"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-7 сынып оқушылары арасында "Мейірімділік асыл қасиет" тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өткізілді.

06.02.2023

Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару; психологиялық  дайындық; шаттық шеңбері, сәлемдесу.

Мұғалім: Бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мейірімділік-асыл қасиет» Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді, балалар,  менің  айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Ән: «Күлімде, күн, күлімде»

Мұғалім:Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп,  қол соғып қояйық.

Жаңа сабақ: Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі, сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Енді, балалар, «Сары тауық пен балапандары» деген әңгімені  мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық.

«Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- Мен,-деді тұңғышы.

- Мен барайын?-деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.

- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Сұрақтар:

1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім:Тапсырма: (интербелсенді тақтамен жұмыс)

-Сары тауық өзінің  бойында бар қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай  жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды   себетке  саламыз.

 «Болады-болмайды» тренингі (Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

Мейірімді болуға .... (болады),

 Кешірімді болуға .... (болады),

 Қатыгез  болуға .... (болмайды),

 Тәртіпті болуға .... (болады),

 Әдепті болуға .... (болады),

 Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

 Сыпайы болуға .... (болады),

 Қайырымды болуға .... (болады),

 Бұзық болуға .... (болмайды),

 Бауырмал болуға .... (болады),

 Ақылды болуға ..... (болады),

 Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

 Шыншыл  болуға .... (болады),

 Арам болуға .... (болмайды),

 Маман болуға .... (болады),

 Жаман болуға .... (болмайды),

 Айтпақшы,

 Жаман болуға ....! (болмайды).

Мұғалім: Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор, мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді? (оқушылар жауабы)

- Дұрыс, балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  ата-аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)

              кішіпейіл                     мейірімді                       бауырмал                       

              сыпайы                                                                 кешірімді

                                                         Ана                                                                   

                    әдепті                        жақсы                    жанашыр

Дәйексөз: Мұғалім тақтадағы   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

    Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да, ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ ....  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір....  мейірімді!  (су)

Бәрімізді көтеріп тұрған  .... мейірімді!  (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен ....  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім: Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше,  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту: Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)

-Дұрыс, балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

 «Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
 «Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар, барлығымыз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар  бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай  жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза, сен ғажайыпсың, Ақжол, сен ақкөңілсің т.б».

Просмотров: 162


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст