"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай, 5-7 сынып оқушылары аралығында сынп сағаты өткізілді. Сынып жетекші: Мукиева А.Н.

10.04.2023

 «Ғарышкерлер күні»
Мақсаты:
1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
3) Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағы суреті, планеталар суреттері

  Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi. Скафандр деп аталатын киiм - ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.

  

  Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды.  

Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отарды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Юрий Алексеевич Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.

Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубакiров. Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.

1991 жылы Тоқтар Әубакiров Оңғарбайұлы Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7тәулiк 22сағат, 12минут, 40секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубакiров тұнғыш қазақ ғарышкерi атанды.

Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы:

1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.

2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.

Айдын Айымбетов Ақанұлы:

2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.[3]

Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.


Касым Аманжолов     Ұшқыш болғым келедi

Көңiлi – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнiмен аспанның
Әзiлдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келедi!   - Бекзат

 Мұздай болат киiнген,
Батпан қару үйiрген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйiлген
Ұшқыш болғым келедi!   - Артем

Ұшқыш болмай немене,
Куат бiттi денеме!
Қанатым бар қайыспас,
Ұшқыш болғым келедi!    - Азамат

 

 Ғарыш кемесi ұшырылатын ғарыш аймағы Қазақстан жерiнде Байқоңырда орналасқан.

Қазақстандағы Байқоңыр айлағының құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы пайдалануға берiлдi. Ғарыш айлағын салуға адам сирек орналасқан және өндiрiс орындарынан қашық, Алматы - Мәскеу темiр жолының Кызылқұмнан өтетiн аймағы таңдап алынды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан дүние жүзiнің түрлi мемлекеттерінен 150 - ден астам ғарышкерлер ғарышқа сапар шектi. Олар түрлi ғарыш апаттары арқылы ғарышты, шағын планеталарды зерттедi. Осы жерден ”Космос”, ”Протон” т. б. жердiң жасанды серiктeрi ұшырылды. Бейбiт мақсатта ғылыми жұмыстар жүргiзiлдi.

Казiргi кезде Байкоңыр халықаралық ғарыш аймағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Франция, Үндiстан, т. б. мемлекеттердiң ғарышкерлер мен ғарыш кемелер ұшырылды.
1963 жылы 16 - шiлдеде тұңғыш әйел ғарышкер, орыс кызы Валентина Терешкова ұшты.

 Жұлдыз - газдан тұратын аспан денесi. Ол өз куаты нәтижесiнде өзі жарық шығарады. Бiрнеше мың градус температураға дейiн қызып тұрған аспанның жарық денесi. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.

Күн - Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен жердiң ара қашықтығы 150 млн. шақырым. Күннiң бетiндегi температура – 6000 мың градусқа тең. Күннiң жылуы мен жарығы адам, өсiмдiктер, жануарлар үшiн өте қажет.

Күннiң төңiрегiнде Жердi қоса есептегенде 9 iрi аспан денелері айналып жүредi. Олар ғаламшар (планета) деп аталады. Планеталардың орналасу тәртібі - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Плутон ұзақ уақыт бойы планеталар қатарында болған, бірақ Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен 2006 жылы Плутон планеталар қатарынан шығарылды.

 

 

 

Күн және оны айналып жүретiн ғаламшарлар мен олардың серiктерi күн жүйесiн құрайды. Сансыз жұлдыздардың жарқырап көрiнетiнiн және көрiнбейтiнiн жинақтап адамдар ғарыштық кеңiстiк деп атайды. Ғарыш кеңiстiгiнде шек жоқ. 

Просмотров: 982


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст