"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Экологиялық викторина

04.05.2021

Экологиялық викторина.

Білім беру саласы:Таным

Тақырыбы: «Табиғат білгіштері» экологиялық викторина

Мақсаты: Балалардың табиғатты қорғауға бағытталған білімдерін жалпылау; балалардың табиғатта өздерін ұстау мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Табиғат туралы суреттер, пазылдар, ойынға арналған құралдар.

Әдіс-тәсілдер: Ойын, сергіту сәті, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ

Билингвальдық компонент: Табиғат – природа , ауа- воздух, жер- земля

Мұғалім:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Біз «Табиғат білгіштері» атты экологиялық викторинамызды бастаймыз!

Ол үшін ойын шартын есімізге түсірейік:

Қойылған сұрақты дұрыс тыңдап алшу керек. Бір-бірлеріңе кедергі жасамаймайсыңдар. Тапсырманы аяғына дейін дұрыс орындау керек.

Бір топ жауап беріп жатқан кезде шуламай тыңдау керек.

Сонымен, бастаймыз!

- Табиғат ол анамыз

Табиғатқа баламыз1

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз

Жазда аралап тауында

Барамыз біз бауында

Өзеніне шомылып

Жүгіреміз жауында.

Презентация көрсету

1слайд: - Біздің экологиялық викторина « Табиғат білгіштері» атауымен өтеді.

2 слайд: - Біздің жершарымыз бір үлкен әдемі үйге ұқсайды.

3 слайд: - Ол бізді өзінің тамаша күнімен, жерімен қуантады.

4 слайд: - Өзінің ғажап тауларымен, мөлдір суларымен баулып әкетеді.

5 слайд: - Жершарымыздың табиғатын сақтап қалу біздің қолымызда!

Сергіту ойын: « Болады – болмайды»

- Жаңбыр жазда (болады)

- Шөп қыста (болмайды)

- Боран жазда (болмайды)

- Жапырақтар күзде түседі (болады)

- Қар ериді көктемде( болады)

- Кемпірқосақ қыста (болмайды)

- Мұз күзде(болады)

- Қар жазада (болмайды)

- Ыстық қыста (болмайды)

 «Жұмбақтар сайысы»

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Шым – шытыр,

Шидай қотыр. (Жұлдыздар)

Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді.

Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)

Ат шаптырым аумағы,

Байқалмайды салмағы.

Мың кессең де ол мейлі,

Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,

Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады. (Жел)

 « Дұрыс- бұрыс» суреттегі дұрыс және дұрыс емес қылықтарды атап көрсету.

Мұғалім:Балалар сендер енді нағыз «Табиғат білгіштері» деген атауға лайықты болдыңдар. Табиғатты қорғап, аялап жүріңдер!

 

 

 

Просмотров: 669


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст