"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Абай" клубының жұмыс жоспары

13.11.2020

«Көктерек негізгі мектебі» КММ

2020-2021 оқу жылы

«Абай» клубының ережесі

Жалпы ережелер:

  1. «Абай» клубы – Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыратын рухани-әдеби клубы.
  2. «Абай» клубына шығармашылқпен айналысатын, сөз өнерін бағалайтын абайтанушы жастар қабылданады.
  3. «Абай» клубы мектеп директоры бекітілген ереже негізінде аға тәлімгер және тілші, әдебиетші мұғалімдер бастауымен жұмыс атқаратын оқушылар бірлестігі.
  4. «Абай» клубтың жұмыс жоспары бірінші отырыста талқыланып, бекітіледі.

Мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:

  • Оқушыларды Абай шығармалары арқылы ұлттық таным мен рухани құндылықтарын баулу;

Міндеттері:

  • Абай мұрасын зерттеу;
  • Шығармашылық, әдеби, көркемдік қабілеттердің қызығушылығын дамыту;
  • Әртүрлі өмірлік жағдайларда алған білімдері мен дағдыларын қолдана білуге тәрбиелеу;
  • «Жыр мүшайрасы» жас ақындар конкурсын, Абай өлеңдеріне сахналық қойылымдар көрсету, Абай әндері мен әдеби кештер конкурстарын өткізу;
  • Клуб мүшелеріне қабылдау рәсімдерін, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, жоспарлы іс-щаралар өткізу;
  • Клуб жұмысы аясында үйірме жұмысының жүргізілуін басшылыққа алу және жауапты адам бекіту.

Клуб мүшелерінің құқықтары:

  • Өз еркімен клубқа кіру және клубтан шығу;
  • Клуб штабына қабылдану және қабылдау;
  • Клуб қызметінің сұрақтары бойынша өз пікірін білдіру;
  • Маңызды іс-шараларды, конференцияларды, клуб отырыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар жасау.

Қорытынды ережелер

  1. Клуб заңды тұлға болып саналмайды, өз қызметін қоғамдық негізде атқарады.
  2. «Абай» клубының жұмысы бойынша ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-не беріліп отырады.
  3. Осы ереже бекітілген күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Просмотров: 1036


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст