"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Көктерек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Коктерек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ел тұғыры- Тәуелсіздік" ашық сабақ

14.12.2020

                                    «Ел тұғыры-Тәуелсіздік!»

Сабақтың эпигрофы:

«Өзіңдікі - Елің де,

Өзіңдікі - Жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ -

Тәуелсіздік - төріңде!

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді қаншалықтыбілетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаңойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету,сөйлеу тілін,ой жүйелеу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел тарихы

мен мәдениетін,салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби - музыкалық бағдарлама.

Сабақтың әдіс тәсілі:

Сұрақ – жауап әдісі, өлеңдер оқу, ән айту.

Көрнекілігі:слайдтар, сұрақтар,буклеттер, шар, нақыл сөздер

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
... Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп, 
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 
тарихи маңызын толық дәрежеде 
бағалап үлгерген жоқпыз. 
(“Ғасырлар тоғысында” кітабынан)

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Баяндама

Құрметті Ұстаздар , ата – аналар мен оқушылар!

Сіздерді сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өткен қасиетті де, қастерлі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

 1986 жыл 16 жетоқсан – бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.

Қайраттай қайратты жастың қанымен,

Ерболдай ердің ерлігімен,

Ләззаттай албырт арулардың үнімен,

Ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді!

(видеосюжет көрсетіледі)

Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.Рахмет!

 (1 минут үнсіздік)

Азаттықты , бостандықты аңсаған қазақ жастарын қазірде іні- қарындастары жоғары бағалап , ерліктерін санасына сақтап, жадына жаттап өсуде.

Хор: « Желтоқсан желі»

Өлеңі А.Асылбеков Әні Ә.Тінәлиев

Компьютермен презентация көрсету

1-жүргізуші :

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп , найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз!

Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады. Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған

« Ел тұғыры –Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Оқушы  сөзі:

Қазақстан!
Қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек,  жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,?
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Монтаж. Оқушылар.    (әріптермен)

Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті, әділетті.
У- уайымсыз уақытты
Е- егемендік елдікті
Л- дейді лағып лепірме
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиалылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа
І- ізеттілік
К- дейді күн боп көктегі.
Оқушылар бірге.Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

2-жүргізуші:.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 19 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Тәуелсіздіктің таңы атып, мәңгілікке нұрын шаша берсін! Еліміздің мәртебесі биік болсын!

- жүргізуші: Осыдан 24-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев,

Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Ендеше балалардың тәуелсіздікке арналған тақпақтарына кезек берейік.

1 оқушы: Алтынбек

Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім,жерім,Отаным–бақ-дәулетім, 
Болашағым,өнер-білім,өркенім.

 

2- оқушы  Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның 
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның! 
3- оқушы Жанымыз жомарт қазақпыз. 
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз. 
Қосайық басты, бауырлар, 
Жанайық жансақ маздап біз.
Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні. .
 

4 оқушы:

Бұл тарих шындықтарды електейді, 
Десең дағы керексіз, керек мейлі. 
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде 
Көз алдыңда сол күндер елестейді. 

5- оқушы

Мен де қазақпын жаралған сүйек еттен,

Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен .

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

6 оқушы:

Тәуелсіздік - бабалардың арманы

Даналардың жасампаздық жолдары

Қазақстан қасиетті мекен боп

Мәңгілікке бейбітшілік орнады

2- жүргізуші

Бар үмітін көкейінде сақтаған,

Елімменен қуанамын, мақтанам

Қиындықпен жеткен талай жеңіске,

Тәуелсіздік шежіресін ақтарам, - деп келесі кезекті Тәуелсіздік жылдар шежіресіне береміз.

1оқушы

1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанның Елбасшысын – Президентін сайлау болды.Оның қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды. Тұңғыш Президентті Тәуелсіз қазақстанның күрделі де түбегейлі істері күтіп тұрды.

2- оқушы

1991 жылы қазан айының бас кезінде Қазақстан Республикасында тағы да бір үлкен оқиға болды. Қазақ халқының батыр ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шегіп, жерге аман есен оралды.

3- оқушы 1991 жылы 10 желтоқсан - Советтік Социалистік Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы болып өзгерген күн.

4- оқушы

1991 жылы 16 желтоқсан - «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдаған күн

5-оқушы

1991 жылы 20 желтоқсан. Он бір Тәуелсіз мемлекеттердің басшылары ТМД құру туралы келісім шартқа қол қойды.

6 –оқушы

1992 жылы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған күн. Міне, осы бір қасиетті күннен бастап , біздің елімізді әлем тани бастады.

1- жүргізуші

Әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілері бар.

Сол сияқты «Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, шекарасы, теңгесімен, діні, тілімен басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел.»

1992 жыл 4 маусым - Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданған күн, келесі кезекті еліміздің ұлттық нышандары туралы тақпақтарға береміз.

  10- оқушы

1996 жылы 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданған күн.

11 – оқушы

1997 жылы 11 қазан - Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Елбасы «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында : « Елімізді2030 жылы айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», - деп  мол сенім білдірді. Бұл сенімді ақтау – олардың басты міндеті.

2-жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жас пен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжоловағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп,шөліркеп тамсанады, 
Өкінішпе,білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Сәбитова Жаннұрдың орындауындағы ән: «Атамекен»

Бақытбек Ұнар Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» өлеңі 
Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. 
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым өмірге, қайта келдім. 
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске 
Айта бергім келеді, айта бергім.

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен

Құрсағыма сыйдырдым даланы кең,

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда

Шарықтасам, қыран боп шыңға, шықтым
Ұлы аманат етейін еркіндікті, 
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте. 
Аңсаймын мен сенемін туады ертең. 
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті..

Көрініс:

1- жүргізушіЖелтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Қайратты тергеуге әкеледі.) 
 (Күй ойнайды)
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!...
Қайрат: Ұнар
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың, 
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім. 
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне 
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.
Тергеуші: Дильхан
Түкірдім мен жырларыңа 
Ит, не деген өткір едің, 
Ине сұқтым тырнағыңа, 
Өлердей ғып, тепкіледім. 
Алдап-арбау тәсілімен, 
Мойындата алмадым
Қайрат: Мойындата алмайсың.
Тергеуші:  Дильхан
Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп, 
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең 
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат:
Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан 
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші  

Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға 
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма? 
Бәрі бір іске аспады амалдарың 
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың 
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз. 
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар. 
Бозторғайдай жаным бар, 
Алам десең алыңдар 
Қайрат деген атым бар 
Қазақ деген затым бар 
Еркек тоқты құрбандық 
Атам десең атыңдар.

2 жүргізуші Ол жерде "Қайрат өзін-өзі өлтірді" деп ресми жорамал хабар таратады.
Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі.  Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.

Мереке:

Қазағыңды Қайрат деп, 
Тамсандырған қарағым! 
Мамық болсын қара жер, 
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем, 
Тәубе, тәубе, тәубе етем!

Мұғалім сөзі: Ендеше, балалар Тәуелсіз еліміздің тарихына шолу жасап, сұрақтарға жауап берейік:

 1.Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
3.Рәміздер күні қашан? ( 4 маусым)

 4.Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
7.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

5.Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
6. Еліміз Тәуелсіздік алғанға дейін қандай қиын кезеңдерден өтті? (  ұлт азаттық көтерілісі, 1931-33ж ашаршылық,1941-45ж ҰҰС,1986ж желтоқсан көтерілісі )

7.Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?

 

2 жүргізуші

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегіде үн қосты

Биші қыздар биімен де үнқосты «Қамажай» биі.

 Хор «Көк тудың желбірегені» әні(Барлық бала ортаға шығып, қолдарында шар мен жалауша ұстайды
Мұғалім сөзі:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған«Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

 

Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст