"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ғасырдың ғажап азаматы"

30.11.2020

                                       Ғасырдың ғажап азаматы.

Мақсаты: Оқушыларға Елбасының ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғырын

түсіндіру; Елбасының жүріп өткен өмір жолдарымен таныстыру, Қазақ халқының тұңғыш

президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет

еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер, Елбасы

туралы жазылған кітаптар.

Өту барысы: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.

Бүгінгі «Ғасырдыфң ғажап азаматы» атты танымдық-ақпараттық тәрбие сағатымызды

ашық деп жариялаймыз.

XXI ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз - өткенімізді білетін, бүгінгіні

түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

Ауыр күнді артымызға тастауы -

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады, бақытты өмір сүруді

қалады. Қазақ халқының бұл араманы 1991 жылы 16 желтоқсанда орындалды. Осы жылы

1 желтоқсанда ҚР-ның Презинденті болып Н.Назарбаев сайланды. Тәуелсіздік алу

Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның басшысы ешқашан

берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі - Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтің арқасы. Елбасы есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса

да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді.

Біздің Елбасымыз - дүниедегі ең керемет Елбасы. Олай ойлауымның себебі: Президент

ретінде Н.Ә.Назарбаев өзінің бар жән-тәнімен қазақ халқын тек алға бастады, елді бірлікке

шақырды.

Ендеше оқушыларымыздың Отанымызға арналған өлең шумақтары тыңдайық.

Барлық бала өз Отанын сүйеді

Отан оның қорғаушысы, тірегі.

Отан - ана, Отан - пана,

Қазақстан - туған ел.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап қорғайды.

Елі құрмет тұтқан, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жол

Туралы слайдқа назар аударайық.

Елбасының саяси өмірбаяны басталды.

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады.

1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы,

Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков

Әнұранның авторлары: 1) сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев

2) әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.

1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды.

1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.

Ауыр күнді артымызға тастауы -

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Қазақстан - бақытты ел. Президенті танымды, халқы қарымды досы көп ел екенін мақтан

тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осындай тұлға.

 

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст