"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай бастауыш және жоғары сынып оқушылары арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы өткізілді. Оқушылар белсене ат салысты.

10.05.2023

«Жігіт сұлтаны» байқауының

СЦЕНАРИЙІ

Барысы:

(фанфары – выход ведущих)

 

Жүргізуші: Армысыздар, халқым менің,

 Армысыздар, салты елдің.

Жаңғыртпақ «ата-баба» салтын бүгін,

«Қырағы  жігіттері»,  мектебімнің.

                                                                                    

 Дария ой, даналардан бата алғанда

 Айнымас алмас қылыш атанғандар.

  Қазақтың қасиетті жігіттері,

  Халқына қалқан болған қаһармандар,- деп

жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі - қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне,  ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.  «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Олай болса, жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз мектебімізде «Жігіт сұлтаны» байқауын ұйымдастырып отырмыз.

Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар!

(«Бәйге» әні қосылады, барлық жігіттер сахнаға шығып болған соң өшіріледі)

(Таныстырған соң сайыскер жігіт басын иеді)

2 жүргізуші:         Жігіттің дара  туған ірісіндей, 
Жүрісі батырлардың жүрісіндей. 
Келбетті батыр тұлға, 
Сом білек Әбілқайыр Қажымұқанның інісіндей.  

5-сынып оқушысы-Молдахмет Әбілқайыр

1 жүргізуші: Өнер қуған жасынан, 
Өнері судай тасыған, 
Келесі біздің Мадияр
Көрінген күштің басынан.

7-сынып оқушысы - Қарабай Мадияр

2 жүргізуші:         Спортпенен білім жағын бір қосқан,

                              Кем қалмаған талантпенен  табысқан.

                               Қараңыздар, Мұхамедали алдымызда,

                        Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.

7-сынып оқушысы - Молдахмет Мұхамедали

 

1 жүргізуші: Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерімен тамсандырған адамды,
Қошеметпен шақыралық ортаға

9-сынып оқушысы
Ахметзакиев Дильхан атты сарбазды.

2 жүргізуші:         Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

                               Барлық істі тыңдау бар ойында.

9-сынып оқушысы

                          Бақытбек Ұнар деген жігітті,

                         Шақырайық қошеметпен ортаға.

 

1 жүргізуші: Қуантады білімімен бізді Мереке
Қол соғып қарсы алайық оны біз.
Білімің серік болсын талабына, 
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз!

9-сынып оқушысы - Сабыркен Мереке

2 жүргізуші:         Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

                        Мектепте өнерімен болған сыйлы.

                        Тоғызыншы сыныптың ер жігіті,

                 Шақырайық ортамызға Темірханды.


(30 сек. пауза, жігіттер сахнадан кетеді)

 

1 жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға, 

Бойындағы бар дарынды дамытуға, 
Жігерленіп келіп жетті ,
Әдеппен, ізетпен табысуға.

 

2 жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік. Байқау 5 кезеңнен тұрады:

 

1 жүргізуші: Бірінші кезең - «Тегімді менің сұрасаң...» - сайыскер жігіттеріміз өздерімен таныстырады.

2 жүргізуші: Екінші кезең - «Көңілі ояу, көзі ашық» - жігіттерге халқымыздың салт-дәстүріне, дүниетанымына, тарихына қатысты сұрақтар қойылады.  

1 жүргізуші: Үшінші кезең - «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - өзінің бойына дарыған өнерлерін көрсету, олар, мысалы, қолөнер, ән-би, өз шығармашылығы, аспапта ойнау, спорт түрлерінен көрсетеді.

2 жүргізуші: Төртінші кезең - «Қолөнер» - Берілген құрал-жабдықтардан оқушылар түрлі қолөнер жасап шығу қажет болады. Уақыт 7 минут

2 жүргізуші: Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын байқауымыздың әділқазылар алқасы:

Шағын-орталық тәрбиешісі Ерғалиева Гульбаршин Кабдырашимовна

Математика пәнінің мұғалімі Мукиев Манас Айнабекұлы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Накупов Адай Сайлаубекұлы

1 жүргізуші: Сап түзеді жігіттің сұлтандары

Мектептің «мен-мен» деген ұландары

Қоржыннан бір –бір асық алса екен

Сахнаға- шығатұғын тұмарлары.

(«Бәйге» әні қосылады. Жігіттер дорбадан бір-бір асықтан алады).

2 жүргізуші: Жігіттер асықтағы сандарды атап шығыңыздар!

(Жігіттер атап шығады.)

1 жүргізуші: Енді сахна төріне аталған сандар бойынша шығасыздар! Алғашқы сайысқа дайындық жасауларыңызға РҰҚСАТ!

I АЙНАЛЫМ:

1 жүргізуші: Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен жеті жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

(Өздерін таныстыру кезеңі)

 

2 жүргізуші: Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең,-дей отырып, әділқазылар алқасы, жігіттеріміздің бағаларын қойып отырыңыздар.

II айналым

1 жүргізуші: Қазақтың түрлі — түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.
Жауаптарын табар мекен бұл жігіттер,
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар!

Сайыскерлеріміздің бағаларын беріңіз.

III АЙНАЛЫМ:

2 жүргізуші: Өнер де, Отан да отбасынан басталады. Ананың ақ сүтімен, әкенің ақылымен өскен «сегіз қырлы – бір сырлы» жігіттеріміздің өнерлерін тамашалайық!

 Кәнекей, жігіттеріміздің бағаларын көрейік!

 

IV АЙНАЛЫМ:

Қолөнер

2 жүргізуші: Әділқазылар алқасы жігіттерге берген бағаларды көрейік!

1 жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады»,- демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділқазыларға берейік.

(«марапаттау» музыкасы қосылады – ақырын дауыспен)

(Марапаттау: бас жүлде «Жігіт сұлтаны» - кубок, 1-3 орындар – бағалы сыйлық және мадақтамамен және номинация бойынша – мадақтамамен марапатталады).

 1 жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

 

Просмотров: 1383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст