен  құбылмалы және күрделі нәрселерді жақсы көрмеймін

  1.  

Мен өте сезімтал және көңілшекпін, сондықтанда болмашы оқиғаларға да жаным күйзеледі  

  1.  

Мен ашық-шашық және жарқын стильдерді жақсы көрмеймін

 

  1.  

Менің ойымша мен көркем-шығармашылық қабілетке иемін

  1.  

Мен ойланбай әрекет етпеймін

  1.  

Мен киім таңдағанда барлығы киіп жүрген киімді таңдамаймын

  1.  

Менің жаңа және әдеттен тыс нәрселерді жасап көруге батылым жетпейді 

  1.  

Маған үйреншікті және қарапайым емес, жаңа және күтпеген нәрселер ұнайды

  1.  

Мен ата-анамның пікіріне жиі құлақ саламын

 

  1.  

Маған өзім қалаған нәрселерден бас тарту қиын

  1.  

Мен өзімді ұстанымдарға сәйкес ұстауға және ережелерге сай өмір сүруге тырысамын    

 

Тұлғалық бейімділіктерін анықтау тесті

«Менің сүйікті ісім»

 

S (   )

 

R (   )

  1.  

Мен балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқарамын

 

  1.  

Мен күрделі құрамнан тұратын құралдарды жинаумен айналысамын

  1.  

Менің міндетім кішкене балаларды уату және оларға қамқор болу

  1.  

Мен бұзылған радиоқабылдағыш пен теледидарларды жөндеумен айналысамын 

  1.  

Мен психикалық дамуы тежелген балалар үшін оқытушы боламын

  1.  

Мен май сіңген арнайы жұмыс киімін киіп автокөліктерді жөндегенді жақсы көремін

  1.  

Мен балаларға қызықты оқиғаларды айтып беремін

  1.  

Мен спорттық жарыстармен айналысамын

  1.  

Мен науқас және кедей адамдарға көмектесемін 

  1.  

Мен зауытта басқа адамдарға өндіріс технологиясының мәнін түсіндіретін шебер-технолог боламын 

  1.  

Мен мұқтаж жандарға көмектесетін ұйымда жұмыс істеймін

  1.  

Мен компьютер құрастырумен айналысамын

 

  1.  

Мен қарттар үйінде еріктімін

 

  1.  

Мен үй сымдар жүйесіндегі ақауларды анықтаумен және оны жөндеумен айналысамын 

  1.  

Мен бақытсыз адамдарға көмектесумен айналысамын

  1.  

Мен көкөністерді өсірумен айналысамын

  1.  

Мен ауруханадағы науқастарға мейірбике ретінде қамқорлық көрсетемін

  1.  

Мен ұшақ үлгілерін әзірлеймін және оны құрастырамын 

 

  1.  

Мен бөбекжайларда бөбектерге күтім жасаймын және қамқорлық көрсетемін

  1.  

Мен үй электр құралдарын жөндеумен айналысамын

 

I (   )

 

E (   )

  1.  

Мен өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне үнемі бақылау жасап, олардың өмір сүру процестерін зерттеймін

 

  1.  

Мен коммерциялық тауар сатушыларын тексеретін жауапты бақылаушы боламын

  1.  

Мен обыр ісіктерінің пайда болу себептерін зерттеймін

 

  1.  

Мен қылмыскерлерге үкім шығаратын сот боламын

  1.  

Менің зерттеулерімнің мәні математикалық талдаудың жаңа тәсілдерін құру

 

  1.  

Мен іздеуде жүрген ұрылардың ізін кесетін полиция қызметкері боламын

  1.  

Мен өз пациенттерімнің ауруларының себептерін анықтайтын дәрігер боламын

 

  1.  

Мен көптеген адамдарды басқаратын және оларға жауап беретін компанияның директоры боламын

  1.  

Мен күні бойы зертханада болып, зертханалық тәжірибеммен айналысамын

 

  1.  

Мен күшті және беделді көшбасшы боламын

  1.  

Мен зерттеу институтында ғылыми жұмыс жазумен айналысамын

 

  1.  

Мен қарсыластарыммен бәсекелесуші саясаткер боламын

  1.  

Мен ғаламшарымыздың шынайы тарихын анықтау үшін тау жыныстарына минералдық талдау жасаумен айналысамын  

 

  1.  

Мен компания басшысы лауазымына үміткер сайлау науқанын жүргіземін

  1.  

Мен салмақты зерттеулермен айналысатын ғалым боламын 

 

  1.  

Мен тауарды басқалардан артық сатумен айналысамын 

  1.  

Мен кітапхана бөлмесінде көптеген кітаптарды оқимын

 

  1.  

Мен көшеде біздің компанияның жаңа тауарларын сатып алуы үшін үгіттеймін және оны жарнамалаумен айналысамын 

  1.  

Мен журналдарда ғылыми мақалалар түрінде ғылымның жаңа жетістіктерін танымал етумен айналысамын

 

  1.  

Мен көптеген аудитория алдында өз көзқарастарымды қорғаймын

 

 

А (   )

 

С (   )

  1.  

Мен балаларға арналған комикстер саламын

 

  1.  

Мен өзімнің қалта шығынымды қайда жұмсағаным туралы жазба және есеп  жүргіземін 

  1.  

Мен кез келген талғамға сай келетін балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер жазамын 

 

  1.  

Мен күнделікке күнде жазба жазамын   

  1.  

Мен белгілі өнер қайраткерлерінің өмірі туралы хронологиялық жазбаларды оқимын

 

  1.  

Мен қойма меңгерушісімін және әкелінетін және әкетілетін тауарларды бақылаумен айналысамын

  1.  

Мен бейнелеу өнері көрмесіне барамын

 

  1.  

Мен банкте нақты есептелген ақшаларды берумен және қабылдаумен айналысамын

  1.  

Мен болашақта әнші болу үшін қажымай дайындаламын

 

  1.  

Мен басқа шенеуніктер өз жұмыстарында қателіктерді болдырмауын қадағалайтын шенеунік боламын 

  1.  

Мен өнер қызметкерлерінің форумдарына қатысамын, олардың жасаған шығармаларына қатысты әр түрлі пікірлер мен бағалауларды тыңдаймын

 

  1.  

Мен танымал адамның хатшысы боламын

  1.  

Мен бейнелеу және музыка өнерінен ләззат аламын

 

  1.  

Мен компьютерлік құжаттарды таза өңдеумен және редакциялаумен айналысамын

  1.  

Мен көркем сурет өнерімен айналысамын

 

  1.  

Мен елімізге заңсыз контрабалық тауарларды кіргізуді болдырмаудан сақтау үшін халықаралық әуежайда тауарларды тексерумен айналысамын 

  1.  

Сауда кәсіпорындарының ішкі көрінісін эстетикалық безендірумен айналысамын

 

  1.  

Мен сот процестері кезінде адамдардың барлық пікірлерінің дәл жазылуына жауап беремін

  1.  

Мен теледидар сериалдары үшін сценарий жазумен айналысамын

 

  1.  

Мен бөлшек сауда желісіне жеткізілетін тауарлардың саны мен құны бойынша түгендеу деректерінің дәлдігін тексеремін

 

«Менің білігім»

 

R (   )

 

S (   )

  1.  

Мен сынған ойыншықтарды жақсы жөндеймін

 

  1.  

Мен балаларға өте жақсы сабақ беремін

  1.  

Мен кез келген физикалық жұмысты өте жылдам орындаймын 

 

  1.  

Мен басқа адамдардың мұқтаждарына өте қайырымдымын

  1.  

Мен үнемі үйде сынған барлық нәрсені бөлшектеп, жөндеймін

 

  1.  

Мен бақытсыздыққа тап болған адамдарды көргенде жанашырлық танытып оларға көмек көрсетемін 

  1.  

Мен балға және бұрағышпен жұмыс істей аламын

 

  1.  

Мен басқа адамдарды жақсы түсінетіндігіммен және достарыма жиі көмектесетіндігіммен танымалмын

  1.  

Мен кітап оқығанға қарағанда таза ауада белсенді ойын ойнағанды және спортпен шұғылданғанды ұнатамын

 

  1.  

Мен жиналыс жасау барысында басқаларға жайлы жағдай жасауды ұмытпаймын 

  1.  

Мен әртүрлі компонеттерден тұтас бұйым жинай аламын тіпті жаңа өнім әзірлей аламын 

 

  1.  

Бақытсыз адамдарға қарағанда менде оларға деген жанашырлық сезімі оянып көмектескім келіп тұрады 

  1.  

Мен кез келген, тіпті экстремалды спорт түрлерімен айналысуды ұнатамын

 

  1.  

Өмірлік қиын жағдайларда қалған адамдарды тыңдап, бірге уайымдай аламын 

  1.  

Мен ауыр дене еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын

 

  1.  

Мен досымды оның қайғысы туралы тыңдап жұбата аламын

  1.  

Мен футбол, волейбол ойындарын жақсы ойнаймын

 

  1.  

Мен сезім толғанысында жүрген адамды тыныштандыруға тырысамын 

  1.  

Мен күні бойы жаяу туризммен айналыса аламын

 

  1.  

Мен адасып жүрген адамды да түсінуге тырысамын

 

I (   )

 

E (   )

  1.  

Мен ақылдымын

 

  1.  

Мен мазмұнды және мағыналы сөйлей аламын

  1.  

Мен нақты және жаратылыстану ғылымдары бойынша пәндерді жақсы меңгеремін

 

  1.  

Мен жиі барлық ұжым атынан маңызды шешімдер шығарамын

  1.  

Менің сабақ үлерімім жақсы

 

  1.  

Мен басқаларды өз сөзіме жақсы сендіре аламын

  1.  

Мен кітапты өте жылдам оқи аламын

 

  1.  

Мен басқаларды өзіме баурай  аламын

  1.  

Менің бойымда кез келген істің себептерін анықтай алу қабілетім бар 

 

  1.  

Мен өзімнің достарымды жақсы баурай аламын  

  1.  

Мен әрқашанда кез келген оқиғаның немесе құбылыстың шынайы себебін  анықтаймын

 

  1.  

Мен көпшілік адамдардың алдында өз ойларымды анық жеткізе аламын

  1.  

Мен өз ойымды анық және нақты жеткіземін 

 

  1.  

Мен басқа адамдарға қарағанда тауарды көбірек сата алатындығыма сенімдімін 

  1.  

Менің білім алуға ерекше құмарлығым бар

 

  1.  

Мен бәсекелестік жағдайында жақсы нәтижелер көрсетуге қабілеттімін 

  1.  

Мен қолданбалы математикалық тапсырмаларды жеңіл шеше аламын 

 

  1.  

Мен айтқым келген ойымды тіпті танымайтын адамдарға да ашық жеткізе аламын  

  1.  

Мен кез келген оқиғаның себебі туралы ойланамын және талдаймын   

 

  1.  

Мен достарыммен және кішкентай балалармен қарым-қатынас жасауда тамаша қабілеттерім бар

 

 

А (   )

 

С (   )

  1.  

Мен суретті жақсы саламын

 

  1.  

Менің қағаз және тоқылған бұйымдар сияқты ұсақ заттарды өндіруде талантым бар

  1.  

Мен жақсы жазамын

 

  1.  

Мен өз заттарымда мінсіз тәртіп орната аламын

  1.  

Менің бойымда музыкант және бишіге тән қабілеттердің нышаны  бар

 

  1.  

Мен өз ақылыма қарағанда  мұғалімдерімнің және ата-анамның кеңестеріне жиі жүгінемін

  1.  

Менің сезімдерімнің тереңдігі соншалықты мені жылату мен күлдіру жеңіл 

 

  1.  

Мен ұқыптылықты және тиянақтылықты талап ететін жұмыстарды табысты орындауға қабілеттімін 

  1.  

Маған менің бойымда әртіс және музыкантқабілетінің нышаны бар екендігін айтады

 

  1.  

Мен заттарды және ақшаны үнемді пайдалана аламын 

  1.  

Мен керемет нәрселерді көргеннен жеңіл әсер аламын

 

  1.  

Мен қалтамдағы қаражатымды жоспарлы жұмсай аламын

  1.  

Менің қиялым өте жақсы дамыған

 

  1.  

Мен кез келген әрекетімді алдын ала құрылған жоспарға сай орындаймын 

  1.  

Мен күшті шығармашылық ойлау қабілетке иемін 

 

  1.  

Мен берген уәдемді ешқашан ұмытпаймын және оны орындаймын 

  1.  

Мен барлық тамаша нәрселерге өте сезімталмын

 

  1.  

Жұмыста әрдайым бұрын қабылданған шешімдерге сай әрекет еткенді жақсы көремін және оларды  ұстанғанды жақсы көремін  

  1.  

Мен достарымның ішінде өнер және шығармашылық саласы туралы жақсырақ білемін 

 

  1.  

Мен өзіме сеніп тапсырылған істі мінсіз әрі нақты орындаймын 

 

Дж.Холланд анықтаған кәсіптік бейімділікті алты типі үшін мінез сипаты 

6-кесте

Бейімділік типтері

Мінез ерекшеліктері

Қалайтын/қабылдамайтын кәсіптік қызмет саласы

Кәсіптік орта/ тән мамандықтар

Реалистік  (машина, құрылыс, дене еңбегі) R

Батыл, шынайы, қарапайым, ұқыпты, пысық, қажырлы, турашыл, әділ, физикалық жетілген.

Оқытушы немесе емші болғанды жақсы көрмейді, машина, жануарлармен жұмыс істеуді, сондай-ақ дене еңбегімен айналысқанды жақсы көреді.   

Автомеханик, авиапилот, геодезияшы, аграрлық, электромеханик және басқада дене еңбегімен айналысатын жұмыс (ауылшаруашылығы экологиялық / әскери / спорттық-жарыс / машина-жөндеу қызметі)

Зерттеушілік (талдау, зерттеу, іздену) I

Білім алуға құмар, рационалды, дәл, зияткерлік қабілеттері жоғары, дербес, ұяң, іскер

Әлеуметтік, зерттеушілік міндеттерді өте жақсы көреді, біртекті әрекеттерді ұнатпайды

Биолог, химик, физик, антрополог, дәрігер және  басқада зияткерлік мамандық өкілдері (ғылым/математика/медицина)

Әртістік  (мәдениет, өнер, шығармашылық) A

Бай қиялға, зеректік, күші дара, дербес және стандартты емес, спонтанды қасиеттерге ие

Өзгерістер мен әралуандылықты жақсы көреді, күнделікті қапарайымдылықты ұнатпайды, еңбек еркіндігін ұнатады, айқын және жүйелілікке қызықпайды  

Суретші, композитор, режиссер, жазушы, театр әртісі және өнер саласындағы басқада қызметкерлер, (музыка/телеқойлым/ қолданбалы өнер/мәтін шығармасы/ үй шаруашылығы)

Әлеуметтік  (білім, қызмет, ерікті) S

Адамдармен жұмыс істегенді ұнатады, ашық-жарқын, басқаларға көмектескенді ұнатады, эмоционалды, идеалист

Басқалардың проблемаларын тыңдап, көмектеседі. Еріктілердің  қызметін бағалайды, емдейді, бірақта материалдық әлемнің заңдарына, құралдарына, сондай-ақ нақты жүйені қалап ететін қызметтерге немқұрайлы қарайды

Басқа адамдарға қажеттілігін жақсы сезінеді, әлеуметтік қызметкер, мұғалім, дәрігер, дін қызметшісі, логопед (білім/әлеуметтік қызмет/медициналық қызмет/діни қызмет)  

Іскерлік  (бизнес, саясат, беделді орын) E

Авторитарлы, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз ойын дәлелді жеткізе алады, оптимист, өршіл, әуесқой

Ұйымның мақсаттары немесе бедел, билік әкелетін экономикалық пайда үшін адамдарды бақылаумен және басқарумен айналысуды қалайды, символдық және жүйелі қызметке қызығушылық білдірмейді.

Ұйым басқарушылары, саясаткерлер, сот, сауда менеджерлері, сақтандырушылар, сатушылар және басқада басқа адамдарды сендіруге бағытталған мамандар (көпшілік алдында сөйлеу/заңгер/саясаткер/ сауда/ тауармен жабдықтау/ ұйымды басқару) 

Дәстүрлі  (кеңсе қызметкері, мәлімет өңдеуші, ұйымдастырушылық іс) C

Дәл және тақуа, сақ. Өзгерістерді жақсы көрмейді, қырсық, қыңыр, жауапкершілік сезімі жоғары  

Берілген нұсқау және жоспар бойынша  деректерді есепке алумен және құрылымдаумен айналысуды қалайды шығармашылықты, өзбетінше әрекет етуді, тәуекелге баруды, жүйесіздікті ұнатпайды

Тексеруші, аудитор, банк қызметкерлері, салық қызметкерлері, есепші, кітапханашы және өзінің ерік – жігерін басқалардың ерік жігерімен байланыстыра алатын мамандар (мәліметтерді өңдеу / компьютер инженерлері/кеңсе қызметкерлері)

 

 

Жаңартылған күні: 09.12.2020 15:26
Құрылған күні: 06.03.2021 18:05

Текст