"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балдаурен" мектеп жанындағы лагерінің ашылуы

16.06.2021

Көктерек негізгі орта мектебі

Жазғы лагерь

Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы

I жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, оқушылар «Балдәурен» жазғы сауықтыру легерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:

Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз.

Жоғалмасын ешқашан берекеміз

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз

Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз

I жүргізуші:

Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні бір

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл.

ІІ жүргізуші

Бала бағы бар елдің.

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

I жүргізуші: Жазғы сауықтандыру лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Маннанова Қарлығаш Нұрмахамбетовнаға беріледі.

II жүргізуші:

Бүгін қызық,бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Дөңгеленсін би-билеп

Жалғастырсын ойды-ой

І жүргізуші:

 

-Балалар, сендер бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме?

 

-Дұрыс, Балаларды қорғау күні.Бұл мереке алғаш рет 1950 жылы Дүние жүзі бойынша аталып өткен. Сендерді мерекелеріңмен құттықтаймыз.

 

II жүргізуші: Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдахметова Бибінұр Темірбековнаға беріледі.

 

I жүргізуші: Ал енді ортамызға даярлық сынып оқушыларын өлең шумақтарымен шақырайық.

Думан: Біз бақытты баламыз

Оттай лаулап жанамыз

Балдәуреннің төрінде

Шырқап әнге саламыз.

Сагида: Келді міне тағы жаз,
              Күн шуағымен жылытады.
              Жылуын төгіп бізге,
              Бәрімізді қуантады.

Нұрхан:  Бала, бала,баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз.

Нұрболат: Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз,данамыз.

Ертеңгі күн еліміздің,

Батырлары боламыз.

Дана: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Нәби: Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.

Әліби: Басты қоссақ бәріміз,

Біздер елдің сәніміз.

Шаттық,бақыт,қуаныш,

Елімізге сыйлаймыз.

II Жүргізуші: Ал енді,балалар, ойымызды сергітіп,жұмбақтар шешеміз. Тапқырлық танытқан балаға сыйымыз бар. 
 

 

       Арасынан гүлдердің,

       Ұшып жүрген гүл көрдім.
       Қырға біткен гүлдердің

       Шырын, сөлін жиып жүр.(көбелек)
 

       Тәттісін әкеп қыр-белдің,
       Ұясына құйып жүр.
       Қалтасына баласын,

       Салып алып қашады.
       Секірсе, таң қаласың,

       Алты қырдан асады.(кенгуру)
 

        Суда жүзу, мұзда жүру-

        Оған қиын іс емес.
        Ол не болды сондағы
        Балық емес, құс емес.(кеме)
 

       Екі көзі шарадай,

       Түнде жарық шашады.

       Қараңғыда қапысыз
       Тышқандарды көреді. (жарғанат)

       

       Тақияға шанышқан

        Жапырлаған көп ине,
        Ұстайын деп асықсам,
        Кілең көзі жоқ ине.(жұлдыз)
      

        Үсті тас, асты тас,

        Екі тастың арасы
        Төрт аяқ пен жалғыз бас.( тасбақа)


         Саз балшықтай көл дейтін

         Жер түртуді жөн дейтін
         Қорсылдаған бір хайуан
         Он-он бестен төлдейтін. (доңыз)
    

          Мұхиттарда жүзетін

          Бір керемет бар тағы:

          Арқасынан тыз етіп,

          Атқылайды фонтаны. (Кит)

 

I жүргізуші: Ал енді келесі өлең шумақтарымен 1-сынып оқушыларын қарсы алайық.

Ертүрік: Гүлмен келсін келер күн,

Бала-бағы бар елдің.

Балалардың күлкісі,

Көркі, сәні әлемнің.

Нурислам: Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт!

Мансур:  Жаз да келді көңілді,

Келді  гүл мен өрнекпен.

Ел бақыты мерейлі,

Балалармен әндетті.

Ержан: Бейбітшілік әніміз,

Өнерліміз бәріміз.

Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз.

Ерсұлтан: Алақай –ау, алақай,

Той тойлайық, юалақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық балақай.
 

II Жүргізуші:      

 Мерекелік жиынымызды ойындармен жалғастырамыз.

 

1. «Танысайық» ойыны. Мен белгілі бір аттарды атаймын, сол балалар тапсырмасын орындайды.

 

Арман, Ерлан, Нұрлан, Темірлан,Жасұлан,Ержан, Рамазан-алға шығыңдар.

 

Нұрдәулет, Ердәулет, Әділет, Бақдәулет-күлімдеңдер.

 

Ерасыл, Нұрасыл, Аяжан,Аяулым, Айқын, Әбілмансұр, Жамбыл, Сайра- еңкейіңдер.

 

Асылжан, Арман, Аида, Дәулет, Илхам, Ильяс, Еркеназ, Әли-шапалақтаңдар.

 

Гүлжан, Айжан, Сәуле, Маржан, Мөлдір-қол бұлғаймыз.

 

2.Жазда кереметтер көп. Мен сендерге құбылыстарда атаймын. Сендер жазда болса «Иә» деп, болмаса «жоқ» деп жауап бересіңдер. Келістік пе?

 

Шөп шабу,үскірік,боран, күнге күю,қар,найзағай, жазғытұры, жапырақ түсуі,кемпірқосақ.

 

3.Ортаға жануарлар мен құстардың даусын салып білетін 6 баланы шақырамын. Тапсырма:

 

1 бала – әтеш

 

2бала- ит

 

3 бала- мысық

 

4 бала-қарға

 

5 бала-ешкі

 

6 бала-сиыр

 

4.Келесі ойын «Қасықтағы картоп» ойыны. 3 баладан 2 топ шығады.

 

Картопты қасыққа салып, белгіленген жерден түсірмей айналып қайтып, келесі балаға береді.

 

5.Би марафонын бастаймыз. 6 қатысушы әр түрлі бағыттағы музыкаға билеу керек.

 

6.Келесі ойын «Шелектегі су» деп аталады. Ортаға 8 бала шығады. Олар 2 топқа бөлініп, күшкентай шелектегі суды белгіленген жерге барып, төкпей келесі балаға беру керек.Бұрын келген топ жеңеді.

I жүргізуші: Ал енді ортаға 3-сынып оқушыларын өлең шумақтарымен қарсы алайық.

 Әбу: Ән көмейден құйылды,

Қайғы бұлты шегінді.

Балалар мен дүние,

Көрікті де көңілді.

Ертуған: Даналардың тілегі,

Балалардың тілегі.

Ауырмасын ешқашан,

Аналадың жүрегі.

Диана: Алма сыйлап бөбекке,

Алма ағаштар сарғайған.

Төгілген тер шелектеп,

Көрінеді маңдайдан.

Әмірхан: Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

 

II жүргізуші: Қымбатты балалар! Сендерді бүгінгі мерекенің келесі станцияларына қонаққа шақырамыз.

1- станция:«Бейбітшілік болсын әлемде!» тақырыбына асфальтқа сурет салудан жарыс.

 

Ең әдемі сурет жүлдемен марапатталады.

 

I жүргізуші: «Балдәурен» лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау болыңыздар

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст