"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29-желтоқсан күні Көктерек ауылының негізгі орта мектебінде жаңа жыл мерекелік кеші өткізілді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ойындар ойнап, қызықты да, көңілді уақыт өткізді. Оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар берілді. Жаңа 2023 қоян жылымен шын жүректен құттықтаймыз!

09.01.2023

"Төрлет, Жаңа жыл" мерекелік кеш сценарий

(Фанфары)

1-жүргізуші:Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ  дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай

2-жүргізуші : Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

1-жүргізуші :       Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан  қоян жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін. Жаңа 2023 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2023 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

2-жүргізуші :     Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

1-жүргізуші: Бүгінгі біздің кешімізді біз сынып бойынша өнерімізді көрсетеміз.  2-жүргізуші :  Кешімізді бастамастан бұрын 4  оқушы ортаға шықсын, ол - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп , тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 10 минут уақыт беріледі.Сіздер сағат 11:20 -да осында ертіп әкелулеріңіз керек, таба алмаған жағдайда қайта оралып орындарыңызға тұра бересіздер.(4 оқушыны шығарып жібереміз)Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.

1-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.

КОНКУРС-1.Ортаға әр сынытан 2 оқушыдан шақырамыз.(ортаға 8 оқушы шығару керек) Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жаруларыңыз  керек. Кімнің шары бірінші жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.(шарды қолмен жаруға болмайды, ішпен қысып жару керек).

2-жүргізуші: Қатысқан жұптарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.

Қандай тату өздері

Күлімдеп көздері

Кәне, кәне , келіңдер

Бір би билеп беріңдер.

Ортаға  әнімен шақырамыз. Ал қалғандарымыз ортаға шығып билейік.

1-жүргізуші:  Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар.  Біздің банағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)

2-жүргізуші: Міне, міне,  мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?

( Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құртетті қонақтарын алып келе жатырмын.)

1-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.

2-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де  келіп қалдық.

 Ақшақар:  Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?

1-жүргізуші: Ортаға келіп жайғасыңыз

Қош келдіңіз Аяз - Ата ,

Қарсы аламыз орын беріп .

Ән салыңыз бізбен бірге ,

Би билеңіз бізге еріп.

2-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,

                 Төрт құбыламыз түгел болды.

 

 

2-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсің.

Ортақ ойы, арманы

Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді бастайық.

( ортаға 0 сынып оқушылары шығады. 1-2-3-5-7-9)

Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.( Орындарына отырады)

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,                 

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар, балалар!

Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!

2-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. КОНКУРС-2. Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға сыйлық беріледі.

1-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. КОНКУРС – 3. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.

Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.

2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.

3. 7,8, 9 санының көбейту кестесін айтыңыз.

4. Қоянның қимылын келтіріңіз.

 

1-жүргізуші: КОНКУРС-4 Мына сандықта әр түрлі сөздер бар.Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!

Ән: 1. Жаңа жыл      2. Мектеп   3. Арман         4. Қар

Би: 1. Қара жорға     2. Грузин биі   3. Шығыс биі  4. Ча-ЧА-ЧА

2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,

1-    жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Сан тілектің бастамасы ғана бұл.

2-жүргізуші : Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп

Жер бетіне кереметті жина көп

1-жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес

Түтін емес, рауан нұры жинап от.

Жаңа жылдарың құтты болсын!

2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.

1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст