"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктерек ауылының негізгі орта мектебінде "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өткізілді. "Жас Ұлан" ұймйына 2 оқушы, "Жас Қыран" ұйымына 2 оқушы қабылданды.

19.12.2022

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, арманы асқақ, жандары жайсаң халайық!

1-жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөсіпірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына  қош келдіңіздер!

Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр-әні.

Отанымның Туын көкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің  Жас Ұланы.

 2-жүргізуші:       

Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым

Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!

Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға

Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

1-жүргізуші: 

Достықтың мекенісің – Қазақстан,

Бауырдай жүз жиырма ұлт – тіл табысқан.

Мерекең құтты болсын, дүйім жұртым,

Бірлік пен татулығың мың жарасқан.

 2-жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті халқымыздың әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

 1-жүргізуші:

Ашқандай боп жыр күмбездің сарайын

Жүректерге жалын отын жағайын.

Тәуелсіздік желбіреткен байрағын

Бірлік күні құтты болсын ағайын.  

2-жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі еліміздің ертеңгі алтын діңгегі, кемел келешектің кілтін ұстар ұрпағының бір арнаға тоғысқан күні.

 

1-жүргізуші: Бұл күн – ынтымағы жарасқан, ұлан байтақ даламызда ұлттардың бірлігі асқақтап, достығы нығайған күн.

 2-жүргізуші:  Бүгін  – бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні, Тәуелсіздік күні.  Көпұлтты егемен еліміздің  ұландары Республикалық «Жас Ұлан» ұйымына қабылданып, өз елінің патриоты екендігін дәлелдемекші.

1-жүргізуші: Ұйымға қабылданар әр оқушыға үлкен міндет жүктеледі. Олар туған жеріміз бен елімізді мақтаныш етуге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға ант береді.

Ендеше, Республикалық бірлестік «Жас ұлан» ұйымына қабылданар оқушыларды қошеметпен қарсы алайық!

(Сахнаға 1 және 5-сынып оқушылары кіреді)

2-жүргізуші: Көктерек ауылының негізгі орта мектебінен «Жас Қыран» ұйымына 2 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына 2 оқушы қабылданғалы отыр.

1-жүргізуші: Ұйымның негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

2-жүргізуші:

Негізгі міндеті – мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, оқушылардың тың бастамаларын қолдау, Жас ұрпақтың патриоттық, азаматтық сана-сезімдерін, өз халқының тарихына, мәдени өміріне сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өз Отанына деген құрмет-сезімін ояту болып табылады.

 1-жүргізуші:

Көгіңде тұр көк байрағың желбіреп

Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз

Бабаларды еске алып ержүрек!

2-жүргізуші: Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ ОЙНАЛАДЫ

 2-жүргізуші: «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы салтанатты жиынға енгізілсін!

 1-жүргізуші:

Арайлап атқан таңы күншығыстан,

Қарсы алам көзімді алмай таңды алыстан,

Отаным, ынтымағың қымбат маған.

Жас Ұлан, Нұрсұлтан мен Қазақстан!

 2-жүргізуші:

Елімнің болашағы ұланымыз,
Өрлеген өреніміз, жыр әніміз.
Тәуелсіз елімізбен бірге туған,
Аспаны азат елдің қыранымыз!

1-жүргізуші:  Ахметзакиев Дильханның орындауында "Көк тудың желбірегені "әні

Алдарыңызда «Жас Ұлан» ұйымы!

Ұйым басшысы ортаға шығады, баянат береді:

Ұйым басшысы: «Жас Ұлан»түзел, тік тұр!

                             –  Ұйымның аты

  • 5-сынып оқушылары: «Жас Ұлан»
  • 2-сынып оқушылары: «Жас қыран»

Ұйым басшысы:

«Біз...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

Ұйым басшысы:

«Ұранымыз»

Оқушылар: «Қазақстан – Жас Ұлан» - 3 рет.

1-жүргізуші:  Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

Мектеп директоры:

Оқу ісі меңгерушілері: 

Тәрбие ісі меңгерушілері: 

 (галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізушілер оқушылар туралы айтып тұрады)

1-жүргізуші:

1-жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

 2-жүргізуші:

Азат елде самғайтұғын қыранбыз,

Тек жеңіске ұмтылатыр ұланбыз!

Қазақстан патриоты – мына біз,

Әлі талай биіктерге шығамыз!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

«Жас Қыран» ұйымы мүшесі:

«Жас Ұлан» ұйымы мүшесі:

Анттың мәтіні:

Мен, ____________________,  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. 

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде 

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

2-жүргізуші: «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданған оқушыларды құттықтау үшін сөзді Көктерек ауылының негізгі орта мектебі директоры Маннанова Карлыгаш Нұрмұхамбетовнаға беріледі.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

(Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалады)

Мектеп! Тік тұр! «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы салтанатты жиыннан шығарылсын!

1-жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

2-жүргізуші:

 “Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді

 “Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды

 “Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді

 “Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады

 “Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады

 “Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”

2-жүргізуші: Жарқын болашаққа  қадам басып келе жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін! Бірлігіміз берік, ынтымағыз нық болсын!

Сіздерге оқуда алда болып, егеменді Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуыңызға шын жүректен тілектеспіз! Еңселі еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда! Қазақстанды биікке жетелеңіздер, жеткізіңіздер.

 Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

 1-жүргізуші:  Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Қыран», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдану рәсімін жабық деп жариялаймыз! Қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотров: 206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст