"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жоғары сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбы бойынша әңгіме жүргізілді. Қазақстанда, әлемде болып жатқаноқиғалар талқыланып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.

07.04.2023

«Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» баяндама

Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.

Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.  Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады.

Құқықтық мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының негізінде тек қана білімді болумен шектеліп қоймай, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу да маңызды болып табылады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі  белгілері болып табылады. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу - отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Осы мақсатта мектепте құқықтық кеңесте қарастырлатын  ата – аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата – аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде.

Просмотров: 954


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст