"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Асық ату" жарысы

28.02.2022

                                          «Асық ату» жарысы

Өткізілетін шара түрі: Асық ату  жарысы

 

Өткізілітен уақыты: 11.02.2022

 

Өткізілетін орны: акт залы

 

Қатысатын мүшелер:  4-9 сынып оқушылары

 

Мақсаты:

 

1. Білімділік:

Асық ату ойыны туралы мағлұмат бере отырып мәтіннің мазмұның ашу.
2. Дамытушылық: оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын арттыру сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Асық ату ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу


Барысы: Жарыс бастамастан бұрын амандасу, оқушыларды түгендеу.

Асық ату жайлы эссе оқу қысқаша түсінік.
Асық ату – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 5 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Асық ату өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
 

         Асық ойыны қазақтың дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де түнде де ойналады. Иіргеніне қалпына қарай асық-алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Және арнайы сақа болады. Ойынның мақсаты көп асық ұтып алу. Балалар кезек кезек сақаларын лақтырып асықтарды шеңберден шығару қажет.

 

          Асық ұсақ малдың (қойдың) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек асықтай алынады.

 

           Асық ойнының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан, қақпақыл және т.б. Қазіргі уақытта асық ату ережелері шамалы өзгерген. Сол турлердің ішінен мсала құмар ойынына төрт адам қатысады. Олардың торт асығы болуы қажет. Содан соң кезек кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе жүлденің жартысың алады. Төрт асықтөрт түрлі түссе ондай жүлдені толықтай алады. Осылай ойын жалғаса береді.

 

 

 

 

Жарысты бастау..Жарыс асық ату ережесі бойынша сол жүйе арқылы өткізілді. Жүлделі орынға ие болғандар:

1. Сабыркен Мереке (8 сынып)

2. Жолдаңғар Амир (9 сынып)

3.Ахметзакиев Дильхан (8 сынып)

     Жүлделі орын алған оқушылар мадақтау грамоталарымен марапатталды.
 

Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст