"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сәт сапар, жас түлек!»

29.06.2021

Көктерек ауылының НОМ.

 

«Сәт сапар, жас түлек!» атты салтанатты жиынының сценарий

 

1Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі «Сәт сапар, жас түлек !» атты мектептің бітіру  кешіне қош келдіңіздер.

 

2Жүргізуші: Бүгінгі күн әрбір жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын күн. Бүгінгі мектеп бітіруші жас түлектеріміздің алдағы өмір жолдары сәтті болып, ашық аспан, Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деп салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

1Жүргізуші:  Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

 

2Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілімізбен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға!

 

1Жүргізуші: Сезіледі жүректердің лүпілі ,

Жиі – жиі соғатындай бір түрлі .

Бозбала мен бойжеткендер сендерге ,

Еркелік те жарасады бұл күні .

 

2Жүргізуші:Ойы ұшқыр Жанерке

Математиканы сүйеді

Қиын есеп болса да

Лезде шешіп береді.

 

2Жүргізуші:Ортамыздың ажары

Жаннұр ерке қыз

Әр қылығын көтеріп

Еркелете береміз.

 

1Жүргізуші:Айдай сұлу Алиямыз,

Ардақты біздің қызымыз.

Сыңғырлаған күлкісі бар,

Күлімдеген даусы бар .

 

1Жүргізуші:Сабырлы,жайсаң мінезі

Адалдықты сүйеді

Бәрі де сыйлайды

Сыныптас құрбы

 

 

2Жүргізуші:Мектеп үшін жаралған жүрегіңіз,

Бүгін міне ұшқалы отыр түлегіңіз,

Ақ жол тілеп, сәт-сапар деп мерекеде,

Арналсын түлектерге тілегіңіз – дей келе алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Маннанова Қарлығаш Нұрмұхамбетовнаға беріледі.

 

 

1Жүргізуші: Менің ұстаздарым, үміт жібін үзбеген,

Білім шыңнан жарық сәуле іздеген.

Бүлдіршінді жетелер кеп партаға,

Ұшыратын қимас нұрлы жүзбенен- дей отырып, түлектеріміздің «Ұстазым»-атты әнін қабыл алыңыздар.

 

1Жүргізуші: Өрендер кетті, сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

9 жыл оқып, білімің түсті нұрлана

Куәлік  алғалы тұрсың осынау ордада.

Куәлік деген – азаматтық куәсі,

Куәлік деген - өмірге берген жолдама-дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 9жылғы төккен теріңнің жемісі,9 жыл бойы алған біліміңнің белгісі

9 сыныпты бітіргені туралы құжатты  тапсыру  рәсімі және бұйрықпен таныстыру  мектеп директоры ________________мен директордың оқу ісінің орынбасары _______________________тапсырамыз.

 

2Жүргізуші:Кешіміз басталды салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты,

Мың бұралып бишілер би билейді.

Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, түлектеріміздің   биін қабыл алыңыздар!\флешмоб\

 

 

1Жүргізуші:Шәкірт әр кез бағамдар,

Ұлағатын ұғып мың.

Ата-анаңдай алаңдар

 Жетекшісі сыныптың.

Ақылымен қыр астым,

Еңбегі анық білінді.

Намысы үшін кластың

 Бізбен бірге жүгірді.

 

2Жүргізуші:Соны бойға мұра ғып,

Тәрбиеге иландық.

Сізбен бірге қуанып,

Сәтсіздікке қиналдық.

Қиындыққа бол дайын,

Дейсіз жолға қосар да.

Еңбегіңіз әрдайым

 Жана берсін қашанда.----Ортаға түлектеріміздің сынып жетекшісі ___________________________шақырамыз.

 

1Жүргізуші:   О, мектебім, қашанда сен естесің,

Сен жайлы әркез төгелік жырдың кестесін.

Сені ұмытсам білімімнің ұясы,

Мені адамдар еш уақытта кешпесін- дей отырып «Қош бол, мектебім» атты әнді қабыл алыңыздар.

 

1Жүргізуші:   Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас ,

Үйретуден балаға –деп Абай атамыз айтқандай сөз кезегін түлектерімізге береміз. /шар/

1Жүргізуші:   Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге.

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегін қонақтарымызға береміз.                                                                                                            

2Жүргізуші:  Бақытымсың, жаным анам, жан анам,

Мен өзiңдi періштеге балағам.

Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.

Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.

Аман жүрсең - маған сол гой керегі.

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

 Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!-дей отырып түлектерімізді және ата –аналарын ортаға шақырамыз\алғыс\

 

1Жүргізуші:  Ортамызға мектептің құрметті ұстаздарымызды шақырайық

\ойын-шляпа\

2Жүргізуші:  Балалық шақ ұмытылмас қызықты

Ол қызықты кімдер бұзып сызыпты

Естеліктер еске салып күлдірер

Дәл сол шақтар қуанышты,қызықты-дей отырып түлектерімізге арналған бейнебаянды көрейік.\видео\

 

1Жүргізуші:  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар, түлектеріміздің «Қоштасу вальсін» тамашалайық.

 

2Жүргізуші:Ата-ана тәрбиелеп балапанын,

Әлдилеп, аялаған алақаның,

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналарына беріледі.

 

2Жүргізуші: Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 9 көктем, 9 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен мына жиналған халық сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете беріңдер.

 

1Жүргізуші:   Қоштасады ұшқан ұяң – мектебім,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

 

2Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! Осымен 2020-2021 оқу жылын аяқтауға арналған «Сәт сапар, жас түлек!» атты салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст