"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21-қазан күні Көктерек ауылының негізгі орта мектебінде күзгі маусымға арналған "Түстер сыры" атты мерекелік іс-шара өткізілді.

22.10.2022

Тақырыбы: «Түстер сыры»

(фанфары)
1- жүргізуші . Кеш жарық құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бармысыздар жақсы ниетпен келген ұстаздар қауымы!
1- жүргізуші. Бармысыңдар жалынды жастар қауымы!
2-жүргізуші. Егеменді еліміздің жарқын болашағын жалғаушы биылғы «Түстер сыры» атты концерттік кешіне қош келдіңіздер
1-жүргізуші. Күз дегеніміз - байлық, молшылық жазира даланың дархан дастарханы екенін ұғындық.танаптардағы самалмен тербелген егін сабағы молшылықтың нышаны. Өңін жел қағып, Күн сүйген жандардың қажыр қайраты. Безбенге түсер шақ қыр астында өнім көңілден табылса, онан асқан қуаныш болмасы анық.

2-Жүргізуші : Күз - халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!

1- Жүргізуші : Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)

0-1 сынып оқушыларын ұстаздарымен қарсы алыңыздар

2-3  сынып оқушыларын ұстазымен қарсы алыңыздар

5-7 сынып оқушыларын ұстазымен қарсы алыңыздар

9-сынып оқушыларын ұстазымен қарсы алыңыздар!

2- жүргізуші: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.

1- жүргізуші:  Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші : Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1. Таныстыру
2. Өнер
3. «Сән үлгісі»
4. «Қолөнер көрмесі»
1- жүргізуші: Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? - дегендей
1 - кезең «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз Шарты: қатысыушы әр сынып  өздерін таныстырып шығады.

2-жүргізуші:  2- кезең

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді.
Білім - ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз!
Бұл бөліміміз «Өнер» деп аталады.

Сыныптарды ортаға шақырамыз!

 

 1- жүргізуші: 3 – кезең   «Сән үлгісі»

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісімен,

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен.

Келесі кезекті сән үлгісіне береміз.     
Шарты:әр сынып өздерінінің дайындаған киім үлгілерін көрсетеді

(музыка)

1- жүргізуші:

4 - кезең «Қолөнер көрмесі»
Шарты: Оқушылардың қолдан жасалған қолөнерлерін таныстыру.

(музыка)

2- жүргізуші: Ендігі кезде әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік
1- жүргізуші: Қорытынды. Марапаттау.(музыка)
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп

2- жүргізуші: Міне біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.
Ән - мереке жолықтырсын аман-сау
Күз кешінің шымылдығын жабамыз! «Түстер сыры» сайысын аяқтаймыз.

 

 

 

 

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст