"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қыс қызығы"

25.01.2022

Тақырыбы: Қыс қызығы

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Формасы: тәрбие сағаты Тәрбие үрдісі: Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті. Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар. - Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық. Мейірімділік жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық. Бір жадырап қалайық, Келіп қалған қонақтарды Сүйіп, сүйіп алайық. - Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр. Шанамен зырғып желетін, Коньки, шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар? - Қыс мезгілі - Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе? - Қар жауады, аяз болып, боран соғады. - Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз? ( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді) - Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз? (Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады) - Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? (Алақай, деп қолдарын көтереді) - Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы - Желтоқсан, қаңтар, ақпан *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы. * Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады. *Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды. - Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз? Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді) - Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз! - Қандай ойындар ойнайсыңдар? - Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз. - Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады. - Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз? - Жаңа жыл! - Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз! Балалар, мынау ненің суреті? - Аққала - Аққала неден жасалады? - Қардан - Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік. Балалар қарды қолмен ұстап көреді. - Қардың түсі қандай? - Ақ - Қар мұздай ма, жылы ма? - Мұздай

- Аққала неше бөліктен тұрады? - Үш бөліктен тұрады - Оның бөліктерінің пішіндері қандай? - Дөңгелек Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/ Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар. - Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді? - Аққала Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Қар жинау» ойыны. Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау. - Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті. Аққала: 1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма? Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы? - ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз. Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады. - Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық: Шынығамыз бәріміз, Иіліп, бүгіліп, денеміз. Хоккейді де ойнаймыз, Шаңғыны да тебеміз. Әрлі - берлі жол салып, Қар лақтырып, ойнаймыз. Қорықпаймыз аяздан Спортшы болмай қоймаймыз.

2. Тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады ) Қыс мезгілі көңілді,

Қар жауғанда топ бала, Аспаннан ақ қар төгілді.

Соқты қардан аққала. Шанамен біз ойнаймыз,

Мұрны сәбіз, үп - үшкір, Шаңғы теуіп сырлаймыз.

Көзі көмір, қап - қара.

Далада қар борайды,

Ауыл сырты - биік жар, Ақ мамыққа орайды.

Бізді күтіп, тұр қарап. Мұз болады, қатады,

Биік жарға шығып - ап, Жып - жылтыр боп жатады.

Жөнелеміз, сырғанап. - Жарайсыңдар! Қане, балалар ойын ойнап жіберейік. Аққаламызға суретін құрап берейік. Ойын: «Аққала құрастыру» - Балалар, енді үйден ата - аналарымызбен салып келген суреттерімізді аққаламызға, қонақтарымызға таныстырайық. Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!

- Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді) Қорытынды: - Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік? - Қыс мезгілі - Бізге бүгін қонаққа не келді? - Аққала - Барлығымызға ұнады ма? - Иә - Жарайсыңдар, балалар, ен

 

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст