"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауышпен қоштасу мерекесі

24.05.2022

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар. Бүгін міне бірнеше жыл мәпелеп,күтіп, тәрбиелеп өсірген Бибінұр Темірбекқызы сынып оқушыларын орта буынға шығарып салғалы отыр. Осыдан 4 жыл бұрын қыркүйек айында  мұғалімі жетектеп ортаға шығарған кіп-кішкентай бүлдіршін еді, енді міне, бойлары да , ойлары да өсіп, бастауыш буынды аяқтап, тағыда бір саты жоғары қадам басқалы тұр. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!

1 жүргізуші:  Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған Бастауышпен қоштасу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргіуші:  Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

1 жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4  сынып түлектерін  ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

2-Жүргізуші: Баланың күлкісі мен баланың қуанышына не жетсін! Бала – өмірдің  шуағы мен шаттығы, шырайы мен пәктігі, арайы мен ақ гүлі. Ата – ана –мектеп – отбасы ынтымақтастығы негізінде бала тәрбиесіне кішкентай кезінен бастап көп көңіл бөліп, өзіндік «мені» қалыптасқан саналы да сауатты ұрпақ екеніміз бәрімізге аян. Мектеп пен ата-ананы байланыстырып отырған, әрине ұстаз. 4 жыл бойы менің сыныбым, менің ата-аналарым деп марқайып жүрген, өз сыныбын мақтан тұтатын тұлғамыз  МОЛДАХМЕТОВА  БИБІНҰР  ТЕМІРБЕКҚЫЗЫН  қошеметпен ортаға шақырамыз.

Мұғалім: Армысыздар ата –аналар, қонақтар, ұстаздар. Міне көзді ашып жұмғанша 4 жыл да келіп  қалыпты, кеше ғана 1 сыныпқа келіп сіздермен танысып, әр баланы жеке –жеке зерттеп отырған едім. Қалай уақыттың өткенін де байқамай қалдық. Құрметті ата-аналар осы жыл ішінде сіздермен қанша жұмыс жасадық. Сіздердей ата-аналарымның болғанына, ауызбіршіліктеріңізге, балаларыңызға берген тәрбиелеріңізге мың алғыс.

 Жүргізуші: Балалық шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Жүргізуші:Жас  жүректің  өмірлік  құштары  гүл,

Бағбан  ұстаз  баулыған  құстары  бұл.

Қоштасып  бүгінгі  күн  ұясынан

Сол  құстардың  бір  тобы  ұшқалы  тұр

Жүргізуші:Қандай  ғажап  қарашы  жан-жағыңа,

Күміс күлкі сыймай  тұр, аңғарына.

Ата-анадан  бақытты    барма екен  жан,

Қол  жеткізген  аңсаған  арманына

 

 Жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді,

     Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

     Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

     Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

Түлектерімізді   әсем әндерімен ортаға  шақырамыз!

Мұғалім: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше түлектеріміздің мектепке арнаған жырларын тыңдайық

 Хормен айту:

Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

2. Би: 

 Мұғалім: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едіңдер?

 

 

Хормен ЖАТТА:Серт береміз шын жүректен,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

 

4. Ән:«Ұстазым»  

 

 Мұғалім:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

 

 

 Хор: «Ұстазға мың тағызым» Бота Бейсенова

 Мұғалім:  Құрметті ұстаздар,біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Әрбір пән мұғалімдеріне біздерге жан-жақты білім бергені үшін алғысымыз шексіз.

 

Енді   Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

 

Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген

 

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

 

Мұғалім:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Ән:

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

 

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

 Хор: «Бастауышпен қоштасу»

 БИ:

Жүргізуші:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Жүргізуші:

Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым – бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

 

Жүргізуші:

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет!

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст