"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысы

25.09.2020

Зеренді ауданы, Көктерек ауылы

 

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысы

 

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.                                                                    

Түрі: Топтық сайыс                                                                                                                

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)

2. Кіріспе бөлім.                                                                                                                     

1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!                                              

2-жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,                                                                                                            

Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады - дей отырып, «Зерде» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар: Оқу ісінің меңгерушісі: Молдахмет Бибинур Темирбекқызы, Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ратай Айнур, Даярлық топтың мұғалімі: Сабыркен Назгүл Қайыркелдіқызы.

Қатысушы топтарды таныстырайық. Бірінші топ Білімділер тобы, екінші топ Алғырлар тобы.

 

2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың бөлімдермен таныстырып өтейік:

1- кезең – «Сұрақ бізден-жауап сізден»

2- кезең – «Айшықты сөздер"            

3-кезең – «Құпия сандық»                                                                                            

4-кезең -"Ойлан, тап "

5-кезең – «Көрерменнен базарлық»

 

І – кезең: «Сұрақ бізден- жауап сізден»

Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,

Сөз кезегін әдебиетке берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік

Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

 

  1. Ұлыстың ұлы күні қай күн? (22 наурыз)                                                                         
  2. Шығармада кейіпкердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды? (диолог)  
  3. Б.Соқпақбаевтың  «Менің атым-Қожа» шығармасындағы Қожаның сынып жетекшісі кім? (Анфиса Михайловна) 
  4. Ұлы жүздің биі кім? (Төле би) 
  5. В каком году родился Абай Кунанбаев?
  6.  Настоящая имя Шокана Валиханова.
  7. Автор романа «Путь Абая»?
  8. Продолжите пословицу

Любишь кататься- ...................

  1. Күлгін түс ағылшын тілінде қалай болады? (purple)
  2. 155, 279 саны ағылшын тілінде қалай болады? (one hundred fifty five. Two hundred seventy nine)
  3. Картоп, қызанақ ағылшын тілінде қалай болады? (potato. tomato)
  4. Футболка, шалбар ағылшын тілінде қалай болады? (t-shirt. Trousers)

Әділқазылардың берген ұпай саны.

 

II - кезең -"Айшықты сөздер" бұл айналымда бірнеше сөз тіркесі беріледі оқушылар бір сөзбен айтуы керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

  1. Төбе шашы тік тұрды.  (қорықты)                                                                              
  2. . Күлін көкке  ұшыру (құрту)                                                                                                 
  3. Жүрек жалғап алды (тамақтанды)                                                                                          
  4. Көзін-ашып жұмғанша  (лезде)                                                                                              
  5.  Беті бүлк етпеді (ұялмады)                                                                                                      
  6.  Ит терісін басына қаптады  (ұрысты)                                                                                               
  7.  Тісіңнен шығармау  (айтпау)  
  8. Душа в душу (вместе)
  9. Валять дурака (безделничать)
  10. Зарубить на носу (запомнить)
  11. Водить за нос  (обмануть)
  12. Бить баклушки. (бездельничать)

Әділқазылардың берген ұпай саны.

 

ІІІ-кезең «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша6 ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

  1. Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз - frost)

  1. Қоймасын қыс ақтарып,
    Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
  1. Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква - letter).

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,
    Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - ruler )
  2.  Қалқиып екі құлағы,
    Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц - rabbit)
  3.  Жолбарыстан аумайды,
    Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка - cat)
  4.  Жеп көріп ем өзім мен,
    Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук - onion)
  5. Бұлаңдаған құйрығы,
    Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса - fox)
  6. Әттең, даусым, тілім жоқ,
    Құшағымда білім көп. (кітап – книга - book)

Әділқазылардың берген ұпай саны

 

ІV-кезең «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. 

 

  1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)

 

2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...

(«Күлпаш». Б.Майлин)

 

1. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

 

2. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.

- Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.

(«Қайырымдылық». Мағзұм Сүндетов)

Әділқазылардың берген ұпай саны

 

1-жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

V айналымды бастаймыз 

 

V-кезең «Көрерменнен базарлық»

(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып, қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)
Ат                                       Киіз үй                                                  Кітап

 Сандық                            Жұлдыз                                                Телефон
Қалам                                Мектеп                                                       Хат

 

Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Осымен осы ойынды тамамдасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Марапаттау

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.

Бүгінгі біздің зияткерлік сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
 

Просмотров: 951


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст