"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өрт қауіпсіздігі

20.09.2021

20.09.2021
Мұғалім: Накупов А.С
Мектеп: «Көктерек ауылының негізгі орта мектебі» КММ 
Сабақ тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі

•Оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, сонымен қатар тілсіз жау екенін ұғындыру.
•Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру.
•Өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:

І. Мағынаны тану
От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. От қалай пайда болды?
Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған. От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз. От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отанасы, отау, отарба. Яғни мұнан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Әйтсе де оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес.

ІІ. Өрт қауіпсіздігі туралы тест сұрақтары
1. Өрт шығып жатқанын көрсең қандай іс-әрекет жасайсың?
а) «101»  нөміріне қоңырау соғамын
б) Көмекке шақырамын
в) Ешкімге айтпай, қашып кетемін
2. Егер бөлменін іші ащы түтін болса?
а) Есікті жаппай, терезені ашамын
б) Шығып кетемін 
в) Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын
3. Электр сымы өртенсе ше?
а) Су құямын
б) Үлкендерді көмекке шақырамын
в) Байқамағандай сыңай танытып, кетіп қаламын
4. Үстіңдегі киім өртенсе ше?
а) Жүгіремін, үстімдегі киімді шешуге тырысамын
б) Өртті сөндіру үшін тоқтаймын, жерге домалаймын
в) Көрпеге оранамын
5. Егер, тамақ әзірлеген уақытта табадағы май жанса?
а) Суланған орамалды жабамын
б) Су құямын
в) Табаны далаға шығаруға тырысамын
6. Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсаң не істейсің (телефоның жоқ) ?
а) Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын
б) Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін
в) Көмекке шақырамын 
7. Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуің керек?
а) Бағдарламаны көруді жалғастырамын
б) Үлкендерді көмекке шақырамын
в) Теледидарды сөндіріп, өрт сөндірушілерге  хабарлаймын

ІІІ. Жағдаяттық тапсырмалар
1. Сен үйде жалғыз қалдың. Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2. Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер. Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып, ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады. Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң, үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты. Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не істейсің?
4. Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті. Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті. Сен не істер едің?
5. Сен мектепке келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің. Мұндай жағдайда не істер едің?

IV. Өрт қауіпсіздігінің ережелері
1. Электр приборларын уақытылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау.
2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу.
3. Өрт жаңадан басталғанда, су немесе құм сеуіп өшіреді.
4. Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді.
5. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі¬-жиі желдету керек. 
6. Егер газдың күлімсіген иісін сезсең, сіріңке  жағуға, электр жүйесіндегі лампаны қосуға болмайды. Тек үйдің есік-терезелерін ашып желдету керек.
7. Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Олаp: құм, су, күрек, киіз.
8. Шырпымен ойнама.
9. Шырпыны пайдаланған жағдайда, оның толық сөнгеніне көз жеткіз.
10. Қандай жағдайда да дереу үлкендерді немесе өрт сөндірушілерді шақырғаның жөн.

V. Қорытынды
Міне, балалар бүгін біз «Өрт қауіпсіздігі» деген тақырыпта сынып сағатын өткіздік және өрт қауіпсіздігін білдік. Ендеше «Сөздің көркі¬мақал» демекші, сабағымызды от туралы мақал-мәтелдермен аяқтайық: «От жақпа¬, пісерсің, Ор қазба, ¬түсерсің», «Сумен ойнама – батарсың, Отпен ойнама – күйерсің», «От пен су – тілсіз жау». Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаңдар. Және практика жүзінде дайындық іс-шарасы жүргізілді.

Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст