"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім депозиті

10.11.2020

 

AQYL білім беру депозиттері –  өзіңізге және балаңыздың келешегіне тиімді қаржы салу

 

Біздің және балаларымыздың әл-ауқаты бүгінгі таңда білім деңгейіне тікелей байланысты. Алайда, көптеген қазақстандық ата-аналар үшін баланың жоғары оқу орнында оқу ақысын төлеу мәселесі соңғы мезетке – жоғары оқу орнына түскен сәтке ысырылады, бірақ бұл кезде қаржылық мәселені шешу үшінбанктен ауыртпалық түсіретін кредит алу керек болады немесе достардан қарыз алуға тура келеді.

Бұл мәселенің оңтайлы шешімдерінің бірі – үйде сақтау, банк ұяшықтарында жинау және әртүрлі депозиттерде жинау жолымен жоспарлы түрде ақша жинау болуы мүмкін. 

Депозиттер нарығында мемлекет тарапынан жыл сайынғы ақшалай ынталандырудың есебінен ең тиімді қаржы құралы – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында іске асырылатын «AQYL» білім беру депозиті болып табылады.

«AQYL» білім беру депозиттері дегеніміз:

1.Мемлекеттен жыл сайынғы ақшалай сыйақы

Банк сыйақысымен қатар,«AQYL»білім беру депозитіне – жинақталған соманың 5-7%-ы мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Бұл ретте мемлекеттің сыйлықақысы мен бакн сыйақысы капиталдандырылады, яғни негізгі салымға қосылады. Нәтижесінде «AQYL» - депозиттер нарығында ең жоғары табыстылықты иемденеді және мемлекеттің қолдауымен оқуға жұмсалатын шығындарды едәуір қысқартуға, және тиіінше отбасы бюджетіне түсетін ауыртпалықты едәуір азайтуға болады. 

2. Салымдарға кепілдік беру

«AQYL» білім беру депозиті 10 млн. теңгеге дейінгі соммада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған. Осылайша,білім беру депозиттері толық қорғалған.  

3. Өндіріп алудан қорғалуы

«AQYL» білім беру депозиті сондай-ақ мемлекеттің және үшінші тұлғалардың кез-келген өндіріп алуынан қорғалған. «AQYL» білім беру депозиттеріне ешқандай шектеулер мен өндіріп алулар қолданыла алмайды. 

4. Жарна салу кезеңділігін өз бетінше анықтау мүмкіндігі

Салымшы өз мүмкіндіктері мен отбасы бюджетіне түсетін ауыртпалығына қарай, ашылған депозитті толтыру мөлшері мен жүйелілігін өз бетінше анықтайды. «AQYL»білім беру депозиттерін кассалар арқылы, интернет-банкингарқылы, сондай-ақ картадан жинақтау шотына аударым жасау арқылы толтыруға болады. Бұл – ыңғайлы және салымшылардың уақытын едәуір үнемдейді.  

5. Депозитке иелік ету мүмкіндігі

Егер депозиттің иесі немесе оның баласы грант бойынша оқуға түсетін болса, ол білім берудің басқа деңгейлері бойынша оқуды төлеу үшін қаражат жинауды жалғастыруға немесе мемлекеттің сыйлықақысымен тірге толық көлемде шешіп алуға құқылы, сондай-ақ қаражатты үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) «AQYL» білім беру депозитіе аудара алады. Мысалы, екінші баласына (інілеріне, қарындастарына). 

Депозит мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда немесе «AQYL» білім беру депозиті мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда салымшы мемлекет бюджетіне мемлекеттік сыйлықақының есептелген сомасын ғана қайтарады.  

6. Оқу орнын таңдау бойынша шектеулер жоқ

Жинақ ақшамен Қазақстанның жоғары оқу орындарында/колледждерінде оқудың ақысын, сондай-ақ шетелде оқудың кез-келген нысанын төлеуге болады, соның ішінде білім беру және тіл үйрену курстарын қоса алғанда.  

7. Жасына қарай шектеулер жоқ

«AQYL» білім беру депозитін – жасына қарамастан Қазақстанның барлық азаматтары техникалық, жоғары білімді және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін аша алады.

«AQYL» білім беру депозиттері қарапайым қазақстандықтардың ғана емес, сонымен қатар өз қызметкерлері үшін корпоративтік-әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын компаниялардың да, сондай-ақ халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсетуді қалайтын меценаттардың да қызығушылығын тудыруы мүмкін екенін айта кеткен жөн. Мысалы, екі жыл бұрын атақты спортшылар Илья Ильин, Серік Сапиев, Александр Левит Астанадағы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін білім беру депозиттерін ашты, сондай-ақ көптеген басқа да жағымды мысалдар бар.  

Әрбір адам білім алуға ақша жинай алады. «AQYL» білім беру депозитін тек балаға ғана емес, өзіңізге де ашуға болады. Бүгінгі таңда шамамен 20 мың білім беру депозиті ашылған. Бұларды ашқан қазақстандықтар табысты келешекке кепілдік алып отыр.  

2015 жылдан бері салымшыларға шамамен 1,6 млрд теңгемөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы төленді. 

Мүмкіндікті пайдаланыңыз. Өз біліміңізге және балаңыздың біліміне инвестиция жасаңыз. AQYL Сізге бұл ретте көмектеседі. 

Депозиташу үшін Сіз жеке куәлігіңізді және балаңыздың туу туралы куәлігін алып, серіктес-банктердің біріне жүгінуіңіз керек: Нұрбанк; Цеснабанк; Халықбанк; ВТБ Банк. 

AQYLдепозиті туралы depozit.fincenter.kz, fincenter.kzсайтынан көбірек біліңіз.

 

Сall-орталық: 8 800 080 28 28 (қоңырау шалу тегін)

 
 
Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст