"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ.Жаратылыстану 2 сынып

22.01.2020

Сабақтың атауы

 

Су. Ол қандай екен?

  2-сынып

Мақсаты

 2.3.3.1. Судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);

2.3.3.3. Судың табиғи көздерін анықтау

2.1.2.7. Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, оқулық, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, практикалық жұмыс.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Біз ақылды баламыз                               Айтқан тілді аламыз                Жаратылыстану ілімін                               Лезде қағат санамыз

Оқушылар қол ұстасып мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасы. «Сиқырлы қалпақ» арқылы тексереміз.

1. Ауаның қасиеттері.
2. Ауаның адам өміріндегі маңызы.
3. Ауаның ластануы.

Cұрақ-жауап 

- Тыныс алу үшін не қажет?
- Жаурағанда бізге не керек?
- Қараңғыда ше?
- Қарнымыз аш болса не қажет?
- Шөлдегенде не қажет?
- Жалпы тіршілік атаулыға не керек?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ой қозғау

Топқа бөлу «Мұхиттар», «Өзендер», «Көлдер»

Қандай сурет көріп тұрмыз? «Майшам»оқушылар жауабы:жарық береді,жылу береді.т.б.

1топ-Бүгінгі күнім сәтті өтсін!

2топ-Тек алға!

3-топ-Біз бәрін білеміз!

Судың дыбысын естірту (оқушылар жауабы)бұлақтың суы,сарқырама,т.б.

Ендеше тақтаға назар аударайық.Су деген сөзді оқыған кезде,естеріңе не түсті?

«Су» сөзіне ассоциация жасау

Бүгінгі тақырыбымыз суға байланысты болмақ.Ендеше бәріміз интербелсенді тақтаға қараймыз.

Су туралы мәліметтер. « Слайд көрсету»

 

                                 

 

Оқушылардың су туралы білімдерін, түсініктерін анықтап байқау.

1. Су қандай зат?  
2. Судың түсі бола ма?
3. Пішіні қандай?
4. Су қай жерлерде кездеседі?

Жаңа сабақ

1. Мәтінмен жұмыс. Оқу, танысу. Су.Ол қандай екен.Судың еріткіш қасиеті.

2. Сұрақ-жауаптар алу.

Қызығушылығын ояту

Тәжірибе жасау

Су түссіз, мөлдір.
1 тәжірибе. Бірінші ыдысқа сүт,ал екінші ыдысқа су құй. Қайсысы анық көрінеді. Ал енді олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді?

Су дәмсіз.
2 тәжірибе. Бірінші ыдысқа шырын, ал екінші ыдысқа су құй. Шырын дәмді, су дәмсіз.

Судың пішіні жоқ.
3 тәжірибе. Суды әртүрлі ыдысқа құй.

Су еріткіш.
4 тәжірибе. Суға кұм шекерді сал. Құм шекердің ерігенін көресің. Сондай-ақ су жабысқақ. Мысалы киімді суға салып ал, су болып шығады. Су киімге жабысады. Ол жуылған киімді далаға жайып қой. Біраздан соң кебеді. Ойланшы! оның бойындағы су қайда кетті?

Жазда шомылып рақаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Бұл мұз қайдан пайда болды? Қысқы суықта су қатып, мұзға айналады. 

Сергіту сәті

«Жаңбыр» өлеңіне оқушылар билеп серігеді.

Ойы сергіп, шаршағандары басылады.  

Шығармашылық жұмыс

1. «Су» туралы мақал-мәтелдер
2. «Су» туралы нақыл сөздер
3. «Су» туралы әңгіме құрастыру

Дәптермен жұмыс.

Берілген сөздерден судың қандай қасиетіне жататынын теріп жазу.

 

Сөзжұмбақты шеш

Сөзжұмбақты шеш. «Су тіршілік көзі»

Оқушылар ақылдасады, жауап айтады.

 Сабақты бекіту

 

Топтастыру. Судың қасиеттерін жазу. Шәйнектегі су қайнаған кезде ішіндегі су неге азайып қалады?

Қорытынды   

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. «Судың пайдасы»

Бағалау.

 

Бағалау

 

Тамаша Жақсы Нашар

 

         


 


 


 


 

 


 


 


 


 

 

Просмотров: 2011


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст