"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен Шығармашылықтың педагогикасы»

14.02.2022

1- жүргізуші:Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік  пен Шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндіктің жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

Кұттықтау ән:

2-жүргізуші: Я, жүректен шыққан шынайы мейірімділік орасан зор рухани қуатқа айналады және сырт көзге нұрын төккен жарық дүние ретінде сезіледі. Сол арқылы жеткен барлық құбылыс айналасына қолдау мен марапат көрсетіп, шабыт пен тыныштық орнатады. Жүрек энергиясының қабілетінде шек жоқ десек те болады.

1-жүргізуші:  Қандай керемет! Егер жүрегімізге жақсылық нұрын ұялатып, айналамызға шуақ шашып,адамгершілік іс-әрекеттерінің дәмін сезетін болсақ, өміріміз қуанышқа толы болады екен гой?!

……………….., айтыңызшы, жүрек түпкірінен орын алған риясыз сүйіспеншілік, кішіпейілділік, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді қайдан үйренеміз?

2-жүргізуші: Біз оны Өзін-өзі тану пәні арқылы үйренеміз. Өзін-өзі тану пәні адамға шынайы бақытқа, өмірлік қанағаттану мен ішкі тыныштыққа жетуге мүмкіндік береді, мінездің кемелденуін және тұтас үйлесімді тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Біз өзін-өзі тану сабағы арқылы ұстаздарымыздың ісі, сөзі және ойымен нұрланып асқақ өмірдің айрықша кезеңін бастаймыз.

1-жүргізуші: — Дұрыс айтасыз! Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. Бізге осындай білім бетіп отырған жүзі жылы, әрқашан мейірім шуағын шашып, жылы шыраймен, әдемі күлкісімен біздің жүрегімізді жаулап алған ұстаздарымызға үлкен алғыс айтамыз

2-жүргізуші :…………….., сенің достарың бақытты балалық шақтың қамқоршысы, қорғаны, тірегі, жүрек жылуын барша шәкірттеріне күннің құдіретті сәулесі тәрізді нұр болып құя білетін ұстаздарымызға өздерінің жүрекжарды тілектеріне кезек берсек…

Кұттықтау ән …………………………….

1-жүргізуші:………….., Саған бір сұрақ қойсам… Ойланып көріңізші, Сіздің өмірде қандай құндылықтарыңыз бар?

2-жүргізуші: Айтатын болсам, ата-анам, достарым, туысқандарым, ұстаздарым, мектебім, туған елім – бұл ең жақсы көретін құндылықтарым. Ал, жақсы көріп айналысатын ісім, хоббиім – шығармашылық құндылығым.

1-жүргізуші:  Мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік, тәрбиелік, шынайылық, тағы да басқа құнды қасиеттер қандай құндылықтарға жатады?

2-жүргізуші : Бұлардың барлығы жалпыадамзаттық құндылықтарға жатады. Жалпыадамзаттық құндылықтарадам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады және тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау — бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.

1-жүргізуші:Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.

2-жүргізуші : Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп, балалардың гүлденіп өркендеп өсуіне көп үлесін қосқан, бізге күннің шапағатты нұрын төгіп, құшағын балаларға кең жайып, жүрегі мейірімділікке , адалдыққа , сүйіспеншілікке толы анамыз – Сара Алпысқызы

1- жүргізуші:Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.

2-жүргізуші: Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда.Сара Алпысқызы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді.

1-Жүргізуші: Сонымен бірге Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралар арқылы «Алтын жүрек анамызға» алғысымызды,ыстық ықыласымызды,жүрекжарды лебізімізді білдірдік

 2-жүргізуші:

Бар жақсылық бір өзіңнен табылар

Ұстазға тән қасиеті бәрі бар

Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған

Шәкіртіңнің жыр – пейілін қабыл ал

Оқушылар тақпағы:

 

1- жүргізуші: Адамға тән 6 қасиет:

1Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің;

2Сені өрге сүйрейтін өнер-өрісің;

3Тек ілгері бастайтын талабың;

4 Ешқашан алдамайтын тапқырлығың;

5.Қиындықта сыналатын қайратың;

6.Бәрінен күшті ететін ақылың мен білімің.

Мұғалім: Біздің мектебімізде «Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндік өтті.«Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деуге әбден лайықты.Себебі,осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің,әділдіктің,шынайылықтың дәнін себуге болады. «Өзін-өзі тану» пәні әрбір оқушыны адал болуға,айналаны жақсы көруге,өзіндік «менін» қалыптастыруға, өмірде өз орнын табуға,өз мүмкіндіктерін анықтауға,өмірді сүюге, алға ұмтылуға,ешкімге еліктемей өзін таба білуге үйретеді. Өзін- өзі тану пәні  сонымен қатар Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып,адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге,шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға,өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді, шығармашылықпен еңбек етуге шабыттандырады.Анаға,туған жерге,Отанға,туған-туысқанға, досқа, өмірге, әлемге махаббатпен қарау керек екенін ұғындыратын пән. Олай болса, «Өзін-өзі тану» пәнін -Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» деу әбден орынды.

Баршаңызды «Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен Шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндігінде белсене қатысқандарыңызға ризашылығымды білдіреміз. Осы он күндік барысында өз өнерлерін көрсетіп белсене қатысып, өз шығармашылықтарымен қоса  өлең жыр шумақтарын арнаған оқушыларымызды марапаттаймыз

Балалар,осынау тамаша «Бүгінгі мереке үшін алғыс білдіремін.Сіздерге ризамын»-дейді.

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст