"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аналар-асыл жандар

10.03.2022

Аналар-асыл жандар

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

2 жүргізуші

Ана,ол- бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл жандар!

Бүгінгі аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі Құтты болсын!

1 жүргізуші

Құрметті аяулы аналар!

Жүздеріңізден күлкі кетпей, тек қана жайдарлы көңіл күй мен ақ

жарқын өмір тілейміз. Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің

арнайы дайындалған «Гул мереке, күн мереке» атты

мерекелік кешімізді тарту етеміз.

2-жүргізуші

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз! -дей отырып бастауыш  сынып оқушыларынан   әнді қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар

1-жүргізуші:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші:

Ана десем шешек ашып жанары.

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзің мектеп директоры ..Маннанова Қарлығаш Нұрмұхамбетқызына береміз.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз, дей отырып, 6-9сынып окушыларынан жүрекжарды тілектер жане такпактар  ұсынамыз

1-жүргізуші:

«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Максим Горький

2-жүргізуші:

Белгілі қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлы: «Адамдар әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды», деген.

Алдарыңызда 2 сынып оқушыларынан такпактар жане  Өміртай Ерсұлтанның   әнін қабыл етіңіздер

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай .

8-9 сынып оқушыларынан  әндерин  қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

1-жүргізуші:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы

2-жүргізуші:

Уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,- деп отырып  1 сынып би және тақпақтар

4 сынып би жане такпактар

1-жүргізуші:

Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.

Сіздер үшін тағыда бір тамаша әнімізді тарту етеміз 6-7 сыны оқушылары ән

 әнін үсынамыз қабыл етіңіздер.

1-жүргізуші:

Мерекеге арналған бугін билер

Көтерілсін,канекей,көніл- күйлер

Алдарынызда қазіргі қазақ биі,

Тан қалдырып қанекей би билендер,-демекші,ендігі кезекті 8-9 сынып  биіне береміз

1-жүргізуші:

Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.

 

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

2-жүргізуші:

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

 

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст