"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін – өзі тану еліне саяхат

07.02.2022

Мақсаты: Балалардың өзін – өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.

- өзіне деген сенімін арттыру;

- шығармашылық қабілетін, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту;

- өзін – өзі және бірін – бірі тәрбиелу;

Көрнекі құралдар: интерактив тақтасы, үнтаспа, суреттер, плакаттар, жапырақтар,

«Өзін-өзі тану еліне саяхаттың» үлкейтілген суретін интербелсенді тақтадан көрсетіліп тұрады. (1 слайд)

Шаттық шеңбері: (2 слайд)

-үлкенге де сіз, (Оң қолын алға созады)

Кішіге де сіз. (Сол қолын алға созады)

Барша жанды құрметтеп, (Екі қолын кеудеге қойып)

Бас иеміз біз (бас иеді.)

-Балалар бүгін біз «Өзін-өзі тану еліне» саяхаттаймыз. Ол елде орман-тау,өзен-көл,патшалықтар,елді-мекендер мен сарайлар бар.

(3 слайд) «Өзін-өзі тану елі»- «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат», «Атамұра», «Өнерлі ел», «Достық» деген өлкелерден тұрады. Бұл елдің ең биік шыңы «Адамгершілік» деп аталады. «Адамгершілік» шыңына жету үшін әр өлкенің өз тапсырмасы бар .Сол тапсырманы орындай отырып шыңға қарай өрмелейік. «Адамгершілік» шыңында әрқашан күніміз жарқырап бізге шуағын шашып тұрады.

Мұғалім суреттен көрсете отырып,балаларды осы өлке шарттарымен таныстырады.

-Балалар бұл өлке «Тіл табысу» өлкесі.Бұл өлкеде сыпайы,бір-біріне қамқор,мейірімді адамдар өмір сүреді.

(4 слайд) 1. «Тіл табысу» - өлкесінің тапсырмалары. Егер мұндағы тапсырмаларды орындай алсақ, онда келесі өлкеге өте аламыз.

(5 слайд) 1 – тапсырма: Біздің бойымыздағы жақсы қасиеттерді көрсете білейік.Ол үшін оқушылар қарым-қатынаста қолданылатын жақсы сөздерді қаншалықты білетінін, қандай жағдайда пайдалану керектігін тексеру:

(мыс:сәлеметсіз бе?,сау болыңыз!,ғафу етіңіз т.с.с.)

(6 слайд) 2-тапсырма: Тақтаға жапырақсыз ағаштардың /үлкен - кіші/ суреті салынған плакаттар ілінеді. Жапырақ пішінді қағазға жазылған құрметті, ізетті сөздерді оқушыларға бөліп беру. Оқушылар жапырақтағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын болса үлкен ағашқа, кішілер айтатын болса кіші ағашқа апарып ілесіңдер. Жапырақтағы сөздер үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, т.с.с.

Ойын:

«Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!

(7 слайд) 2. «Білім өлкесі» сіздердің қаншалықты білімді екендеріңізді тексереді..

(8 слайд) 1.Оқусыз білім жоқ,

.................Білімсіз күнің жоқ.

 

2.Оқу – инемен,

.............Құдық қазғандай.

3. Білекті бірді жығады,

................Білімді мыңды жығады.

4. Қына тасқа бітеді,

.................Білім басқа бітеді.

5. Еңбек етсең ерінбей,

...................Тояды қарының тіленбей.

6. Ананың - сүті бал,

...................Баланың – тілі бал

7. Отан - оттан да, ...........ыстық.

(9 слайд) 3. «Табиғат өлкесі» сіздердің табиғат жанын ,яғни өсімдік топырақ,ауа қасиеттерін сезіну қабілеттерін анықтау;

Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, өзен, көл, ауа, жер, су. Біздің тіршілік ортамыз.

Олардың барлығы бізге берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау,оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Адам табиғаттан сұлулықты,әдемілікті үйренеді.Ол үшін адамға табиғаты тану,сезіну және оның екерше екенін терең түсіну қажет.Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен сырлы өлеңмен,ғажап суреттермен жеткізе алады.

(10 слайд) 1-тапырма

а)табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу,

ә)адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу;

1. Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеңдер
2. Адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеңдер
(11 слайд) 2 – тапсырма: «Табиғат» - сөзінен қай топ көп сөз құрайды, жарыс. Аға, ат, ата, таба, таға, ат, би, баға, бата,атта, Ғабит т.б.

(12 слайд) Қане, балалар енді сенднрдің сөздеріңді «Табиғат» өлкесінің құраған сөздерімен салыстырайық

Ойын «Әр түсті заттар»

Оқушыларға белгілі бір түсті атайды. Оқушылар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған оқушылар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т.с.с.

(13 слайд) 4. «Атамұра»өлкесі ата-баба байлықтары сақталған.

Мақал-мәтел, жұмбақтар.

(14 слайд)1- тапсырма: Берілген әріптерден сөз құра: (ЕҢБЕК)

(15 слайд) 2-тапсырма:

Жұмбақтардың шешуін тап

1. Таяқ жеген сайын ойнақтаған

(Доп)

 

2. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады.

(Күн)

3. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді

(Ауа)

4. Он көзі бар өзінде

Он цифр бар көзінде.

(Телефон)

5. Қыста үйіліп жатыр,

Көктемде құйылып жатыр.

(Қар)

6. Түнде аспаннан кетпейді,

Санасаң сан жетпейді.

(Жұлдыз)

(16 слайд) 5. «Өнерлі ел» сендердің шығармашылықтарың тамашаланады.

(17 слайд) 1. Сурет салу . «Көңіл – күй кітапшасы»

Жүргізуші оқушыларға өздерінің көңіл – күйлерін қағаз бетіне түсіруін ұсынылады. Оқушылар қарандашпен сурет салады. Кейін үлкендер салынған суретті жинақтап көңіл – күй кітапшасын жасайды.

(18 слайд)

6. «Достық»өлкесі. барлық адамдарды татулыққа ,ауызбіршілікке шақырады.

(19 слайд) “Достық көмек” дегенді қалай түсінесіңдер?

«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.

Қорытындылау:

- Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір – біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып, айналамыздағыларға тек жақсылық тілеп жүрейік. Сонда өзіңнің де, достарыңның да көңіл күйі көтеріңкі болады.

Инетакті тақтадан Әл – Фарабидің сөзін оқи отырып, іс – шараны аяқтау.

(20 слайд) Жүректен жүрекке

- Балалар, қол ұстасып, шеңбер құрайық, шеңберімізді дөңгелек күнге ұқсатайық. Қане, бір – бірімзге қарайық. Досыңның күлімдей қарағаны саған қуаныш сыйлап тұрғаны емес пе?! Ендеше шат көңілмен мына өлеңді біргей айтайық.

«Біз – өмірдің гүліміз»

Зеңгір көктен, Бал достыққа,

Нұрын төккен, Жолдастыққа,

Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз,

Жайдары өскен, жайнап өскен, Нұр құштық та,

Біз – өмірдің гүліміз Бақыттымыз бәріміз!

 

(Осы сабақтан естелік болып қалу үшін, балаларға, сыйлықтар тарату)

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст