"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адамгершілік – асыл қасиет" дебат

17.02.2021


Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Мақсаты:
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет – нақылдар, презентация
Сабақтың барысы:

  1. Шаттық шеңбері.
    - Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Бәріміз атымызды атап, мағынасына тоқтайық
    2. Кіріспе

Адамгершілік деген не?

Адамгершілік туралы біздің көзқарасымыз қандай?

Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?

Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толтырайық

hello_html_m2952a54f.png

Әдеп
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
К. Байзақов
- Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қавсиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдептілік әліппесі
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің -
Сәлемдесіп, қол берем.
Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда -
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам маған әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жүрем тура жолменен.

1 - оқушы: Рух - деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.
2 - оқушы: Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады. Ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

3 - оқушы: Рухтың мекені - адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі - ақыл дейік.
4 - оқушы: Рухани бай адам - ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік т. б. көптеген сапалар кездеседі.
Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым.

hello_html_m5c6acd62.png hello_html_m56bb51e9.png

Көрініс: «Әдептілік»
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.

Слайдпен жұмыс:
Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.

 

hello_html_m26d136e0.png

hello_html_5058cf8e.png

Бірінші өткел «Надандықты жеңу үшін»

Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

 

 

Сергіту сәті

hello_html_m623387d1.jpg


Слайдпен:

Екінші өткел «Еріншектікті жеңу»
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.
Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?


Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру.
Сынып сағатын қорытындылау:
- Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік!

 

hello_html_m3a37535f.png

 

hello_html_6e793ab8.jpg

Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар.

 

Просмотров: 539


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст