"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош бол, алтын ұя мектебім!

13.06.2019

Қош бол, алтын ұя мектебім!

1- жүргізуші. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
2- жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар, 9-сынып түлектері, мектеп шәкірттері!
1- жүргізуші: Баршаңызда куәлік алу рәсіміне қош келдіңіздер! Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2- жүргізуші. Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын куәлік тапсыру кеші біздің мектебімізге де келіп жетті.
1- жүргізуші: Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,
Жоғалмасын ата – салтың, ғұрыптарың.
Кір келтірме ата-ана, мектебіңе.
Өскен ұя, ордаңды ұмытпағын.

2- жүргізуші: Өлкесінің айналсын ертеңіне,
Сенімдердің айналсын серперіне.
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып,
Тек сәттілік, елімнің ертеңіне.

1- жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді қарсы алайық ағайын
(түлектер екі - екіден шығады)

2- жүргізуші: Алдарыңда жол жатыр таралған мың,
Шақырады қол бұлғап сан арманың.
Жеткіншектер жеткізіп мұраттарға,
Орындаңдар әке мен ана арманын.

1-жүргізуші: Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ бүгін сан түлек
Айтылар бүгін сан тілек.
Егілер бүгін сан жүрек
Ән: Ержанның орындауында «Көк аспан» әні

2- жүргізуші: 9-сыныпта 4 оқушы бар. 1ұл бала, 3 қыз бала. Ұл балалар – аса қуатты, шапшаң. Ол күйіп-жанып, асығып жүреді. «Асықсаң да жұртқа күлкіге қалмайсың» деген мақсат бойынша өмір сүреді.

1-жүргізуші: Қыз балалар мінездер жағынан - сабыр періштелер. Бірақ анда-санда шыдамдары жетпей, күйгелектенеді. Олар асықпайды, сабақтарда ұстамды, «ақырың жүрсең алысқа жетесің» деген мақсатпен өмір сүреді.
2-жүргізуші: Бұл сынып өздерінің жанжалдарын ешкімге тыс шығармайды. Мектеп өмірінен оларға өте ұнайтыны – демалыс және дискотека.

1-жүргізуші: Олардың сүйікті пәні – әдебиет пен информатика. Қорыта келе бұл сынып өте татулы, әрдайым бірге жүреді.
Би флешмоб

2 жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз - деп келесі сөз кезегін мектеп директоры Сактаганова Нургуль Николаевна  беріледі. (куәлік тапсыру сәті)

1-жүргізуші: ойын

1-жүргізуші: Еңбегіңіз жанып, күні ертең,
Көрінсін арман асқары.
Бірге өткізген күндерің қыс-жазына,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Мың алғыс, Сізге Алия Зейнелғабиденқызы(құттықтау сөзі беріледі)

2-жүргізуші: Аружан мен Ержанның орындауында «Школа» әні

\Ержан Алия мұғалімді ортаға алып шығады (алғыс айту)\

2-жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да, сен міндетті түрде алтын ұяң – мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды, бірге оқыған достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минуттарды естен шығарма!
\барлық мұғалімдерге алғыс айту \жүрек\\
 

1-жүргізуші: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашан да,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірдентүлектеріміздің аналарын ортаға шақырамыз.\алғыс\

1-жүргізуші: Өткенде бізден ағаттық,
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген,
Үлгілі әр кез, ұстамды,
Сабырлы, ізгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз:
Айырылар кезде қимаймыз­дей келе түлектеріміздің орындауында «Қош бол мектеп»  әнін тыңдайық


2-жүргізуші: Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа,
Күміс күлкі сыймай тұр, аңғарына.
Ата-анадан бақытты барма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына
Келесі құттықтау сөз 9-сынып түлектерінің ата-аналарына беріледі.
 

2-жүргізуші :Түлектерінің орындауында«Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.


1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!»- деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.
2-жүргізуші: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!
1-жүргізуші: Сәт сапар, ақ жол, құрметті түлектер!

Осымен біздің қоштасу кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст