"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен және менің отбасым

12.10.2021

Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты:
1. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.
 

Көрнекілігі: оқушылардың суреттері, отбасы туралы мақал - мәтелдер, шарлар, бәйтерек.
 

Өткізу әдісі: топтармен  жұмыс
Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру

Қош келдіңдер балалар! «Адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ұлы ғұлама әл - Фараби.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен және менің отбасым». Осы тәрбие сағаты барысында біз отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы сөз қозғаймыз. Адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтамыз. Ал осы адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік пен қайырымдылық қайдан басталады?

ІІ. Біз топпен жұмыс істейміз.
1 - топ: «Шаңырақ» тобы
2 - топ: «Қуаныш» тобы

3-топ : «Бірлік» тобы


Әр  топ  мүшелеріне  түрлі-түсті  А4   парақтары  тапсырылады, олар  алақандарының  суретін  салып  қиып  алады.

ІІІ. Сайыс
1. Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)


Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)

Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)

2. Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу).
Отбасы -...
Отан -...
Әке -...
Аға -...
Іні -...
Ана -...

3. «Ана» ана туралы өлең шығару.

4. «Менің отбасым» сурет  салу,  плакат. – Әр  топ  тақтаға  салған  плакаттарын  іледі.

-Тақтада  «Отбасы  бәйтерегінің»  суреті  ілініп  тұрады.
 

5. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Олай болса қазір
« Аялы алақан» ойынын ойнаймыз. 

-Қиып  алған  алақандарға  отбасындағы  жақсы  көретін  жақыныңның  атын  жазып,  тақтадағы  бәйтерекке  апарып  іліңдер.


ІҮ. Қорытынды.  Отбасы – ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз.

Просмотров: 656


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст