"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош бол, бастауышым»

30.05.2019

«Қош бол, бастауышым»

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. 
 

І жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті, ата – аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгін 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн. Өйткені, олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне, бойлары да, ойлары да өсіп,бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр. Ендеше қызықты да,ғаламат өзгерістер сыйлаған, білімнің бастауы болған «Қош бол, бастауышым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

І жүргізуші: Бастауыш бала үшін өмір мәні,

Бастауыш бала үшін өмір сәні

4 жыл оқып, бастауышты тәмамдап

Бүгін міне қоштасады барлығы.

ІІ жүргізуші: Бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

І жүргізуші: Сондай –ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан,жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымен қоштасқалы отыр.

ІІ жүргізуші: Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмамдайтын күн жетті.

Қошеметпен шақырамыз ортаға

Қадам басқан шәкірттерін құрметті – дей отырып, бастауыш түлектерін ортаға шақырамыз.(музыка әуенімен түлектер ортаға шығады)

І жүргізуші: Армысыздар жас достар,

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың,

Келешегі қазақтың

Сендерден басталар.

ІІ жүргізуші: Ажырамай мектеппен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз –дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Сактаганова Н.Н. беріледі.

І жүргізуші: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Ұлпан: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Мадина: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Данель: Ұлылықты аруақ тұтар үнемі

Алтын ұя ақ босаға киелі

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

ІІ жүргізуші: \қонақтармен ойын\

ІІ жүргізуші: Оқушыларымыздың биін тамашалайық

І жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың алғашқы ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің? 
ІІ жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз дер едім. 
І жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнайық.

Ұлпан: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан

Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Анамның аяулы үні сияқталған.

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады,

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Данель: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Мадина: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты,

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Ән«Ұстазым»

ІІ жүргізуші: 2015жылы қыркүйектің 1-інде ата –анамыз біздерді қолымыздан жетектеп, білім ордасына алып келді. Бас иіп, шексіз алғысымызды аналарымызға және қадірлі әкелерімізге білдіреміз.

Әкелдіңіз білім ал деп мектепке,

Жетектеп арман қуған балаңызды

Рахмет айтамыз ата – ана,

Басымызды иіп біздер мәңгілікке.

І жүргізуші: Құрметті, аналар мен әкелер, біз сіздерге рахметімізді айта отырып, келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Оқушылардың орындауында  «Мама» әні

ІІ жүргізуші: ойын

ІІ жүргізуші :Сөз кезегін түлектеріміздің ата­аналарына береміз

І жүргізуші: Оқушылар, сендер бүгін бастауышпен әрі алғашқы ұстаздарыңмен қоштасқалы тұрсыңдар. Келесі сөзді 4 жыл бойы білім берген ұстаздарымызға берейік.

Ұстаз сөзі: 

Ән «Қош бол,бастауышым»

ІІ жүргізуші :

(Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

1-жүргізуші: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында«Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.

Хормен:

Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Осымен біздің қоштасу кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотров: 862


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст