"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12 сәуір-Ғарышкерлер күні

11.04.2022

Тақырыбы:  12 сәуір-Ғарышкерлер  күні

Максаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілік: интерактивтті тақта, зымыран суреті, үн таспа. 
Әдіс- тәсілдер: жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар                                                                                                                                               Барысы.І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық:
- Осы біздер қандаймыз?  - Талабы биік таудаймыз!
- Біз нені ұнатамыз?   - Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз. - Қалай оқимыз?- Көп оқимыз. Терең оқимыз.
- Жанып тұрған шырақпыз. Толқынды су бұлақпыз.
- Біз кімбіз? - Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін, Бабаларға тағзым ететін,
Аналарға бас иетін  Елтаңбасымен еңселі,
Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты – Қазақ елінің болашағымыз!-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? 
-Қазір көктем мезгілінің қай айы? -Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасыргым келіп тұр. Жерде болса тұрағым.  Марсқа ұшып тұрамын. 
Ғарышкер  -дұрыс айтасыңдар 
- Балалар, он екінші сәуір ғарышкерлер күні. 
-Айға ұшып, айға сапар шеккендерді ғарышкерлер деп айтамыз. 
Зымыранмен ғарышкерлер ғарышқа ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарышқа ұшатын Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр өзіміздің Қызылорда обылысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады.

Ғарышқа алғашында нелерді ұшырып еді?

-         Лайка —  ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

-         1957 жылдың 4 қазанда ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді.

-         Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті

жаттықтарған болатын. Олар:  Белка мен Стрелка

1961 жылдың 12 сәуірінде, бір орынды «Восток» кемесімен, тұңғыш рет Совет Одағының азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді.

-         Ең алғашқы қазақ ғарышкерін атаңыз?

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы 1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш сегіз тәулік бойы ғылыми  зерттеу жұмыстарын жүргізіді.

1991ж   қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

-         Тоқтар Әубәкіровтен кейін ұшқан қазақ ғарышкері кім еді?

-Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы – ғарышкер

1994ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.

2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.                        3  ғарышкеріміз – Айдын  Айымбетов 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесі ұшты.

Күн жүйесінде 9 үлкен планеталар бар, 43 серік планеталар бар.

-Планеталар  туралы  не білеміз?

Меркурий,Шолпан,Жер,Юпитер,Сатурн,Уран,Нептун,Плутон.

Келесі кезекті   тақпақтарға  береміз

1:Бүгін Юрий ағаның 

Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын 

Мен ғарышкер боламын
Ғарыш сондай алыс па?

2:Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын 

Сені көзбен шоламын
3:Көкке ұшамын 

Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның 

Ер ғарышкер ағаның
Батыр болам –

Көк аспанда сүйемін.

4:Апта түгіл ай өтті,

 Ол ғарышқа ұшқалы.
Сонша неткен сай, епті,  

Сонша неткен күшті әрі.                                                                

5: Ол кеткенде кыс еді,

Жер беті енді көктеңбіл.
Қашан жерге түседі?

Шыдамды еді неткен бұл?                                           

 Қазақстанның тұңғыш ғарышкері  «Тоқтар Әубәкіровке»:                                                                     Алтын бесік тербеткен, 

«Байқоңырдан» аттандың.                                                                                     

Ең алғашқы қазақтың  

Ғарышкері атандың.                                                                               

 Мақтанады өзіңмен, 

 Бүгінгінің баласы                                                   

1-оқушы:Ғарышкер.

Байқоңырдан ұшады алып кеме,
Тоқтар, Талғатқа жетпейді ешбір теңде,

Қазақ атын шығарған ағаларға.
Дән риза өлі аруақ бабалар да.

Болу үшін ғарышкер…
Тоқтардай,Талғат ағалардай

Болу үшін ғарышкер
Жұрт қызыға қарағандай

 Болу үшін намысты ер
Келмейтіні жоқ деді атам

Намысты ердің қолынан                                                                     

 Қиялға мен ұзақ батам,

Намыс керек соны ұғам.
Қасиетті,қайратты ер

Қандай қ иын болмасын

 Атанады ғарышкер                                      

 2-оқушы: Әрқашан ерлікке құштармыз,

Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,

Достарды жұлдызға бастармыз.
Қанат берді еліміз, Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,

Ұшамыз біз айға да,

Ұшамыз біз ғарышқа,

Ғарышкер де боламыз.

Біз не білдік? Олар ғарышқа ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ер жүрек болу үшін білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек. 
Ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. сондықтан осылардың сақтану үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы киім киеді. Скафандрдың арқасында ауа толтырылған балоны, жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады. Казiргi кезде Байкоңыр халықаралық ғарыш аймағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Франция, Үндiстан, т. б. мемлекеттердiң ғарышкерлер мен ғарыш кемелер ұшырылды.

 «Ғарышерлер» ойыны.Бес орындық қойып, 6 оқушы шығып, орындықты ұшқыш қимылын жасап айналады. Музыка тоқталғанда орындыққа отырып, үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Сөйтіп ойын жалғаса береді.

«Кім тапқыр?» ойыны.                                

 Жұмбақ шешу.

1. Күмбез сынды кең сарай,                            

    Еш жерде жоқ тең сарай.      (Аспан)

2.  Әлемнің екі күзетшісі:

      Бірі – күндіз тынығады,

      Бірі – түнде тынығады.                   (Күн мен ай)

3.  Күндіз білінбейді,

      Түнде күлімдейді.     (Жұлдыз)

4. Басы озып құсты,

      Қанат қақпай ұшты. (Ұшақ)

5. Күміс қанат сұңқары,

      Көкке еркін сүңгиді.

      Бұлттан да тым әрі,

      Күткен жанды кім дейді?    (Ұшқыш)

Қорытындылау -Балалар ғарышқа не ушін ұшады? 
-Иә, аспан әлемін планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады. 
-Аспанда нелер болады , балалар? 
-Күн, ай , жұлдыз, бұлттар болады? 
-Дұрыс айтасыңдар, қалай ойлайсыңдар, ғарышқа қандай көлікпен 
ұшады? 
-Ғарышқа зымыранмен ұшады. 
-Осымен тәрбие  сағатымыз  аяқталды.

Қазақ елін асқақтата беретін ғарышкерлер өсе берсін! 

 

Просмотров: 593


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст