"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа 2020 жыл

09.01.2020

Жаңа жылдық сценарий  2019-2020

                                           (Қош келдің,жаңа жыл)

Жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп, тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті деп.
Қыстың әнін шырқауға шақырамын.
(Шыршаны айнала Шырша әуені орындалады. Әуен орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.)
Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
өзіммен алып қайтармын.
Жүргізуші: – Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ,
сәнімізді бұзба!
Шайтан: – Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды
алдап қамап қойдым.Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп,
ешқандай мереке өткіздірмеймін.мереке болмайды, маған мереке
ұнамайды.
Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ
екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мені әкетпей-ақ қойсаң
қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: маған бір жақсы жұмбақ жасырыңдар  сонда ойланып көрермін.
Жүргізуші: – Қой, балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып
көрелік. Тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз
жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз
жолыңмен жүре бер. Ал мерекемізді жалғастыраыз.
Шайтан: мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер, жасыра беріңдер, бәрін шешіп
аламын.
(әр сыныптан екі баладан жұмбақ жасырады.)
Жүргізуші: – қане балалар, мені шайтан алып кетпесін десеңдер, қиын жұмбақтар
жасыруға тырысыңдар.
(жұмбақтар айтып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып, «ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», – деп балалардың артына тығылады.)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
Балқанға да барғанмын,
Орхонға да барғанмын.
АҚШ қа да барғанмын,
Жапонға да барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.
–    Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық.
(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды басына шылбыр салып ұстап алады.)
Шайтан: мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған жазаң ауыр болды. балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін,
босатшы мені, Алдар!босата көр, Алдареке!
Алдар көсе: шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.
Шайтан екеш, шайтанда той қонағы саналар,
Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе:  Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балалармен бірге қызықты  би биле. Егер балаларға ұнаса мен сені босатамын.
Шайтан: Қане балалар бәріміз бірге бір би билейік. Ұлдар биі
Жүргізуші: Қуанбаған бұл күні, ойнамапты күлмепті,
Уа, халайық, той бүгін Бақыт, шаттық мол бүгін.
Таусылмайды бұл тойдың,
Дүбірімен дүрмегі.
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Тондырады қасындағы тірі жанды.
Үсті-басы  – ақ қырау, демі суық,
Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
–    Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар?. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Шайтан: мен оларды тез барып босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!
Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.
Аяз ата: ау, амансың ба ұлдарым,
Ау, амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен
қуаныштымыз.
Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!
«Жаңа жыл» әні орындалады. Хор
Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,
Ол да ренжіп қалмасын.
Балаларым тілерім,
Оған да бір ән сыйлаңдар.
(Жүргізуші балаларға Ақшақардың құрметіне «Жаңа жылдың шамдары» әнін шырқауды ұсынады.)
Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа. Олай болса, 5- сынып оқушыларының флешмоб биін қарсы алыңыздар.
Аяз ата:  Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар.
Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.
Флешмоб жоғары сынып балалары.
Аяз ата: Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер балалар.Мен сендерге Жаңа Жылды қарсы
алу рәсімі туралы біраз әңгімелеп берсем деп едім. Жаңа жылды қарсы алып
шыршаны безендіру рәсімі Ежелгі Англия мен Германияда басталған екен.
Әр ұлт Жаңа жылды әр түрлі мезгілде қарсы алады. Мұсылмандар жаңа
жылды қашан қарсы алды.(Балалардың жауабы) Наурызбенен қаңтар
қыстың қақаған күнінде де біз көңілді шыршаның қасында, Жаңа жылды
қарсы алуға ешқашан қарсы емеспіз.  (Ақшақар балалармен көңілді ойын өткізеді.)

Жүргізуші: Рахмет, ата! Сіздің әңгімеңіз балаларға қызықты болып ұнады деп
ойлаймын. Біздің балалар, Ақшақардың биін тамашалығымыз келіп тұр
дейді. Ақшақар біздің балалармен бірге би билеп берсеңдиміз.
Ақшақар:    Билесем билеп берейін. Қыздар биі.
Жүргізуші:  Рахмет саған, Ақшақар. Мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін
уақыты жақындап қалыпты.Қарсы алайық Жаңа Жылды.
Міне, Жаңа Жыл да келді.
Жаңа Жыл: Айтқаныңыз келсін апай,
Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкндерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.
Уа құдайым оңдасын,
Қызыр бабам қолдасын.
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!
Келген Жаңа Жылымыз ақ тілекпен осындай.
Ар болып үйге кіріңіз! Әумин.
Жаңа жылдың құрметіне «Жаңа Жыл» әні орындалады. 5-сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл!
Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!
Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!
Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің
ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
 

Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Аяз ата: Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады.
Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс-
алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы
базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт
туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Жүргізуші: Я  Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,
Ол кеткен соң терең ойға батамыз.
Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда,
Құс жолымен ән сап бара жатырмыз. Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст