"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазан айының 11-ші жұлдызында қарттар күніне орай ас беріліп, "Қарттарым-асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара өтті. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіа, әкімшілік қарттарға жылы лебіздерін білдірді.

17.10.2022

1 қазан – қарттар күніне арналған сценарий

«Қарттарым-асыл қазынам»

Жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!

Көкіректен жыр төгілмей жата ма!

Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,

Кенеліп бір ілтипатты батаға.

 

Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Бүгінгі қарттар күніне орай мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кездесу кешіне қош келдіңіздер.

Ендеше бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Маннанова Карлығаш Нұрмұхамбетовнаға беріледі.

 

Жүр: Асыл әжем, мақтанышым менің де

Қонақ болып отыр міне төрімде.

Өзіңе арнап былай тәтті үніммен

Ән салатын кезім келді менің де.

9 сынып оқушысы Ахметзакиев Дильханның орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыз.

 

Жүр: Ата көрген оқ жанар

Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға «Барбарики» биімен мектебіміздің «Жорға» тобын шақырамыз.

Рахмет сендерге, оқушылар!

 

Жүр: Ал енді ортаға біздің мектебіміздің «Жас қыран» ұйымын ортаға шақырамыз.

Күн нөсерін төгейік

Жырдан моншақ өрейік

Уа жамағат ал енді

Әнге кезек берейік

«Достарым» әнімен Өміртай Ерсұлтанды ортаға шақырайық.

Тамаша!

 

Жүр: Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға шақырайық.

2-3 сынып оқушыларының орындауында Би: «Қазақ биін» қабыл алыңыздар.

Жүр: Балалар сендердің аталарың қандай?

Тақпақтар:

Сагида:

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.

Нурислам:

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, нұр әжем.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз әжем, тіл әжем.

Әбілмансұр:

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман - есен жүр әжем.

Нұртілеу:

Бесігіме бөлеп алып,

Сен тербетсең қалғимын.

Жүрегіме сіңіп жатыр,

Сенің айтқан әлдиің.

 

Жүр: Жүректен кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй. деп ортаға «Әкешім, Анашым» әнімен Дильханды шақырамыз.

 

Жүр: Қысылып еш саспаңдар

Кәнеки би бастаңдар

Ата - әжелердің көңілін.

Бір көтеріп тастаңдар.

Оқушыларымызды қазақтың «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.

 

Жүр: Гүл - гүл жайнап бәріміз

Кірді біздің сәніміз

Қарттарымызды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз.

Барлығымыз оқушыларымызды «Бақытты баламыз» әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші:

Мерекелік шараны аяқтай отыра «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Просмотров: 36


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст