"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әдептілік-әдемілік" тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өткізілді.

30.01.2023

Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»

Мақсаты:

1. Оқушыларды адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.

3. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер, слайдтар,постерлер,маркерлер

Сабақтын барысы:

Шаттық шеңбері

Психологиялық ахуал тудыру

Топқа бөлу

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті  мұғалімдер мен оқушылар!Бүгінгі 6 а сыныбының  «Әдептілік-әдіемілік» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер!Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай- шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың-дей келе сынып сағатымызды бастаймыз!Сынып сағаты 3-кезеңнен  тұрады:

1-кезең: Постер қорғау

2-кезең:Кім тапқыр

3-кезең: Ситуациялық сұрақтар

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсан арқалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан, - деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата – анаңның ,  Отаныңның мақтанышы боласың. Ендеше І кезеңде сіздерге алдарыңызға тақырып беріледі. Сол бойынша сіздер сол тақырып туралы мағлұмат бересіздер.

І – топқа  «Үлкенге құрмет – кішіге ізет»

ІІ – топқа  «Әдептілік белгісі -  иіліп сәлем бергенің»

ІІІ – топқа  « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

ІІ – кезең . Кім тапқыр. Бұл кезеңде сіздерге бүгінгі тақырыбымызға байланысты қаншалықты адамгершілік, әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік  туралы мақал – мәтелдер  айтасыздар.

ІІІ – кезең. Ситуациялық  сұрақтар. Бұл кезеңде сіздерге шардың ішіндегі  сұрақтарға жауап бересіздер. Әр топтан бір оқушы келіп, сұрақты таңдайды және топ мүшелерімен ақылдасады.  

1-сұрақ. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге  болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

2- сұрақ. Партада  менімен бірге  бір бала отырады. Ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

3 – сұрақ. Мектептен дос баламен келе жатқан кезде жол бойында үлкен кісі сумкасын көтере алмай келе жатады. Сол мезетте қасындағы дос балаң байқаусызда құлап қалады. Сенің әрекетің.

Қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабағымызды әдептілік, сыпайылық,  жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар  айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екнін  түсіндік. Әрдайым әдепті , сыпайы болуға  кездескен  адамдармен  амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін дегент жылы  сөздерді үнемі айтуға үйрендік.  Сонымен бүгінгі « Әдептілік – әдемілік» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау – болыңыздар.

Просмотров: 393


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст