"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күлкі жәрмеңкесі

04.04.2022

Тақырыбы: Күлкі жәрмеңкесі

Мақсаты: Балаларға «1 сәуір – күлкі күнін» тойлай отырып көтеріңкі көңіл – күй сыйлау. Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: фокус заттары: фальга, стакан, тиын, бутылка, су, банка, акварель бояуы, ойын заттары: шляпа, арқан және торт пен шар.

Зал туған күн тойлауға сай, түрлі-түсті шарлармен, гүлдермен жабдықталған. «Туған күніңмен» сөзі бар плакат ілінген.

Барысы: Балалар шеңбер бойымен орындықтарға жайғастырылады.

Ортаға Күлдіргіш пен Ойынпаз сайқымазақтар кіреді.

Күлдіргіш: Сәлем, сәлем, балалар! Көңіл-күйлерің қалай (кезекпен)? Мен Күлдіргішпін! Мен балаларды күлдіргенді жақсы көремін (қытық-қытық).

Ойынпаз: Сәлеметсіздерме, балалар! Өсіп жатырсыңдар ма (кезекпен)? Мен Ойынпазбын! Ал мен балалармен ойнағанды жақсы көремін.

Осы кезде Таңғалтқыш сайқымазақ келеді.

Таңқалтқыш: Ой, Сәлем, балалар! Кешіріңдер, мен көп кешіктім бе?

Күлдіргіш: Салем, Таңқалтқыш. Жоқ, бізде жаңа келдік. Қайдан кешігіп жүрсің?

Таңқалтқыш: Ой, басқа балабақшадағы туған күнге кіріп кетіппін.

Ойынпаз: Таңқалтқыш келген екен ендеше туған күнімізді бастайық. Ортаға туған күн иесін шақырамыз (ешкім шықпайды)!

Таңқалтқыш: Кімнің туған күні (балаларға, бір-біріне таңқалып қарайды)?

Ойынпаз: Алдар деген баланың туылған күніне шақырған еді ғой?

Күлдіргіш: Араларыңда Алдар деген бала кім?

Таңқалтқыш: Балалармен танысқан жоқсыңдар ма? Танысып алайықта! Ойын арқылы танысамыз.

Ойын: «Атыңды ата»

Таңқалтқыш (ойын шартын түсіндіреді): Мен өз атымды атап допты біріңе лақтырамын. Допты қағып алған бала өз атын атап кері лақтырады.

Ой, достарым, мына балалардың арасында Алдар деген бала жоқ қой.

Ойынпаз: «Қыр бөбегі» шағын орталығы емес пе? Иә, дұрыс, мінекей «Алдар көсенің туған күні - 1 сәуір «Күлкі күніне»» шақырамыз.

Күлдіргіш: Ойынпаз, бізді «Туған күн кешіне емес» «Күлкі күніне» шақырған екен ғой. Алдар деген баланың емес, бәріміз білетін Алдар көсенің туылған күні. 1 сәуір – «Күлкі күні», бұл күні барлық адамдар, балалар бірін-бірі алдайды, күліп жүруі тиіс. Мен «Күлкі күнін» жақсы көремін. Ендеше бәріміз бүгін күліп алайық. Қытық-қытық.

Ойынпаз: Ендеше, балалар, бүгін біз ойын ойнаймыз, би билейміз, ән саламыз, таң қаламыз, күлкіге қарық боламыз, иә?

Ойын: «Иә, Жоқ»

Ойынпаз (сұрақтарға «иә», «жоқ» жауап алады):

Ойын ойнаймыз ба? – Иә

Би билейміз бе? – Иә

Жылаймыз ба? – Жоқ

Күлеміз бе? – Иә

Ашуланамыз ба? – Жоқ

Ұрысамыз ба? – Жоқ

Ән саламыз ба? - Иә

Қуанамыз ба? – Иә

Күлдіргіш: Ендеше кеттік. Ойын ойнаймыз.

Ойын: «Сиқырлы қалпақ»

Күлдіргіш (ойын шартын түсіндіреді): Музыка әуенімен бәріміз ырғалып билейміз. Менде «Сиқырлы қалпақ» бар. Билеп жүрген бір баланың басына кигіземін. «Сиқырлы қалпақты» киген бала ортаға шығып би қимылын көрсетеді. Қалған балалар дәл сол қимылды қайталап билейсіңдер. Ендеше кеттік.

Балалар еркін қалаған қимылдарын көрсетеді.

Залға әндетіп Алдар көсе келеді.

Алдар: Алдар, Алдар, Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгел мұрт та жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Таңқалтқыш: Ассалаумағалейкум, Алдеке! Бүгін сіздің туған күніңіз екен ғой. Біз мына балалардың арасынан Алдар деген баланы іздеп, таппай жүрсек. Сөйтсек, сіздің туған күніңізде аталып өтілетін күлкі күні, алдау күні – 1 сәуір екен ғой.

Алдар көсе: Иә, бүгін менің туған күнім.

Күлдіргіш: Ау, балалар, ендеше Алдарды туған күнімен құттықтамаймыз ба?

Балалар хормен: Туған күніңізбен!

Алдар көсе: рахмет!

Ойынпаз: Алдеке, сіздің туған күніңізді басқалар атап өтіп, күлкілі кештер өткізеді. Сіз өзіңіз қалай өткізесіз?

Алдар көсе: Ой, мен! Еркіндіктің, бостандықтың адамымын. Ел аралап, халықтың көңілін көтеремін, әлсіздерге көмектесемін.

Ойынпаз: Алдеке, бүгінгі күнді бізбен бірге өз туған күніңіз өткізіңіз. Бізде ән де, би де, қызықты ойындар да бар. Солай емес пе, балалар?

Таңқалтқыш: Балалар, енді, таң қалуға дайынсыңдар ма? Мен сиқыр көрсетемін. Менен, менің қолымнан көз алмай қарап отырыңдар, әйтпесе қызықтан құр қаласыңдар, уф-суф, уф-суф (қолымен сиқырлағандай қимыл жасайды, балалар қорқытады) уф!

Таңқалтқыштың фокусы.

Күлдіргіш: Ой, қандай керемет!

Ойынпаз: менің ойындарым, одан да қызық болады. Ойын ойнауға дайынсыңдар ма? Ойынға Күлдіргіш, Таңқалтқыш сендер өзара күш сынасуға қалай қарайсыңдар?

Екеуі: Әрине, күш сынасамыз! Мен күштімін! Мен күштімін!

Ойынпаз: Ендеше ойын шартын тыңдап алып алыңдар.

Ойын: «Шалқан»

Ойынпаз: Ойын шарты бойынша екеуің екі топ басшысы, яғни шалқан ертегісіндегі ата боласыңдар. «Шалқан» ертегісінде тағы қандай кейіпкерлер бар. Әже, қызы, күшік, мысық, тышқан рөлдерінің орнына бір-бір баладан кезекпен өздеріңі таңдап аласыңдар. Топта өздеріңді қосқанда 6 адам болады. Қарама-қарсы бетте, жерге шалқан қойылады. Бірінші ата өзі жүгіріп барып шалқанға қол тигізіп қайтып келеді. Жүгіріп келіп әжені ізіне тіркеп шалқанға енді екеуі барып келеді. Ойын соңғы ойыншаға дейін осылай жалғасады. Соңғы ойыншыны тіркеп барғанда шалқанды алып келеді. Қай топ бірінші болып келсе, сол топ жеңімпаз атанады.

Балалар қол соғып жанкүйер болып отырады.

Ойынпаз: Жарайсыңдар! Керемет!

Таңқалтқыш: Әне, айттым ғой, біз күштіміз! Көрдің бе? Әкел қолды! Балалармен қолдарын соғыстырып, қуанады.

Күлдіргіш: біз байқаусызда жеңіліп қалдық, әйтпесе сені жеңіп кететін едім (екеуі текетіреседі).

Ойынпаз: Қойыңдар, жеңімпазды анықтағыларың келсе тағы ойнайық.

Ойын: «АйдаҺар»

Ойынпаз: шартын мұқият тыңдап алыңдар. Тағы өздеріңе бес, бестен бала таңдап алыңдар, оларды арттарыңа тіркеп аласыңдар. Олар сендердің балаларың болады. Ортаға сызық сызылып екі жақ өздеріңнің үйлерің болады. Екі айдаһар шетінен бастап қарсыласының балаларын ұстап алып ойыннан шығарып отырады және өз балаларын қорғап отырады. Қай айдаһардың балалары бірінші таусылса сол жеңіліс табады.

Жеңіске жеткен сайқымазақ мақтанады.

Алдар: Ой, керемет! Менің де ойынға қатысқым келіп тұр. Ойынпаз, ойының таусылып қалған жоқ па?

Ойынпаз: Менде ойын таусылған емес ешқашан таусылмайды. сіздердің күштеріңізді жеке-жеке сынайық. Арқан тартыс ойынына қалай қарайсыңдар?

Сайқымазақтар: тартысамыз, тартысамыз.

Ойынпаз: Ал, ендеше, кеттік!

Ойын: Арқан тартыс.

Ойынпаз: ойын шартын ұғып алыңдар. Сендер бір-біріңмен емес, балалармен тартысасыңдар. Ал, кім бірінші болсын? Ойынға қатысқысы келіп тұрған Алдекең бірінші болсын. Келіңіз, Алдеке! Алдар ортаға шығады. Қане, балалар, Алдекеңмен кім тартысады (ортаға бес бала шығады). Бір, екі, үш кеттік. Арқан тартыс басталып кетеді.

Алдар: Ой, ой, ой, балалардың мықтысын-ай (балаларды тартып барып, жеңіліп құлап түседі, сайқымазақтар оған қолымен көрсетіп күледі)! Белім, белім, белім-ай!

Күлдіргіш: Мені көріңдер, мені! Мен жеңемін!

Ойынпаз: Күлдіргішті жеңем деген балалар шықсын.

Ортаға бес бала шығып Күлдіргішпен арқан тартысады.

Күлдіргіш: Ой, ой, ой, мына балаларды-ай, а (олда балалардан жеңіліс табады, оны Таңқалтқыш мазақтап күледі)?

Ойынпаз: Енді кезекті Таңқалтқышқа береміз.

Таңқалтқыш ортаға қоқиланып, күшін көрсетіп, басын иіп, мен жеңемін деп шығады. Олда жеңіліп, үшеуі балалардың мықты екенін мойындайды.

Ойынпаз: Ой, сендер Таңқалтқыш пен Күлдіргішті, Алдарды жеңіп кеттіңдер, қандай күштісіңдер? Спортпен айналысып, күнде таңғы жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстанасыңдар ғой, деймін!

Күлдіргіш: Енді менде спортпен айналысып, көп жаттығу жасайтын боламын.

Таңқалтқыш: Мен де! Келесі жолы келгенде сендерді жеңіп кететін боламыз.

Ойынпаз: Туған күнімізді жалғастырайық! Ұнап жатыр ма, сендерге?

Күлдіргіш: Балалар, біздің Алдекеңе, балаларға арналған тосын сыйымыз бар (сыртқа шығып кетіп торт, Таңқалтқыш шар әкеледі)! Қане, бәріміз бірге! Туған күніңменен!

Балалар хормен: Туған күніңменен!

Таңқалтқыш: Туған күніңіз құтты болсын! Жүздеріңізден күлкі кетпесін! Әр уақытта қуанып жүрейік! Балаларымыз бақытты болсын (балаларға шарын таратады)!

 

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст