"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақтты өмір негізі" атты жалпыреспубликалық бірыңғай өзін-өзі тану сағаты.

25.11.2020

        «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қашықтан оқыту форматында жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар

23 қараша - Жалпыадамзаттық құндылықтар күні қазақстандық педагогтердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының мектеп өмірінде дэстүрге айналды. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мэңгілік өзгермейтін қүндылықтар туралы әңгіме айтылады. Әрбір адам өмірге адал өмір сүру, адамдарға риясыз қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану, кез келген жағдайда сабырлық сақтап, ақылпарасатына жүгіну, ешкімге жэне ешнәрсеге қиянат жасамау үшін келеді. Дэл осы идеялар «Бөбек» қорының құрылтайшысы жэне президенті, «SOS Қазақстан балалар ауылдары» корпоративтік қорының негізін қалаушы, «Демография» қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы, белгілі қоғам қайраткері Сара Алпысқызы Назарбаеваның авторлық «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының өзегі болып табылады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының еліміздегі білім мекемелерінің оқу-тәрбие үдерісіне табысты іске асырылуы Сара Алпысқызының балалардың жастайынан дені сау және бақытты болу өнерін меңгеруі жолындағы арманының орындалғаны болып табылады. Жоспарланып отырған өзін-өзі тану сағатының ерекшелігі - оның интеграциялық сипатында. Өзіңді жэне қоршаған әлемді тануға мүмкіндік беретін өмірдің түрлі салаларындағы білімдер оқушыларға «бақыт», «бақытты өмір», «өмірдік күші» үғымдарының шынайы мән-мағынасын ұғынуға көмектесуі тиіс. Жастардың назары материалдық құндылықтарға бағытталған ғасырда олардың рухани мәдениетке деген қүндылықтық бағдарын қалыптастыруда белгілі қиындықтар туындап отыр. Өкінішке орай, ересектердің өздері материалдық игіліктерге негізделген «бақытты өмірдің» үлгісін көрсетіп келеді. Оған мысалдар жеткілікті. Осы орайда педагогтердің аталған қүндылықтарға салыстырмалы талдау жасау, негіздеу жэне рефлексиялау шеберлігі маңыздана түседі. Жалпыреспубликалық сабақта «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидалары мен мазмұнына сүйене отырып, «бақытты өмір» ұғымының мэнін ашу маңызды. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту - бүл жай ғана теориялық білімдердің жиынтығы емес, оның негізі оқушылардың әрекетінің, дүниетанымы мен мінез-құлқының өзгеруінде. Кемел мінезді жетілдіру жэне тәрбиелеу үшін келесілерді қадағалауымыз қажет:

Сөздерімізді (шындықты ұстаныңыз, көп сөйлемеңіз, басқаларды сынамаңыз, сүйіспеншілікпен сөйлеңіз) - бұл АҚИҚАТҚА жеткізеді..

 Әрекеттерімізді (ар-ұжданыңызбен эрекет етіңіз, көмектесіңіз, зиян келтірмеңіз, елдің заңына мойынсыныңыз) - бұл Д¥РЫС ӘРЕКЕТКЕ жеткізеді..

Ойларымызды (жақсыны ойлаңыз, реніш, өкпе, ашу-ызадан бойыңызды аулақ ұстаңыз) - бұл ІІПКІ ТЫНЫШТЫҚҚА жеткізеді.

 Мінезімізді (өзіңіздің шынайы болмысыңызды көрсетіңіз, ізгілік пен бақыт сыйлаңыз) - бүл СҮЙІСГШНШІЛІККЕ жеткізеді.

 Жүрегімізді (өзіңіздің шынайы рухани табиғатыңызды естен шығармаңыз) - бұл ҚИЯНАТ ЖАСАМАУҒА жеткізеді. Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойымен, сөзімен жэне ісімен жалпыадамзаттық құндылықтарды үстануы қажет. Олар адам тұлғасы құрылымының келесі деңгейлеріне сэйкес келеді:

 

Қиянат жасамау - рухани деңгей.

Ақиқат - интеллектуалдық деңгей (ажырату деңгейі, ақыл-парасат).

Сүйіспеншілік - адамгершілік деңгей (менталдық деңгей, ойлар, сөздер).

 Ішкі тыныштық - эмоционалдық деңгей (сезімдер).

Дүрыс әрекет - физикалық деңгей.

Педагогтардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына бағытталған оқытудың формаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдаудағы жэне қайырымдылық іс-әрекетімен, еріктілер қызметімен байланысты жобалық жүмыстың мэн-маңызын түсіндірудегі шығармашылық үстанымы руханилық пен адамгершілікке бет бүруға ықпал етеді. Сабақ барысында келесі формалар мен тәсілддерді пайдалануға болады:

• «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша бейне роликтер көрсету;

• қайырымды жандардың істері туралы, әлеуметтік қызметтерге қатысқандығы мен қоғамға қызмет ету жайында мұғалім мен оқушылардың әңгімелері;

• рухани-адамгершілік мазмүндағы әңгімелесу;

• шығармашылық іс-әрекет: шағын жобалар қүрастыру, коллаждар жасау, суреттер салу, өлеңдер шығару, жақсы тілектер жазу;

• рухани-адамгершілік мазмұндағы эндерді топпен орындау.

Өзін-өзі тану сағатына оқушылардың әлеуметтік бағыттағы жоба жұмысын орындау барысында тапқан достарын, ата-аналарды қонақ ретінде шақыруға болады. Қашықтан оқыту форматында педагогикалық үдеріс субъектілерінің арасында қашықтан оқу ақпаратын алмасуға мүмкіндік беретін ақпараттықкоммуникациялық технологиялсірды кеңінен пайдалануға мүмкіндіктер бар. Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды талқылау үдерісіне белсенді қатысуы, олардың мәнін түсіне алуы, ойлана отырып, өмірден нақты мысалдар келтіруі, өздерінің мінез-құлықтағы, эрекеттегі тандауларын негіздеп, көрсете алуы маңызды. Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар мен мұғалімнің бір-бірінен қашықта орналасуына, оқушы тарапынан эмоционалдық байланыстың болмауына жэне көптеген кедергілерге қарамастан білім алушыларға жалпыадамзаттық құндылықтардыі мэнін жеткізе білу, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидаларын ұстану, сенімді қарым-қатынас ахуалын құру, эмоционалдық серпіліс пен жағымды көңіл-күй орнату қажет. Қашықтан оқыту формасында шағын топтармен ынтымақтастық жүргізу қолайлы. Педагог 4-5 адамнан түратын шағын топтарды қүруы керек. Қашықтан жүргізілетін сабақтардағы негізгі іс-әрекет түрлерінің көзбе-көз орындалатын іс-әрекет түрлерінен айырмашылығы жоқ: S пікірталас, S талқылау, S эңгімелесу, S квесттер, •S рөлдік ойындар, S жобалық іс-эрекет жэне т.с.с. Интерактивті байланысты өзара эрекеттесудің басқа да формаларының көмегімен күшейтуге болады, мысалы, синхронды байланысу режиміндегі чат, онлайн форматында түрлі мазмұндағы жэне бағыттағы тесттер мен сұрақтамалар. Түлғаның қүндылық бағдары адамның материалдық жэне рухани қүндылықтарға деген таңдамалы қатынасы, оның өмірлік бағдарлары мен көзқарастарының жүйесі. Тиісінше, бақытты өмір туралы шынайы түсінік қалыптастыру мақсатында өскелең ұрпаққа қажетті білімдерді беретін мүғалімге көп нәрсе байланысты.

«Жалпыадамзаттық қундылықтар - бақытты өмір негізі» тақырыбындағы Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағаты педагогтардың білім алушы жастарды шынайы өмірге дайындауға, өмірдің мэні мен шынайы бақыт табу жолында дүрыс адамгершілік таңдау жасауына ықпал ететін рухани-адамгершілік білімге қосқан үлесі болатынына сенімдіміз. Әрбір сынып жетекшісіне өзін-өзі тану сағатын дайындау кезінде үсынылады: • жоспарланып отырған іс-іс-шараның мақсаты мен міндеттерін ұғыну; • өзін-өзі тану мұғалімдерімен бірге жұмыс істеу; • оқушылар мен олардың ата-аналарын көбірек қатыстыру.

Өзін-өзі тану сағатының мақсаты - «бақытты өмір» ұғымының мәнмағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету. Өзін-өзі тану сағатының міндеттері: • мұғалімнің ұсынған және оқушылардың өмірлік тэжірибесінен алынған материалдарды талдау негізінде «бақытты өмір» ұғымының мэні мен мазмұнын ашу; • шығармашылық жэне жобалық іс-әрекеттер барысында жеке өмірлік ұстанымдарды көрсете білу қабілетін дамыту; • адамдарға, табиғатқа қамқорлық жасау, әрекет ету кезінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу қажеттілігін тәрбиелеу.

Өзін-өзі тану сағатының уақыты: 40 минут.

Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 23 қарашада барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта. Өткізілген өзін-өзі тану сағаттары туралы ақпарат элеуметтік желілерге, білім беру ұйымының сайттарына жарияланады. Өзін-өзі тану сағаттарының әзірлемелерін мақала түрінде ресімдеп, www.ozin-ozi-tanu.kz порталына жэне «Өзін-өзі тану.кз» журналына жариялауға болады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер мен интернет-ресурстар тізімі 1. Өмір әдебі. С.А. Назарбаева. - Алматы, 2001. 2. Путь к себе. С.А. Назарбаева. 3. Өзін-өзі тану маржандары. С.А. Назарбаева. - Алматы, 2017 4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі. Мұғалімдерге арналған эдістемелік құрал./ - Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО, 2016.- 1036. 5. Жалпыадамзаттық құндылықтар (5-11 сынып). Мұғалімдерге арналған эдістемелік құрал. /ӘкімбаеваЖ.Ж., Хожамуратова С.Г./— Алматы, «Бөбек» ¥ҒПББСО, 2014.- 126 б. 6. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша бейіндік мектептегі элективті ықпалдасқан курстар. Өзін-өзі тану мүғалімдеріне арналған эдістемелік құрал. / ИзгуттыноваР.О., Абдрахманова А.М./ - Алматы, «Бөбек» ҮҒПББСО, 2014.-96 б. 7. Бірыңғай білім беру кеңістігінде «Өзін-өзі тану» руханиадамгершілік бағдарламасымен ықпалдасқан тәжірибелік мектептерде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру. Мұғалімдерге арналған эдістемелік құрал Мұғалімдерге арналған эдістемелік құрал. / ӘкімбаеваЖ.Ж., Ахметова А.И./ - Алматы, «Бөбек» ҮҒПББСО, 2014. - 135 б. 8. «Өмір әдебі» курсы (Адамгершілік эліппесі - 1-4 сын.; Адамгершілік грамматикасы - 5-9 сын.; Ар-ұждан ілімі - 10-11 сын.). Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. / Рысбаева А.К., Ходжамуратова С.Г., Габбасова Б./- Алматы, «Бөбек» ҮҒПББСО, 2014.- 160 б. 9. www.ozin-ozi-tanu.kz порталы 10. «Сара Алпысқызы» ютуб каналы

Просмотров: 426


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст